Arna Press,
22 мая 2026
в 11:28
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы мектеп бітірушілерге арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
Arna Press,
21 мая 2026
в 15:48
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Абай облысының әкімі Берік Уәли сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табысталды.
Arna Press,
21 мая 2026
в 15:48
Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулерді қолдады. Жаңа өзгерістер қорғаныс және әскери қызмет саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламентінің Мәжілісіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын Қарулы Күштер мен Шекара қызметі әскери қызметшілеріне үш есе мөлшерде ақшалай төлем белгілеу ұсынылды.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Абай облысында ауылдық ҮЕҰ-дарға арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Енді ауылдағы бастамашыл ұйымдар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала алады. Байқау ауылдық аумақтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.Әр жобаға 500 мың теңгеге дейін грант қарастырылған.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Қазақстанда балалар лагерьлеріне қойылатын талап күшейтілді. Енді еліміздегі балалар сауықтыру орталықтары бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап алғаш рет балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесін енгізді.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантациясы көптеген науқас үшін өмірді жалғастырудың жалғыз мүмкіндігіне айналып отыр. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов елімізде донорлық пен ағза ауыстыру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Arna Press,
20 мая 2026
в 17:48
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Arna Press,
20 мая 2026
в 12:48
Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.
Arna Press,
19 мая 2026
в 18:58
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
19 мая 2026
в 16:48
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасапАймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.
Arna Press,
19 мая 2026
в 16:48
Семей қаласында Қарағайлы ауданындағы көшеттерге қатысты мәселе тұрғындар арасында әлі де талқылануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Бұған дейін аулаға егілген көшеттер көктемей, қурап қалғаны жөнінде айтылған болатын. Қараша айында отырғызылған көшеттер пакетпен бірге егілген. Кейін жауапты мамандар келіп, сол пакеттерді алып тастап, көшеттерді қайта отырғызған.
Arna Press,
19 мая 2026
в 13:28
Қазақстанның 17 өңірінде «Халық әуені» атты ауқымды концерттік жоба өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын концерттік тур 2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында өтпек.Жоба аясында еліміздің концерттік ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары өңірлерді аралап, аудан орталықтары мен моноқалаларда өнер көрсетеді. Әр ұжым үш елді мекенде концерт қойып, жалпы көрерменге 51 тегін концерттік бағдарлама ұсынылады.Концерттер жанды дауыста өтеді.
Arna Press,
19 мая 2026
в 13:28
Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрмен ұштастыра атап өтуге шақырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында барша жамағатқа үндеу жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас мүфти өз сөзінде жыл басында дін қызметкерлеріне жолданған Бағдарлық баяндамада Құрбан айт пен Ораза айтты қоғамдық деңгейде, дәстүрімізге сай атап өтудің маңыздылығы айтылғанын жеткізді.Оның айтуынша, айт күндері еліміз бойынша «Құрбан айт — ұлық мереке» тақырыбында кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Arna Press,
19 мая 2026
в 11:18
Абай облысының делегациясы Австралияға арнайы барып, мал шаруашылығындағы озық тәжірибелермен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Сапар аясында делегация ірі шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару жүйелерінің жұмысын көрді.
Arna Press,
18 мая 2026
в 17:38
2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ-ны 41 мыңнан астам рет тапсырылған, деп хабарлайды Arnapress.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Талапкерлердің 67%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, ал 103 адам ағылшын тілінде тапсырған.Бірінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 57%-ы шекті балл жинаған.
Arna Press,
18 мая 2026
в 16:28
2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін, яғни 1 730 000 теңге көлемінде 9 мың мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, бұл қолдау шарасы халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Arna Press,
15 мая 2026
в 16:18
Өскеменде Халықаралық отбасы күніне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды мәдени жоба басталды. Елдің 17 облысынан келген құрақшылар «Шығыс Алтай» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын алып құрақ көрпе тігіп, оны халықаралық рекордтар кітабына енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz altainews.kz-ке сілтеме жасапАлтайдың әсем табиғатымен астасқан екі шақырымдық алып құрақ көрпе жасыл түспен көмкеріліп, өңір келбетін көркем өрнекке айналдырғандай әсер қалдырды.
