Магнолия,
30 мая 2025
в 18:08
Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол заманында қаншама жанның өмірін қиды, қаншама жан мүгедек халге түсті. Тіпті, аман-есен оралып келгендердің ойларында от оранған күндердің елесі қалды. Сол соғыстың ізі бұл өмірден өткенше жоғалмаған. Жыл сайын «Жеңіс күніне» арналған парадқа барар кезде сұмдық күндерді, сол күндерде қасында болған жолдастарын еске алып, әр жылғы Жеңіс күнін жеңіске жаңа қол жеткізгендей ерекше сезіммен қарсы алатын ардагер қарияларымыз да азайып бара жатыр.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
Конституция, Ата Заң – Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұратын Конституция еліміз егемендік алғаннан бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
«Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Ақын-публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың бұл сөзі әрбір қазақтың тілге деген жанашырлығы мен құрметін оятуы керек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың қүқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығаюына бағытталған біршама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
Қазақстандық мамандардың жүргізген статистикалық талдауына сүйенсек, елдегі әйелдердің 70 пайызға жуығы өмірінде бір рет болса да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ал, олардың тек 10 пайызы ғана дағдарыс орталықтарының көмегіне жүгінеді екен. Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты барлық дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға қосылғанымен БҰҰ Қорының деректері бойынша Қазақстанда өз отбасында зорлық-зомбылық көріп, қаза болатын әйелдердің саны 1 жылда 500-ге дейін жетеді екен.
Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Магнолия,
31 марта 2025
в 20:48
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:48
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып мағынасы жағынан мемлекет организмін, «қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғна ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында сыбайлас жемқорлық — бұл «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:48
Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңейюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды.
Магнолия,
29 января 2025
в 12:48
Халықтың ең үлкен құндылығы – оның тілі, ол сол тілде жазады, сөйлейді, ойлайды. Тіл – ұлттық мұраны сақтайтын асыл қазына. Ана сүтімен бойға сіңіріп, өмір бойы өзімізбен бірге алып жүретін, өзгелермен араласып, ағайын-туыстарға жақсы хабар айтып немесе жай ғана бір-бірімізге жылы лебізін білдіретін — осы ана тілі.
Магнолия,
29 января 2025
в 12:38
2024 жылғы статистика бойынша сотымызда 12836 кіріс кұжаты тіркелсе, олардың 11329-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, пайыздық көрсеткіш — 88,26%. Ал шығыс құжаттар айналымында 15773 кұжаттың 15703-і мемлекеттік тілде дайындалып, пайыздық деңгей 99,56%-ды құраған. Соттың өзінің ішкі құжаттар айналымында 418 құжаттың 407-сі мемлекеттік тілде ресімделіп, 94,66%-ды құрап отыр.
Магнолия,
31 декабря 2024
в 16:18
Тараз қаласы №2 соты 2024 жылы өзінің жұмыс жоспары және облыстық соттың тапсырылған жоспарлары бойынша біршама іс-шаралар атқарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін облыстық және республикалық басылым беттерінде 4 мақала жарық көрді, ұжымдық масштабта судьялар тарапынан 3 семинар-сабақ өтті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, ішкі істер органдары, сот орындаушылары, түзеу мекемелері мен адвокаттар арасында 2 мәрте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге мекемелер мен соттар арасында кіріс-шығыс құжаттарын, ішкі құ¬жат айналымын мемлекеттік тілге кө¬ші¬ру жұмысы қолға алынды.
Магнолия,
24 декабря 2024
в 15:18
Тараз қаласы №2 соты 2024 жылы өзінің жұмыс жоспары және облыстық соттың тапсырылған жоспарлары бойынша біршама іс-шаралар атқарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін облыстық және республикалық басылым беттерінде 4 мақала жарық көрді, ұжымдық масштабта судьялар тарапынан 3 семинар-сабақ өтті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, ішкі істер органдары, сот орындаушылары, түзеу мекемелері мен адвокаттар арасында 2 мәрте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге мекемелер мен соттар арасында кіріс-шығыс құжаттарын, ішкі құ¬жат айналымын мемлекеттік тілге кө¬ші¬ру жұмысы қолға алынды.
Магнолия,
24 декабря 2024
в 12:58
Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болғандықтан, Қазақстанның барша ұстаздары үшін көптен күткен сәт те келіп жетті. Барлық қатысушылардың ішінде облыстан бес мұғалім жүлделі орындармен (1 -1 орын, 1-2 орын, 3-3 орын) марапатталды. Конкурс жеңімпаздары:. 1. «Медиа-ақпараттық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-сарапшысы, информатика пәнінің мұғалімі Абдуллаева Шолпан Заевна 3 орын;.
Магнолия,
16 декабря 2024
в 17:28
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.
Магнолия,
29 ноября 2024
в 17:48
Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ қабылдаған шешімдеріне келтірілген шағымдарды соттардың қарауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2 тармағында, 76-бабының 1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында бекітілген әркімнің сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан соттар сот төрелігіне қол жеткізуді, сотқа шағыммен жүгіну негіздерін көздейтін және оларды қарау тәртібін реттейтін заң нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:38
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (ҚК, 106-бап) 1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;. 2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;.
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:38
Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:28
Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-тің 446-бабының 3-бөлігінің тәртібімен енгізілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) наразылығы, облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот судьялары) қаулысымен кассациялық сатыға берілген ҚПК-тің 486-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша ғана жүргізеді. ҚПК-тің 485-бабының 1, 2 — бөліктерінде көзделген зардаптарға әкеп соққан қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдарды дұрыс қолданбау жағдайлары ғана заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Мемлекеттік тіл — көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент), Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Жолдауында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта іске қосуды қамтамасыз ету көзделген.
Магнолия,
05 сентября 2024
в 00:28
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.
Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
2024 жылдың 16 маусымынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгені бәрімізге мәлім. Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған.
Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
СОТ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАҚ ЕМЕС. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімін республикамыздың барлық соттарына орындау міндеттелген және бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қатаң бақылауында. Осындай бағыт-бағдарламалар негізінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы талаптың нақты орындалуы Тараз қаласы №2 сотында күн тәртібінен түспейтін басты мәселе, шешімін табуда кезек күттірмейтін өзекті тапсырма.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік тілдің заңдық тұғыры, оның рөлі мен бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары баршаға белгілі. Дегенмен, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданылу аясын кеңейту мәселесінде әлі де шешімін таба алмай жатқан проблемалар жетерлік. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық соттарына орындауды міндеттеп отыр.
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.
Магнолия,
31 мая 2024
в 19:08
Бүгін Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев соттың баспасөз мәжілісі залында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Р.Жайлыбаевты қабылдап, бизнес кауымдастығы өкілдеріне катысты қылмыстық істерді сотта қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылап, оларды шешудің онтайлы жолдарын қарастырып, тиімді жұмыс жасау тетіктерін қолға алу жөнінде ақылдасты.
Магнолия,
30 мая 2024
в 23:08
Бүгін, Тараз қаласы №2 сотының мәжіліс залында мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған дөңгелек үстел өтті. Іс шара барысында мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға назар аудару, казақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік — коммуникативтік міндеттерін кеңейту, азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін калыптастыру мәселелері қозғалды.
Магнолия,
29 мая 2024
в 16:58
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс.