Популярные темы

Танысу: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Алишер Сүлейменов Бразилияда халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

SportInfo, 08 июля 2026 в 13:17

Алишер Сүлейменов Бразилияда халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық гроссмейстер Алишер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында 28 маусым мен 5 шілде аралығында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Оңтүстік Американың жетекші шахматшылары қатысқан 150 спортшы жиналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үржарда шекарашыға жасалған шабуыл: сот үкімі өзгеріссіз қалды

Arna Press, 24 апреля 2026 в 14:08

Үржарда шекарашыға жасалған шабуыл: сот үкімі өзгеріссіз қалды
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарап, үкімнің заңдылығын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданында шекара қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту жасаған.Сол түні жүргізуші мен оның танысы алкогольдік масаң күйде қызметкердің үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан.

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.

Абай облысында онлайн-несие алаяқтық фактісі анықталды

Arna Press, 16 марта 2026 в 16:18

Абай облысында онлайн-несие алаяқтық фактісі анықталды
Абай облысында жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сенім артқаннан кейін күтпеген жерден 499 850 теңге көлемінде қарызға ұшырады.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефоны арқылы оның атына онлайн-несие рәсімдеген.Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейін білді.

Семейде қаржы пирамидасына алданғандар артуда

Arna Press, 09 марта 2026 в 15:08

Семейде қаржы пирамидасына алданғандар артуда
Семейде қаржы пирамидасына сеніп, ақшасынан айырылғандардың саны 140-тан асты. Жәбірленушілер арасында көпбалалы отбасылар да бар. Кейбір тұрғындар алаяқтарға ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге берген, деп хабарлайды Arnapress.kz. Жетінші арнаға сілтеме жасапҚазіргі мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 1 миллиард теңгеден асқан.

Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады

Arna Press, 24 февраля 2026 в 14:28

Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасы чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа уәде еткен Audi Q8 автокөлігін табыстады деп хабарлайды Аrnapress.kz кәсіпкердің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, Олимпиада чемпионының тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.«Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым.

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

SportInfo, 07 февраля 2026 в 10:26

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионы ашылу салтанатының басты алаңына айналды. Сондай-ақ рәсім Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы алаңдарды да қамтыды.

Семейде алаяқ қала тұрғынының 4,5 миллион теңгесін иемденіп алған

Arna Press, 18 августа 2025 в 20:28

Семейде алаяқ қала тұрғынының 4,5 миллион теңгесін иемденіп алған
Семейде алаяқтар 36 жасар қала тұрғынын 4,5 миллион теңгеге алдап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында танысы пәтерді арзан бағамен алып беремін деп сеніміне кіріп, алдау жолымен 4,5 миллион теңгесін иемденген.«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Есірткі — қоғам қасіреті

Магнолия, 29 мая 2025 в 15:28

Есірткі - қоғам қасіреті
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.

ШҚО тұрғыны «емге көмектесу» сылтауымен 7 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды

Arna Press, 21 мая 2025 в 14:08

ШҚО тұрғыны
Өскемен қаласының полициясына қала тұрғынынан оның алданып қалғаны жөнінде арызы түскен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында танысы анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен.

ТІЛ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛУЫ ТИІС

Магнолия, 30 апреля 2025 в 18:18

ТІЛ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛУЫ ТИІС
«Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Ақын-публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың бұл сөзі әрбір қазақтың тілге деген жанашырлығы мен құрметін оятуы керек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың қүқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығаюына бағытталған біршама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі.

Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе? ДДСҰ басшысының жауабы

Arna Press, 13 января 2025 в 19:48

Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе? ДДСҰ басшысының жауабы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ДДСҰ басшысының сөзін Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто жеткізді.

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды

Arna Press, 12 декабря 2024 в 16:18

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды
Шетелде білім алу немесе жұмыс істеу ниеті алаяқтық әрекетке себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, осы жылдың көктемінде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді.Аз таныс ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң, байланысқа шықпай қойған.«Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Тіл — ел байлығы.

Магнолия, 19 июня 2024 в 13:28

Тіл - ел байлығы.
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

Arna Press, 18 июня 2024 в 16:28

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Қырғызстанға сапары туралы айтты.«Мен оның Ыстықкөлге барғанын білемін және оның тікелей командасымен жеке таныспын.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Бесқарағайда жұмыс сапарымен болды

Arna Press, 28 мая 2024 в 18:28

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Бесқарағайда жұмыс сапарымен болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ЕрТай Қуанбаев Бесқарағай ауданына келіп, ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көктемгі егіс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының өңірлік ккоммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.,.

