Популярные темы

Бүгін: новости

Соңғы қоңырау: Абай облысында 15 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

Arna Press, 25 мая 2026 в 13:18

Соңғы қоңырау: Абай облысында 15 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Бүгін Абай облысындағы мыңдаған оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz білім басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірдегі 314 мектепте 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 15 мыңнан аса түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр.

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:56

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 19 мая 2026 в 18:58

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Семейдегі орталық алаң мен бірқатар нысандар жаңғыртылуда

Arna Press, 08 мая 2026 в 14:18

Семейдегі орталық алаң мен бірқатар нысандар жаңғыртылуда
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Алдымен аймақ басшысы қаланың орталық алаңына барып, қайта жаңғырту жобасын қарады.

Жылыту маусымына дайындық: өңірлерге қатаң талап қойылды

Arna Press, 05 мая 2026 в 13:48

Жылыту маусымына дайындық: өңірлерге қатаң талап қойылды
Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру үшін резервтен 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу мақұлданды.«Бұл қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірдегі шамамен 30 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған», — деді министрлер кабинетінің басшысы.Премьер-министр бұл қаражаттың жұмсалу тиімділігі мен нәтижесін бақылау қажеттігін айтты.«Қазірдің өзінде кей өңірлерде жұмыстардың кешіктірілу қаупі байқалады.

Семейде грек-римнен халықаралық турнир басталды

Arna Press, 05 мая 2026 в 10:18

Семейде грек-римнен халықаралық турнир басталды
Семей қаласындағы «Арена» стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.«Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда.

Семейдегі «Смокк«сауда үйінің қазіргі кейпі

Arna Press, 02 мая 2026 в 22:38

Семейдегі
Бүгін қаладағы ірі нысандардың бірі – «Смокк» базарында саудагерлер орындарын босатып, алдағы құрылыс кезеңіне дайындық басталады, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласындағы сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту мәселесі жан-жақты қаралған болатын.

Семейде автобустан өрт шықты

Arna Press, 30 апреля 2026 в 17:28

Семейде автобустан өрт шықты
Arnapress.kz тілшісі оқиға орнынан өтіп бара жатып, Семей қаласындағы Сеченов көшесінде орын алған өрттің куәсі болды. Осы орайда төтенше жағдайдар департаментінен пікір сұрағанымызда осындай жауап алдық.«Белгілі болғандай, бүгін Абай облысы ТЖД «101» пультіне аталған мекенжайда автобус жанғаны туралы хабарлама түскен.

Үш қазақстандық команда спорттық құзға өрмелеуден жағажай Азиадасының 1/8 финалына өтті

SportInfo, 29 апреля 2026 в 10:36

Үш қазақстандық команда спорттық құзға өрмелеуден жағажай Азиадасының 1/8 финалына өтті
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден эстафеталық бәсекелер басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан екі жұп қатысты. Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина үздік мүмкіндіктерінде 16.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 8-орынмен 1/8 финалға жолдама алды.

Ришат Хайбуллин: Қазақстан рекордын жаңартып, қола медаль алғаныма қуаныштымын

SportInfo, 29 апреля 2026 в 09:56

Ришат Хайбуллин: Қазақстан рекордын жаңартып, қола медаль алғаныма қуаныштымын
Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады.

Семейде бірнеше тұрғын үйдің қаспеттері жаңартылады

Arna Press, 21 апреля 2026 в 16:28

Семейде бірнеше тұрғын үйдің қаспеттері жаңартылады
Биыл Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, шамамен 30-ға жуық тұрғын үйдің қасбеті бірыңғай сәулеттік үлгіде жөнделмек, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін қаладағы Кеңгірбай би көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Аталған үйдің қасбеті термопанельмен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленген.

Семейде жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Семейде жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында қолға алынғанын атап өтті.

Гүлмарал Еркебаева — Азия чемпионатының қола жүлдегері

SportInfo, 09 апреля 2026 в 21:06

Гүлмарал Еркебаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасының қоржынына қола жүлде түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

SportInfo, 08 апреля 2026 в 18:16

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық белдесулер өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін, 8 сәуірде бұл кезеңге дейін Қазақстан құрамасының екі өкілі жетті. 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусаки (Жапония) қарсы белдесуде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

Абай облысы әкімі өңір тұрғындарына бейнеүндеу жариялады

Arna Press, 08 апреля 2026 в 00:08

Абай облысы әкімі өңір тұрғындарына бейнеүндеу жариялады
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық жұмыстарының жалғасатынын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі тазалық шаралары бір реттік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс мәдениет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек», – деп баршамызға ортақ міндет жүктеген болатын.

VR-технология будет готовить безработных к рынку труда в РК

EKaraganda.kz, 03 апреля 2026 в 17:36

VR-технология будет готовить безработных к рынку труда в РК
«VR — современная технология. Поэтому мы сочли целесообразным использовать ее для обучения новым профессиям. На начальном этапе будут запущены курсы по пяти специальностям. В их числе токарь, сварщик, слесарь, специалист по охране труда. Пилотный проект планируется запустить для граждан, находящихся в поиске работы.

Абай облысы әкімі өңір тұрғындарын бейнеүндеу жариялады

Arna Press, 03 апреля 2026 в 12:38

Абай облысы әкімі өңір тұрғындарын бейнеүндеу жариялады
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық жұмыстарының жалғасатынын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі тазалық шаралары бір реттік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс мәдениет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек», – деп баршамызға ортақ міндет жүктеген болатын.

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар

SportInfo, 31 марта 2026 в 19:06

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар
Бүгін Филиппин мемлекетінің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыс қорытындысы бойынша ересектер санатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 медаль иеленді:

Абай облысы айтыскерлері келесі кезеңге жолдама алды

Arna Press, 20 марта 2026 в 11:28

Абай облысы айтыскерлері келесі кезеңге жолдама алды
Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты Абай және Батыс Қазақстан облыстары ақындарының республикалық командалық айтысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzШара облыс әкімдігінің қолдауымен, «Amanat» партиясы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен өтті.Айтыс Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орай ұйымдастырылып, елдегі рухани шаралардың бастауын Абай облысынан алды.Айтыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңір басшысы өз сөзінде «Семейдің мәдени маусымдары» жобасы аясында бұл шараның «Семей көктемінің» маңызды бөлігі екенін атап өтті.«Бүгін біз екі өңірдің рухани тоғысуына куә болып отырмыз.

Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

SportInfo, 09 марта 2026 в 00:06

Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.

«Тобыл» ФК 2026 жылғы Суперкубок чемпионы

SportInfo, 28 февраля 2026 в 21:16

«Тобыл» ФК 2026 жылғы Суперкубок чемпионы
Бүгін, Астана Аренада алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» Olimpbet Қазақстан Суперкубогі аясында финалдық кездесу өткізді. Ойын өте тартысты өтті. Автор: Дамир Кульбаев. Бірінші минуттардан ақ бастап қос ұжым да жақсы ойын көрсетті. Костанайлық клуб екі тайм мен пенальти нәтижесінде (4:5) жеңіске жетті.

Абай облысының білім саласына «Qazaq Digital Mektebi» жобасын іске асыру талқыланды

Arna Press, 25 февраля 2026 в 17:48

Абай облысының білім саласына
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли компания өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде білім саласына арналған «Qazaq Digital Mektebi» жобасын іске асыру мәселелері қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖиында компания өкілдері жобаның негізгі бағыттарын таныстырып, жасанды интеллектке негізделген білім беру платформасының мүмкіндіктерін баяндады.

Михаил Шайдоров костюмін Олимпиада мұражайына тапсырды

SportInfo, 21 февраля 2026 в 10:16

Михаил Шайдоров костюмін Олимпиада мұражайына тапсырды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті. Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты. ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.

Семейде әлеуметтік осал топ пен жетім балалар жаңа баспанаға ие болды

Arna Press, 18 февраля 2026 в 17:28

Семейде әлеуметтік осал топ пен жетім балалар жаңа баспанаға ие болды
Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі — Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй.

Фристайлшы аруларымыз финалда бақ сынады

SportInfo, 11 февраля 2026 в 19:56

Фристайлшы аруларымыз финалда бақ сынады
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер басталып, келесі кезеңге өткен 8 спортшының есімі анықталды. Елімізден сынға түскен үш спортшымыз да ТОП-20-ға кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұпай қорытындысы:.

Абай облысында «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы өтеді: жүлде 5 млн теңге

Arna Press, 10 февраля 2026 в 11:48

Абай облысында
Абай облысының гимнін жазуға арналған «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы басталатыны жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасы баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен өткен кездесуде мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, Абай облысы құрылғанына бірнеше жыл толғанына қарамастан, өңірдің рухын көтеріп, халықтың жүрегіне жететін гимн мен патриоттық бағыттағы жаңа әндерге сұраныс бар.«Бүгін сіздермен кездесуде жалпы жұртқа бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.

Семей қаласында тайғақ жол тұрғындарға қиындық тудырды

Arna Press, 10 февраля 2026 в 10:38

Семей қаласында тайғақ жол тұрғындарға қиындық тудырды
Жұмысқа жете алмай отырғандарын айтып, Семей қаласындағы Компос шағын ауданының тұрғындары редакциямызға шағымданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тұрғындардың айтуынша, бүгін қалада жаңбыр аралас қар жауып, соның салдарынан жолдар қатты тайғаққа айналған. Қолайсыз ауа райына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындап, кейбір автобустар тайғақтан жүре алмай қалған.«Аялдамаға жетудің өзі мұң болды.

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда

SportInfo, 02 февраля 2026 в 13:46

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.

Семейде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты шаңғы жарысы өтті

Arna Press, 31 января 2026 в 18:28

Семейде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты шаңғы жарысы өтті
Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт — терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Спорттық додаға Семей және Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Бородулиха ауданынан келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың жасы 8 бен 50 жас аралығын қамтыды.
Показано 30 новостей из 201