Популярные темы

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Бесқарағайда жұмыс сапарымен болды

Дата: 28 мая 2024 в 18:28 Категория: Новости политики


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Бесқарағайда жұмыс сапарымен болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ЕрТай Қуанбаев Бесқарағай ауданына келіп, ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көктемгі егіс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Абай облысының өңірлік ккоммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.,

Сапардың мақсаты-өңірдің аграрлық шаруашылықтың егіске дайындық үдерісімен, сондай-ақ «BA Agro Group»ЖШС жеке фермерлік шаруашылығының қызметімен танысу.

Бесқарағай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ардақ Өміртаев ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, сондай-ақ аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ жиында ауданның аграрлық кешенді дамытудың өзекті мәселелері көтерілді.

Сурет: Абай облысының өңірлік ккоммуникациялар қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями