Популярные темы

Республика күні.

Дата: сегодня в 18:38


Республика күні.
Стоковые изображения от Depositphotos Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.
1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25 қазан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі — Республика күні, деп жарияланды.
2009 жылдың 22 сәуірінен бастап Республика күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аталып өтпейтін болды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды.
Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также