SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
Arna Press,
20 мая 2026
в 12:48
Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 09:56
Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 11:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын атап өтті.«Соған қарамастан кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады.
Arna Press,
30 марта 2026
в 22:28
Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары тағы да қоқыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін де аталған аудандағы 74-үй ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің дәл аула ортасына қойылуы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызып отырғаны жазылған болатын. Тұрғындар қала әкімі Әділет Қожанбаевпен кездесу барысында да осы мәселе көтерілгенін де жазған едік. Әкім қоқыс контейнерлерін әр үйдің артына көшіру ұсынғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты шаралар қабылданбаған.Күннің жылынуына байланысты жағдай тіпті ушығып отыр.
Arna Press,
27 марта 2026
в 19:38
2026 жылғы 27 наурызда Семей қаласындағы Абай театры сахнасында Халықаралық театр күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzАйтулы күн аясында Абай облысы әкімдігі қолдауымен театр өнерін дамытуға бағытталған жоғары Көркемдік кеңестің құрылғаны жария етілді.
Arna Press,
18 марта 2026
в 19:08
Назарларыңызға ARNAPRESS ПОДКАСТ жобасының бірінші маусымындағы он үшінші шығарылымды ұсынамыз.Жобаның ұраны: «ARNAPRESS ПОДКАСТ: бүкпесіз әңгіме!«Жүргізуші: Гүлнұр АхметжанСтудия қонағы: «Қаладан ауылға» жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Қанат ТұрарБүгінгі тақырып: «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының міндеттері мен талаптары қандай?
Arna Press,
18 марта 2026
в 14:08
Қазақтың бай мұрасы мен ұлттық болмысын бүгінгі күнге жеткізіп жүрген шеберлердің бірі — қолөнер шебері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бұлбұл Кәпқызы. Оның әрбір туындысы — тарихтың ізі, ұлттың үні, дәстүрдің жалғасы. Arnapress.kz тілшісі Бұлбұл Кәпқызымен сұхбаттасып, ұлттық өнердің құндылығымен таныстыАстаналық шебердің айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталған. Әжесінің қасында жүріп, киіз үйге қажетті бұйымдарды жасаудың қыр-сырын меңгерген ол, бау тоқудан бастап, сырмақ пен түскиіз тігуге дейінгі барлық процесті көзбен көріп, қолмен ұстап өскен.«Өнерге бала кезден құштар болдым. Қырлы сырмақтың үстінде өсіп, киіз үйдің барлық керек-жарақтарын әжемнің қасында отырып үйрендім. Әжеме көмектесіп, бау, ши тоқып, өрмек тоқып, сырмақ, түскиіз тіккендерін көріп, бойыма сіңірдім.
EKaraganda.kz,
05 марта 2026
в 12:35
Таныстырылымның басты оқиғасы — Xiaomi мен Leica арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы хабарлама болды. Енді әріптестік бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар форматынан стратегиялық бірлесіп жасау моделіне өтті. Бұл өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде терең интеграцияны білдіреді.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 17:08
Керекулік 9 тіл меңгерген, полиглот Айханым Окасова 17 жасында өз еңбегі арқылы бастапқы жарна жинап, Астана төрінен пәтер алғанын Arnapress.kz тілшісіне айтып берді. Айханым өз қуанышымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.«Мен қарапайым отбасында өстім. Бүгінгі жетістіктерімнің артында үлкен еңбек пен отбасымның, әсіресе анамның қолдауы тұр.
Arna Press,
27 января 2026
в 13:38
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан балаларды зиянды контенттен қорғау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қабылданған заңдар аясында балалардың жеке деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілген.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
Arna Press,
24 января 2026
в 14:28
КММ «Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 2025 жылдың сәуір айында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қаулысымен құрылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың дене шынықтыруын дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылар даярлау.«Қазіргі таңда мектепте 7 спорт бөлімі жұмыс істейді: ескек есу слаломы, су добы (водное поло), жүзу, футбол, баскетбол, волейбол және футзал.
SportInfo,
28 октября 2025
в 15:06
Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi Ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи шара болды.
Arna Press,
08 сентября 2025
в 11:48
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Жеңіс саябағында «Күз-2025» әскерге шақыру науқаны ресми түрде басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департамент баспасөзінің қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Мейірлан Ақылбекұлы Раханов, Абай облысы қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Анвар Бахтиярович Рахматуллаев, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Айдын Амангельдыевич Чуримбаев, «Застава тарландары» республикалық ардагерлер бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, запастағы подполковник Анарбек Еркінұлы Еркешов, «Аналар жүрегі» сарбаз аналар комитетінің Абай облыстық филиалының жетекшісі Айнур Баяхметовна Татерова, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары қатысты.Алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов айтты.
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
Семейде Гарнизондық офицерлер үйінде шекарашылар күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мерекелік шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің жеке құрамы, ардагерлер, офицерлер мен әскери қызметшілердің отбасылары қатысты.
Arna Press,
13 августа 2025
в 16:58
Семейде Абайдың 180 жылдығының мерейтойы аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді.
Магнолия,
30 мая 2025
в 18:08
Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол заманында қаншама жанның өмірін қиды, қаншама жан мүгедек халге түсті. Тіпті, аман-есен оралып келгендердің ойларында от оранған күндердің елесі қалды. Сол соғыстың ізі бұл өмірден өткенше жоғалмаған. Жыл сайын «Жеңіс күніне» арналған парадқа барар кезде сұмдық күндерді, сол күндерде қасында болған жолдастарын еске алып, әр жылғы Жеңіс күнін жеңіске жаңа қол жеткізгендей ерекше сезіммен қарсы алатын ардагер қарияларымыз да азайып бара жатыр.
Магнолия,
29 мая 2025
в 15:28
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.
Магнолия,
26 мая 2025
в 20:48
Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында 1995 жылдың 30 тамызы – тарихи мәні зор белес. Осыдан 30 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум нәтижесінде еліміздің қазіргі қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси, құқықтық және қоғамдық негіздерін айқындаған, болашағы үшін берік бағдар сызған маңызды құжат болды.
Магнолия,
19 мая 2025
в 20:08
Қазақ халқының мәңгілік пір тұтатын адамы, ағартушы ұлы ақыны – Абай. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы беделді би, ірі қайраткер, анасы Ұлжан сабырлы, парасатты, сөзге шешен адам болған. Әжесі Зере Абайға терең тәрбие беріп, көптеген халық аңыздарын үйреткен.
Arna Press,
12 мая 2025
в 20:08
Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Юность» шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 17:08
Бүгін Абай облысында жол құрылысы маусымы ресми түрде ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықаралық маңызға ие «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының бойында өткен шараға облыс әкімі Берік Уәли, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.
Магнолия,
09 апреля 2025
в 12:58
Киберқауіпсіздік не үшін қажет? Киберқауіпсіздік жеке деректер, қаржылық ақпарат және коммерциялық құпиялар сияқты құпия ақпаратты қорғау үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ деректерді ұрлауға немесе бүлінуге әкелуі мүмкін жүйелер мен желілерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қорғау әдістерін қолдану қажет.
Магнолия,
27 марта 2025
в 14:58
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Arna Press,
05 марта 2025
в 18:58
Мәжіліс депутаттары 2025 жылғы 5 наурызда Астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта Қазақстанның мегаполистеріндегі көші-қон процестерін реттейтін нормалар енгізіледіҰлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, заң жобасы жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон, жарнама және экология салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталған.Осылайша, құжат бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыруды көздейді, ал қазіргі уақытта қалалардың сәулеттік келбеті тек сыртқы (көрнекі) жарнаманы ғана емес, сонымен қатар маңдайшалар мен белгілерді орналастыру есебінен де айтарлықтай нашарлайды.«Жолдар мен көшелерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қалалардың эстетикалық және сәулеттік келбетіне теріс әсер етеді.
Arna Press,
14 февраля 2025
в 19:38
Ядролық медицина және онкология орталығында заманауи қондырғылар іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығында SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы мен TrueBeam сәулелік терапия жүйесі іске қосылды.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
28 января 2025
в 00:08
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева К.Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.