Arna Press,
08 сентября 2026
в 17:48
Абай облысында ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 35 жастағы әйел пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Әйел бұған дейін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Абай облысы бойынша ҚАЖ пробация қызметінің есебіне қойылған.
Arna Press,
08 сентября 2026
в 17:48
4-7 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналып, WT (World Taekwondo) нұсқасында бақ сынады. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған чемпионатта Абай облысының намысын қорғаған Ильяс Қайратов 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 15:28
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz халықаралық әуежайыға сілтеме жасап. Ал кәсіпорынның өткен жылдардан жинақталған жабылмаған шығыны 36 млрд теңгеге жетті.Осыған байланысты әуежайда қаржылық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 19:28
Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.Порталда Қазақстан Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба жарияланды.Құжатқа сәйкес, тарифтерді қайта қарауға 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифтерді түзету туралы өтініштері негіз болған.Министрлік бұл шешім елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Семей қаласында жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасапОсыған байланысты қаланың оң және сол жағалауындағы тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.Сынақтан сәтті өткен учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Абай облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2023–2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес өңірде 1 255 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 11:38
Абай облысының Мақаншы ауданында Жалаңашкөл теміржол вокзалы толық жаңартылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев қатысты.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Arna Press,
27 августа 2026
в 16:18
Семейдегі теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр.
Arna Press,
25 августа 2026
в 12:48
1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына төлқұжат рәсімдеудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Сыртқы істер министрлігі әзірлеген Эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.Жаңа талаптарға сәйкес, шетелде тұратын азаматтар, студенттер, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер, Қазақстаннан тыс жерде туған кәмелетке толмағандар және олардың отбасы мүшелері төлқұжатты шетелдегі Қазақстанның консулдық мекемелері арқылы рәсімдей алады.Сонымен қатар жаңа тәртіп егде жастағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақындарына күтім жасайтын тұлғаларға, сондай-ақ шетелде ұсталған, қамауда отырған немесе жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарына қатысты болады.Төлқұжат қанша уақытта дайындалады?Консулдықтың арнайы цифрлық жүйеге қолжетімділігі болған жағдайда, төлқұжат мемлекеттік қызмет аясында 40 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.Ал жүйеге қолжетімділік болмаған жағдайда құжатты дайындау мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.Құжаттардың толық пакеті тапсырылғаннан кейін консулдық азаматтың мәліметтерін тексеріп, электрондық өтінім қалыптастырады.
Arna Press,
25 августа 2026
в 12:48
Семей қаласында сауда нысандарын жаңғырту және олардың сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаладағы сауда нысандарын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды.
Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
Елорда тұрғыны 2023–2025 жылдары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған 6,2 мыңнан астам адамды тартқан, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Нәтижесінде оның заңсыз табысы 337 млн теңгені құраған. Сот оған мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.Бас прокуратура сот белгілеген жазаны тым жеңіл деп танып, кассациялық наразылық келтірді.Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Іс жаңа сот талқылауына жіберілді.Қаржы пирамидасына қатысу азаматтарды қомақты қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
Семейдегі «343 квартал» ОЖП жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты және жұмыс көлемінің ұлғаюына сәйкес 2026 жылдың 15 тамызынан 2026 жылдың 31 тамызына дейін келесі мекенжайлар бойынша ыстық сумен жабдықтау кестесі ұзартылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Силикатный кенті, 20; 21 үйлер;.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
Демалыс күндері Абай облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Бір түннің ішінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтап, жолын кесті. Олардың қатарында қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу фактілері бар.Сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқарған жүргізушілер анықталды.Рейд барысында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Arna Press,
07 августа 2026
в 13:58
Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай тұрғындары жаңадан жөнделген жолдың қайта қазылуына қарсы екеніндерін айтуда, деп хабарлайды Arnapress.kzӨткен жылы Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай аумағындағы бірқатар көшеге инертті материал төселіп, грейдерлеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Arna Press,
05 августа 2026
в 18:18
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайтын алғашқы ұлттық стандарт қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап. Комитет төрағасының 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген СТ РК 4031-2026 «Бейнебақылау жүйелері.