«Сот кабинеті және оның артықшылықтары»

Магнолия, 22 мая 2024 в 18:38

«Сот кабинеті және оның артықшылықтары»
Сот кабинеті қосымшасы сот процесінің қатысушыларының өмірін жеңілдетті. Қазіргі таңда адам өмірін жаңа технологиялар, интернет, әлеуметтік желілерінсіз елестету қиын. Цифрлық құжаттарды, жаңа банк картасын алу тәсілі онлайн қол жетімді болғандай, сотқа да талап арыз тапсыру рәсімі жеңілдетілді. Бұған бірден-бір дәлел «сот кабинеті» қосымшасы.

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

«Тапаншамен қорқытқан»: алматылық азамат танысынан ақша бопсалаған

Arna Press, 05 декабря 2023 в 12:18

Оңтүстік астанада 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан,«Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан.

Абай облысында танысының телефонын үйінен ұрлап кеткен азамат ұсталды

Arna Press, 14 ноября 2023 в 12:38

Абай облысында танысының телефонын үйінен ұрлап кеткен азамат ұсталды
​Полицияға облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі телефонның ұрланғаны туралы хабарлаған. ​Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші гаджеттің өзі тұратын пәтерден жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция кешенді іс-шаралар өткізіп, соның ішінде бір күн бұрын пәтерге барған азаматтарды анықтады. Ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің 29 жастағы танысы ұсталды, ол өзінің кінәсін мойындады.

1,5 млн теңге пара беріп жоғары оқу орнына түспек болған астаналық жігіт алаяққа алданып қалды

Arna Press, 12 октября 2023 в 16:28

1,5 млн теңге пара беріп жоғары оқу орнына түспек болған астаналық жігіт алаяққа алданып қалды
ҰБТ-дан төмен балл жинаған Астана қаласының тұрғыны қандай жолмен болмасын оқуға түсуді ойлаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.12 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданған.

Темиртауский историко-краеведческий музей приглашает на выставку «Смотрящие в будущее»

EKaraganda.kz, 28 сентября 2023 в 19:55

Темиртауский историко-краеведческий музей приглашает на выставку «Смотрящие в будущее»
В экспозиции представлены уникальные документы учёных: фрагменты рабочего блокнота Василия Курдюкова с записями об экспедиции по Нуре, докладные записки Каныша Сатпаева с экономическим обоснованием строительства металлургического комбината, документы из личного дела Ибрагима Тажиева, который возглавлял строительство КарГРЭС-1, завода СК, Казахского металлургического завода.Экспозиция дополнена объёмными экспонатами из фондов музея.

Байтақ жер: Ақмола облысында туризмді дамыту жобасы қалай жүзеге асырылды?

Arna Press, 27 сентября 2023 в 15:48

Байтақ жер: Ақмола облысында туризмді дамыту жобасы қалай жүзеге асырылды?
Көкшетау қаласында «Байтақ жер» жобасының қорытындысын шығарған баспасөз конференциясы өтті.Ақмола облысының кәсіпкерлері журналистермен өздерінің жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды,Конференцияны ұйымдастыруда жобаның серіктесі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы көмектесті.

Президент Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты

Arna Press, 15 сентября 2023 в 13:58

Президент Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан атынан тәжік халқына сыйға тартқан оқушылар автобусының фотосын жариялады.Сурет: akorda

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды

kapital.kz, 14 сентября 2023 в 13:16

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды
Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды.

Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов үшін прокуратура 13 жыл сұрады

Vera.kz, 31 августа 2023 в 12:19

Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов үшін прокуратура 13 жыл сұрады
Прокуратура Рашидті кінәлі деп тануды сотта сұрады, деп хабарлайды vera.kzМемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунік Рашид Аюповқа тағылған айыпты дәлелденген деп санады.«Сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен құқық бұзушылықтар жиынтығы фактісі анықталды. Өрескел процедуралық бұзушылықтар болған жоқ.

Яндекс Go 1 қыркүйекте жүргізушілердің балаларына IT-курстар сыйлайды

EKaraganda.kz, 29 августа 2023 в 11:05

Яндекс Go 1 қыркүйекте жүргізушілердің балаларына IT-курстар сыйлайды
Яндекс Go сервисі 1 қыркүйекте такси жүргізушілердің балаларына «Scratch-те ойын әзірлеу» немесе «Жеке блог құру» сияқты бағдарламалауды оқыту курстарында 200 орынды тегін бөлді. Курстар Яндекс Учебник сервисінің платформасында орыс және қазақ тілдерінде 5-9-шы сынып оқушыларына қолжетімді. Тегін орындардың біріне ие болу үшін балалар ата-аналарымен бірге сауалнаманы толтырып, онда өздерінің немен әуестенетіні және цифрлық мамандықты игеруге ынта-ықыласы туралы айтып берулері қажет.Сабақтар демалыс күндері онлайн режимінде өтеді, сондай-ақ оқуға компьютер мен интернетке қолжетімділік қана қажет.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 27 новостей из 27