Arna Press,
13 января 2025
в 13:28
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Arna Press,
12 декабря 2024
в 12:18
ҚР Президенті әкімшілігінің және Ақсуат аудандық мәслихатының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
01 ноября 2024
в 12:58
Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға бағытталған 2 005 000 теңге көлемінде гранттық қолдауының арқасында іске асырылды.
Arna Press,
14 августа 2024
в 13:08
Биыл Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қандай мөлшерде болатыны беогілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2024
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
06 марта 2024
в 16:08
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Бұл ретте, Астана әкімдігі мәліметінше, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астанадағы көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, оның ішінде аз қамтылған аналар кірген 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
12 января 2024
в 17:08
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізді.Оның барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Имплоймент Пэмит Систем, яғни жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселесі талқыланған.Бұл еліміздің азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғауға мүмкіндік береді, деп жазады qazaqstan.tv.Сонымен бірге осы жүйе аясында Қазақстанда Кореяның дайындық орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы да айтылды.Сурет: pixabay
Arna Press,
10 января 2024
в 11:18
Полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алаяқтық үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату сылтауымен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді.
Arna Press,
03 января 2024
в 12:28
Тартылған инвестиция көлемі 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылған жағдайда 58 млрд теңгеден астам. Алдағы 5 жылда Курорттың кеңеюіне байланысты Алматы облысының тұрғындарын жұмыспен қамту басымдылығымен қосымша 550-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жылына қосымша 1,6 миллиард теңгеден асады.Меморандумның тақырыбы серіктестік орнату және «Ақтас үстіртіндегі Oi-Qaragai тау Курортын кеңейту» жобасын іске асыру үшін қажетті іс-шараларды анықтау болып табылады.
Arna Press,
12 декабря 2023
в 12:38
Биыл 186 мың адамға жұмыссыздық бойынша төлем алғаш рет тағайындалған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, биыл 186 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.«Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті», – делінген 12 желтоқсан күні жарияланған хабарламада.Ал осыдан бір ай бұрын биылғы жылдың басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адам болды.
EKaraganda.kz,
19 октября 2023
в 12:35
В честь Дня Республики с 19 октября в Историко-краеведческом музее пройдет музейный квест «Содружество республик» для студентов города, в этот же день в городском парке культуры и отдыха пройдет молодежный патриотический квест, а также во Дворце спорта поселка Актау пройдет чемпионат города по Асық ату и бес асық, 20 октября во Дворце культуры Темиртау пройдет мүшайра «Жырлаймын сені Қазақстан», 21 октября в городе пройдет экологическая акция «Жаңа Қазақстан.Таза табиғат» в рамках которого на спортивных площадках перед стадионом «Металлург» будет установлен контейнер для раздельного сбора мусора, также будут организованы мероприятия по очистке парков и скверов.
Arna Press,
17 октября 2023
в 18:38
Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүйелі жүргізіледі.Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады.
Arna Press,
22 сентября 2023
в 11:08
Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында («Ертіс жастары») және Ақсу моноқаласында іске қосылады. Өңірлер несие беретін «Отбасы банкпен» келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.Қатысушыларға қойылатын талаптарҚарыз алушының жасы (қоса алғанда) 35 жасқа дейін.
Arna Press,
28 июля 2023
в 13:58
Жұмыссыздықты азайту үшін облыс әкімдігі тұрақты жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылы облыс көлемінде 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл бірінші тоқсаннның қорытындысына сәйкес Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.