Популярные темы

зерттеу: новости

Семейден жоғалған азаматтың сүйегі 9 жылдан соң табылды

Arna Press, 23 апреля 2026 в 13:08

Семейден жоғалған азаматтың сүйегі 9 жылдан соң табылды
2017 жылы Семей қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы ер адамның тұлғасы ДНҚ сараптамасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап. Аталған азаматтың сүйегі араға жылдар салып Қызылорда облысынан табылған. Жүргізілген молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесінде оның жеке басы расталып, оның дәл сол із-түзсіз жоғалған семейлік тұрғын екені белгілі болды.ІІМ мәліметінше, ведомствоның криминалистикалық зертханалары ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда тиімді нәтиже көрсетіп отыр.

Семейдегі көпір құрылысы тексерілді: тіреуіштерде кемшіліктер анықталған

Arna Press, 20 марта 2026 в 15:28

Семейдегі көпір құрылысы тексерілді: тіреуіштерде кемшіліктер анықталған
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.

Ұлыбританиядағы студенттік дзюдо жарысында қазақстандық жеңіске ие болды

Arna Press, 09 марта 2026 в 17:58

Ұлыбританиядағы студенттік дзюдо жарысында қазақстандық жеңіске ие болды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті.

Xiaomi компаниясы Xiaomi 17, Xiaomi 17 Ultra таныстырды: Leica-ның бірегей эстетикасымен жаңа деңгейдегі флагмандық мобильді түсірілім

EKaraganda.kz, 05 марта 2026 в 12:35

Xiaomi компаниясы Xiaomi 17, Xiaomi 17 Ultra таныстырды: Leica-ның бірегей эстетикасымен жаңа деңгейдегі флагмандық мобильді түсірілім
Таныстырылымның басты оқиғасы — Xiaomi мен Leica арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы хабарлама болды. Енді әріптестік бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар форматынан стратегиялық бірлесіп жасау моделіне өтті. Бұл өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде терең интеграцияны білдіреді.

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Arna Press, 17 февраля 2026 в 18:28

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР ТЖМ 1Сейсмологиялық зерттеу институты1 ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сілтеме жасапМамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл болған.

Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты

Arna Press, 28 января 2026 в 20:48

Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Kazakhstan: The Territory of Academic Knowledge» тақырыбында ағылшын тілінде дәріс өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Аталған дәріс Ұлыбританияның Лондон қаласында өтті. Іс-шараға шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Семей қаласының тумасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шетел тілі» кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Дәріс барысында қазіргі академиялық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қозғалды.

Аягөзде саперлер күдікті затты залалсыздандырды

Arna Press, 04 сентября 2025 в 13:28

Аягөзде саперлер күдікті затты залалсыздандырды
3 қыркүйек күні Абай облысының Аягөз қаласында полиция қызметкерлері күдікті зат табылғаннан кейін аумақты қоршап, тұрғын үйден адамдарды эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алдын ала деректер бойынша, 70 жастағы жергілікті тұрғын темір затты байқап, ол сыртқы пішіні бойынша снарядқа ұқсас болғандықтан, дереу «102» арнасына хабарласқан.«Оқиға орнына полиция қызметкерлері, ІІМ арнайы бөлімдерінің саперлері және ТЖД мамандары жедел жетті.

Италия журналында Абай Құнанбайұлына арналған мақала жарық көрді

Arna Press, 07 августа 2025 в 17:48

Италия журналында Абай Құнанбайұлына арналған мақала жарық көрді
Италияның Linea Tempo атты мәдени журналында Абай Құнанбайұлына арналған көлемді мақала жарық көрді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі 24.kz сілтеме жасап.Италиялық филолог Фьоренца Боскидің бұл еңбегі қазақ ақынының әлем әдебиетіндегі орыны мен еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесін тереңінен талдайтын зерттеу.«Өзге халықтың поэзиясына үңілу — өз жаныңда да жаңа көкжиектерге терезе ашу».

AlinEX: бір секундта 1 қап

Vera.kz, 27 июня 2025 в 18:29

AlinEX: бір секундта 1 қап
Alina Group құрамына кіретін AlinEX бренді кәсіпқой құрылыс-әрлеу материалдары нарығындағы көшбасшы орнын сақтап келеді. Компанияның жиынтық өндірістік қуаттары секунд сайын бір қап өнім шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын тегістегіштердің жылдық көлемі Хеопс пирамидасын 1 480 рет жабуға, ал құйма едендердің жылдық көлемі 560 футбол алаңын тегістеуге жетеді. Қазақстандықтардың 10 пәтерінің 7-де жөндеу AlinEX өнімдерімен жасалған.AlinEX ассортименті 30-дан астам өнім атауын қамтиды, олардың ішінде: кәсіби тегістегіштер, сылақтар, тақта желімдері, тегістеулер, гидрооқшаулағыш материалдар және сәндік шешімдер.

Есірткі — қоғам қасіреті

Магнолия, 29 мая 2025 в 15:28

Есірткі - қоғам қасіреті
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.

«Алқабилердің қатысуымен сот отырысын жүргізу ерекшеліктері»

Магнолия, 06 марта 2025 в 13:08

«Алқабилердің қатысуымен сот отырысын жүргізу ерекшеліктері»
Адам құқықтарын қорғау тетігі туралы сөз болғанда, біз көптеген институттардың ішінде алқабилер сотын ерекше атап өтеміз. Алқабилер сотының қылмыстық істі қарау мүмкіндігі тетігі заңда белгіленетін айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғаудың Конституциямен бекітілген іс жүргізу кепілдіктеріне жатады.

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

Arna Press, 19 февраля 2025 в 14:48

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады.Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған.

300-ге жуық адамнан тұратын Абай облысының делегациясы жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысады

Arna Press, 12 февраля 2025 в 11:48

300-ге жуық адамнан тұратын Абай облысының делегациясы жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысады
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді.

Семейде алғаш рет қуық асты безінің қатерлі ісігі обырын анықтауға арналған радиофармпрепарат өндірілді

Arna Press, 07 февраля 2025 в 21:08

Семейде алғаш рет қуық асты безінің қатерлі ісігі обырын анықтауға арналған радиофармпрепарат өндірілді
Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығы фтор-18 изотопына негізделген жаңа 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратын шығарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі медициналық орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.18F-PSMA-1007 — радиофармпрепараты сырқаттың денесіне енгізілгеннен кейін простата тіндерінде жиналады.

Абай облысынан күзгі мерзімді әскери қызметке 700-ге жуық азамат шақырылған

Arna Press, 05 января 2025 в 13:48

Абай облысынан күзгі мерзімді әскери қызметке 700-ге жуық азамат шақырылған
Әскери борышын өтеу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті әрі ел тыныштығы мен болашағын қорғаудағы маңызды қадам. Әскер қатарына қосылу – бұл тек қызмет емес, патриоттық сезімді көрсетіп, ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінудің жарқын үлгісі. Осы бағытта еліміздегі жинақтау пункттері маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Күзгі әскерге шақыру: Абай облысындағы жинақтау пункті.

Абай облысының 8 жасар оқушысы бақбақ гүлінен табиғи өнімдер әзірледі

Arna Press, 16 октября 2024 в 15:18

Абай облысының 8 жасар оқушысы  бақбақ  гүлінен табиғи өнімдер әзірледі
Үржар ауданы, Қарақол ауылының 3-сынып оқушысы Айша Дәлелхан бақбақ гүлінен түрлі өнімдер жасауда. Ол жетекшісімен бірге халық медицинасында қолданылатын бақбақтың емдік қасиеттерін терең зерттеп, оны тағам ретінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жоба барысында Айша бақбақтың ерекшеліктері мен пайдасын ашып, жапырақтарынан пайдалы салат жасап, гүлдерінен табиғи бал және тәтті тосап әзірлеуді үйренді.

Қостанай облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен бес бала көз жұмды

Arna Press, 11 октября 2024 в 13:58

Қостанай облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен бес бала көз жұмды
Жітіқарада 11 қазан күні таңертең өрт шығып, бес баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТөтенше жағдайлар қызметі мен облыс басшылығының мәліметінше, сағат 04:29-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, оның салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып кеткен.«7 минуттың ішінде құтқарушылар оқиға орнына жетті, үй толығымен өртке оранды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және үйінділерді тазалауға кірісті.

