Популярные темы

Алматы облысының әкімдігі туризмді дамытуға ірі инвестициялар тартты

Дата: 03 января 2024 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы облысының әкімдігі туризмді дамытуға ірі инвестициялар тартты
Стоковые изображения от Depositphotos

Тартылған инвестиция көлемі 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылған жағдайда 58 млрд теңгеден астам. Алдағы 5 жылда Курорттың кеңеюіне байланысты Алматы облысының тұрғындарын жұмыспен қамту басымдылығымен қосымша 550-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жылына қосымша 1,6 миллиард теңгеден асады.

Меморандумның тақырыбы серіктестік орнату және «Ақтас үстіртіндегі Oi-Qaragai тау Курортын кеңейту» жобасын іске асыру үшін қажетті іс-шараларды анықтау болып табылады. Кезеңді дамыту аясында гондолды және кресло типті аспалы жолдарды салу, шаңғы трассаларының ұзындығын 55 шақырымға дейін кеңейту, шаңғы трассаларын, парапландар мен глэмпинг алаңдарын, инфрақұрылымдық ғимараттарды, мейрамханаларды, көлдерді және этноқалашықты әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар үшін жабдықтау жоспарлануда..

Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан Меморандумда 3 негізгі бағытта жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін белгіледі:

Инженерлік инфрақұрылым:

Көлік инфрақұрылымы:

Әкімшілік қолдау:

Аймақтық көмек:

Сондай-ақ қол қойылған Меморандум Тараптардың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісім-шарт жасасуды жоспарлау ниетін растайды.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями