Популярные темы

Семейде театр күніне орай Көркемдік кеңес құрылды

Дата: сегодня в 19:38 Категория: Новости культуры


Семейде театр күніне орай Көркемдік кеңес құрылды

2026 жылғы 27 наурызда Семей қаласындағы Абай театры сахнасында Халықаралық театр күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz

Айтулы күн аясында Абай облысы әкімдігі қолдауымен театр өнерін дамытуға бағытталған жоғары Көркемдік кеңестің құрылғаны жария етілді. Бұл бастама өңірдегі мәдениет саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда. Кеңес құрамына елімізге белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері енген.

Кездесу барысында театр саласының бүгінгі жай-күйі, шығармашылықтағы жаңашыл бағыттар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Жиынға арнайы келген сахна саңлақтары – Тұңғышбай Жаманқұлов, Дариға Тұранқұлова, Бекжан Тұрыс, Гүлмира Жакилина және Әсет Иманғалиев өз ой-пікірлерін ортаға салып, театр өнерінің дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, мұндай кеңестің құрылуы – өңірдегі театр саласының сапасын арттырып, жаңа шығармашылық серпін беруге мүмкіндік жасайды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями