Популярные темы

Жол картасы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Абай облысының агросаласы серпін алды: 250 млрд теңгелік жобалар іске асады

Arna Press, 04 мая 2026 в 16:38

Абай облысының агросаласы серпін алды: 250 млрд теңгелік жобалар іске асады
Абай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімнің баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Басқосуға басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысып, аудан әкімдері бейнережим арқылы қосылды.Жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндама жасап, саладағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Абай облысында шағын СЭС салынады

Arna Press, 26 марта 2026 в 13:18

Абай облысында шағын СЭС салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Arna Press, 18 февраля 2026 в 17:28

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді.

Шымкенттегі «Azala Textile» тоқыма фабрикасы еріксіз түрде өндірісін тоқтатты

Vera.kz, 16 июня 2025 в 00:09

Шымкенттегі «Azala Textile» тоқыма фабрикасы еріксіз түрде өндірісін тоқтатты
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.

Абай облысында интернет қолжетімділігін арттыру жолдары қаралды

Arna Press, 06 мая 2025 в 15:18

Абай облысында интернет қолжетімділігін арттыру жолдары қаралды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауындағы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Саладағы атқарылған жұмыстар туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.

Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілуде

Arna Press, 12 марта 2025 в 13:38

Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілуде
Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді мониторинг басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мониторингті облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жүргізуде.Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне баса мән берілді.Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша арнайы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қолға алынады.

Шетелдік қазақтар Қазақстан Республикасында қандай жеңілдіктер ала алады

Arna Press, 24 февраля 2025 в 13:38

Шетелдік қазақтар Қазақстан Республикасында қандай жеңілдіктер ала алады
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған

Arna Press, 18 декабря 2024 в 16:08

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.

Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды?

Arna Press, 08 августа 2024 в 22:08

Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің Бірлескен мәлімдемесі;2. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің қазақ-өзбек екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі шешімі;3. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекіту жөніндегі шешімі.Сонымен қатар Өзбекстан Президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында мынандай құжаттарға қол қойылды:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімінің хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 20 наурыздағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары;5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы хаттама;7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы табиғи монополияларды реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы бәсекелестікті қорғау саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты арасындағы Қазақстан-Өзбекстан сарапшылар кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;11.

Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты

Arna Press, 11 июля 2024 в 12:28

Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты
ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті.

Қытайлық компания Семейде жұмыс істеуге мүдделі

Arna Press, 19 июня 2024 в 16:38

Қытайлық компания Семейде жұмыс істеуге мүдделі
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания әлемге жиһаз жасаумен танымал, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі былтырғы орман өртінің зардаптарын жою мақсатында инвесторларды тартудың жол картасын әзірледі.

Биыл Алакөлде 700 млн теңгеден астам сомаға 12 жоба іске асырылды

Arna Press, 31 октября 2023 в 16:38

Биыл Алакөлде 700 млн теңгеден астам сомаға 12 жоба іске асырылды
2023 жылы Алакөл көлінің жағалауында жалпы сомасы 767 млн теңгеге 12 жоба іске асырылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Алдын ала деректерге сүйенсек, өткен курорттық маусымның қорытындысы нәтижесінде Алакөл көлінің жағалауына шамамен 1 млн жуық адам келген. Қазіргі таңда бұл сандар нақтыланып жатыр», — деді Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды

Arna Press, 17 октября 2023 в 18:38

Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды
Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүйелі жүргізіледі.Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады.

Семейде Бобровка мен Мұрат кооперативтеріне қатысты іс сотта қаралатын болады

Arna Press, 03 августа 2023 в 14:58

Семейде Бобровка мен Мұрат кооперативтеріне қатысты іс сотта қаралатын болады
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Бобровка және Мұрат аудандарында түйткілді мәселелерді шешу үшін тұрақты жиындар өткізуде. Осы мақсатта әкімдік арнайы Жол картасын әзірледі.«Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, жол белгілері мен 11 аялдама, 4 «Сергек» бейнебақылау камерасы мен қоқыс контейнерлері орнатылды, 70-тен астам рұқсат етілмеген үйінділер жойылды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 14 новостей из 14