Arna Press,
03 августа 2026
в 17:18
Редакциямызға Қарағайлы шағынауданының тұрғынынан қоғамдық көлік қозғалысына қатысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Таңғы сағат 06:25 шамасында №4, №34, №36 және №41 бағытындағы автобустар мүлдем келмейді. Ал келген күннің өзінде олардың қозғалысы баяу болғандықтан, жолаушылар жұмысқа кешігу қаупіне тап боламыз.
Arna Press,
03 августа 2026
в 15:18
2026 жылғы 4 тамызда Семей қаласында Докучаев–Қашаубаев көшесіндегі жаңа су құбыры желісіне қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Семейвооканалға сілтеме жасап. Осыған байланысты таңғы сағат 09:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін бірқатар мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады.Атап айтқанда, Физкультурная көшесі, 9, Карменов көшесі, 3, Глинки көшесі, 18 және 18а, Докучаев көшесіндегі 7, 27, 45, 34Б, 35Б үйлері, Түрксіб көшесі, 30, сондай-ақ №10 және №22 жалпы орта білім беретін мектептер мен спорт мектебі ауызсудан уақытша ажыратылады.«Семей Водоканал» мекемесі тұрғындардан алдын ала қажетті су қорын жинап қоюды сұрайды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.Фото: ЖИ
Arna Press,
29 июля 2026
в 13:58
Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.
Arna Press,
16 июля 2026
в 21:58
Arnapress.kz тілшісі Бородулиха ауданындағы орман өрті болған аумаққа барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Өрт сөндірушілер мен арнайы қызмет мамандары қызыл жалынмен арпалысып, тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін салуда.
Arna Press,
10 июля 2026
в 13:58
Көкпекті ауданында коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасы жаңа техникамен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында бір арнайы қоқыс тасымалдау көлігі мен 50 заманауи еуроконтейнер берілді.Бұл қолдау Абай және Ұлытау облыстарын дамытуға бағытталған «Тұрақты даму: жаңадан құрылған облыстардағы өңірлік теңсіздіктерді еңсеру» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.Жоба барысында БҰҰДБ сарапшылары облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесіне талдау жүргізіп, өңірлердің қажеттіліктерін зерттеген.
Arna Press,
07 июля 2026
в 11:08
Семей қаласында Посмаков — Дулатов көшелерінің қиылысында магистральдық жылу желісінің тармағында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz «Теплокоммунэнерго» МКК сілтеме жасап.Жылумен жабдықтау кәсіпорнының мәліметінше, диаметрі 57 мм құбырда ақау анықталған. Осыған байланысты 6 шілде күні сағат 19:41-де желі уақытша жабылды.Салдарынан 11 250 абонент, яғни 166 көпқабатты тұрғын үй ыстық сусыз қалды.
Akorda.kz (KZ),
02 июля 2026
в 18:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
SportInfo,
25 июня 2026
в 14:56
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатын соңғы жылдардағы ең үздік нәтижелерінің бірімен аяқтап, бес сайыс түрінен екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирдің басты қорытындысы тек бес жүлдемен шектелмейді. Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет ерлер және әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте бірдей үшінші орынға ие болды.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Қазақстанда балалар лагерьлеріне қойылатын талап күшейтілді. Енді еліміздегі балалар сауықтыру орталықтары бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап алғаш рет балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесін енгізді.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантациясы көптеген науқас үшін өмірді жалғастырудың жалғыз мүмкіндігіне айналып отыр. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов елімізде донорлық пен ағза ауыстыру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Arna Press,
20 мая 2026
в 17:48
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Arna Press,
20 мая 2026
в 12:48
Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.
Arna Press,
19 мая 2026
в 16:48
Семей қаласында Қарағайлы ауданындағы көшеттерге қатысты мәселе тұрғындар арасында әлі де талқылануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Бұған дейін аулаға егілген көшеттер көктемей, қурап қалғаны жөнінде айтылған болатын. Қараша айында отырғызылған көшеттер пакетпен бірге егілген. Кейін жауапты мамандар келіп, сол пакеттерді алып тастап, көшеттерді қайта отырғызған.