Семейде алаяқтар 36 жасар қала тұрғынын 4,5 миллион теңгеге алдап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында танысы пәтерді арзан бағамен алып беремін деп сеніміне кіріп, алдау жолымен 4,5 миллион теңгесін иемденген.
«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындағанымен, жәбірленушінің ақшасы қайтарылмады», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қолхатпен бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды
По сообщению сайта Arna Press