Абай облысының оқушылары халықаралық инженерлік сайысқа қатысады

Arna Press, 26 июня 2024 в 16:08

Абай облысының оқушылары халықаралық инженерлік сайысқа қатысады
Астана қаласында халықаралық «World Space Olympiad» ракета құрастыру бойынша сайыс өтеді, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармансының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инженерлік сайыстың мақсаты — оқушылардың инженерлік интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандықтарға баулу.Сайыс екі категория бойынша өткізіледі: CanSat, Inventors.

Абай облысында «жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагерінің жұмысы жалғасуда

Arna Press, 06 июня 2024 в 17:38

Абай облысында «жас  геолог»  кәсіптік бағдар беру лагерінің жұмысы жалғасуда
Абай облысының геологиялық барлау колледжі базасында «Жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагері жұмыс істейді. Оның мақсаты — геология ғылымдарына баса назар аудара отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарды геология саласына тарту және танымдық қызығушылықты дамыту, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның ерекшелігі — ғылыми зерттеулер мен туристік маршруттар арқылы жердің құрылымын зерттеу.

Абай облысы колледждері базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру лагерьлері ұйымдастырылады

Arna Press, 20 мая 2024 в 13:38

Абай облысы колледждері базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру лагерьлері ұйымдастырылады
Абай облысында осы жазда 4 колледж базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдарлау лагерлерін ашу жоспарлануда. Бұл лагерьлер балаларға демалуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі салаларда өздерінің кәсіби дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға бірегей мүмкіндіктер береді. Кәсіптік бағдарлау лагерьлерінде 400-ге жуық баланы тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ЭКОorman» лагері Бесқарағай колледжінде ұйымдастырылады.

Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған

Arna Press, 17 мая 2024 в 19:28

Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған
Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған. Қазақстанда жалпы 218 мыңға жуық науқас диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп, дейді мамандар. Бір жыл ішінде осы дерттен 13 мыңға жуық адам көз жұмған.Дәрігерлер дер кезінде қаралу арқылы дерттің қаупін азайтуға болатынын айтады.

Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр

Arna Press, 14 мая 2024 в 14:48

Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр
Абай облысы Қарауыл ауылындағы мектепте оқушылар тез тамырландыру жолы арқылы тропикалық өсімдіктер өсіруде. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушылары Баян Қабдиева мен Дана Дәулетқызы зерттеу жұмыстары барысында өсімдіктерді, оның ішінде фикусты оңай көбейту жолдарын анықтады.

Абай облысындағы 4 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген

Arna Press, 26 апреля 2024 в 13:48

Абай облысындағы 4 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 2023 – 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласында 6 жоба іске асады деп жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Жоба аясында Семей қаласында 400 орындық Облыстық көпбейінді аурухана, 200 орындық көпбейінді балалар ауруханасы, Облыстық қан орталығы, қаланың оң және сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу жоспарланған.

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Arna Press, 13 февраля 2024 в 10:18

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты
Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді.Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады.

ҰҚК асқазанында есірткі тасымалдаған курьерлерді ұстады

Arna Press, 08 февраля 2024 в 13:08

ҰҚК асқазанында есірткі тасымалдаған курьерлерді ұстады
ҰҚК «жұтқыш» есірткі курьерлерін ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.

Сарапшы: Қазақстандағы әрбір алтыншы бала зорлық-зомбылықтың куәгері

Arna Press, 25 января 2024 в 16:38

Сарапшы: Қазақстандағы әрбір алтыншы бала зорлық-зомбылықтың куәгері
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы жылдан жылға өзекті болып келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зульфия Байсақованың айтуынша, Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялағанымен, сол арқылы отбасының барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі міндеттемелерді мойнына алғанымен, елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл мәселе толығымен шешілмей отыр, себебі заң және профилактикалық жұмыстар әлі де өз деңгейінде емес.«Қазақстандағы әрбір үшінші отбасы дерлік зорлық-зомбылықтың бір түріне ұшырайды – физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық.

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Arna Press, 10 января 2024 в 14:18

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?
Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Arna Press, 03 января 2024 в 13:28

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Показано 30 новостей из 44