Arna Press,
15 мая 2026
в 15:08
Халықаралық отбасы күніне орай елімізде дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Абай облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты — адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, неке мен жанұяның жағымды үлгісін насихаттау және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, ғылым, мәдениет және зияткерлік салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар арқылы қабылданады.Байқау екі кезеңнен тұрады: аудандық (қалалық) кезең — 15 маусым мен 30 маусым аралығы; облыстық кезең — 30 маусым мен 15 шілде аралығы.Қосымша ақпаратты +7 705 853 82 13 нөмірі арқылы алуға болады.Фото: ЖИ
Arna Press,
14 мая 2026
в 14:58
Семейдегі Қарағайлы 74 шағын аудан тұрғындарының тағы бір жанайқайы редакциямызға келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Тұрғындардың айтуынша, өткен жылдың қараша айында аула аумағына тоғай көшеттері отырғызылған. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, егілген талдардың барлығы делік қурап кеткен.«Аула маңындағы егілген тоғайлар мүлдем қурап қалды. Қазір оларды қоқысқа тастаудан басқа амал жоқ сияқты. Қаншама еңбек пен қаржы далаға кетіп жатыр.
Arna Press,
14 мая 2026
в 12:58
Семейде жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Қала тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қаржылай қолдау көрсетпей, он жыл ішінде бес миллион теңгеден астам қарыз жинаған.Сот шешімімен 38 жастағы азамат кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің есебіне қойылды.Пробация қызметінде сотталған азаматқа жазаны өтеу тәртібі, сот белгілеген шектеулер және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік түсіндірілген.Ер адамның айтуынша, ол өз әрекетінің салдарын енді түсінген. Қазір ұлы 15 жаста, ал осы уақыт ішінде әке баласының өміріне араласпағанын және қажетті қолдау көрсетпегенін мойындады.«Бұрын алимент төлемдерін кейінге қалдырып, жауапкершіліктен қашуға болады деп ойлайтынмын.
Arna Press,
14 мая 2026
в 12:58
Семей қаласында теміржол өткелінің төсемін бөлшектеуге байланысты жол жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz. қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Осыған байланысты Затон ауданындағы Матросов көшесіндегі теміржол өткелі 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.Уақытша шектеулерге байланысты №8 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына да өзгерістер енгізіледі.Атап айтқанда:«Пристань» бағыты бойынша соңғы аялдама «Матросский пер.» аялдамасы болады,кері бағыттағы қозғалыс «Матросский пер.» аялдамасынан басталады.Фото: ЖИ және Қала әкімдігі баспасөзі
Arna Press,
14 мая 2026
в 11:38
Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, 8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген. Олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді.
Arna Press,
13 мая 2026
в 16:58
Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжат Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтарын заң жүзінде күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.Жаңа заңға сәйкес, педагогтердің оқушылар үшін жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана қарастырылады.
Arna Press,
13 мая 2026
в 16:58
Семей қаласында Абай өңірлік дизайнерлер одағының мүшесі, суретші әрі дизайнер Үсен Сәкенұлы Шаяхметов Arnapress.kz тілшісіне сұхбат беріп, өнерге келу жолы, шығармашылық ізденісі мен жастарға берер кеңесі туралы айтты.Үсен Сәкенұлы 1995 жылы 23 сәуірде Аягөз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Абай облысының Үш-Биік ауылында өткен.
Arna Press,
13 мая 2026
в 15:08
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz бюроға сілтеме жасап. Ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары.
SportInfo,
13 мая 2026
в 14:16
12 мамырда Астанада классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Чемпиондар — 15 жастағы Сауат Нұрғалиев және 16 жастағы Зарина Нұрғалиева. Регламент бойынша чемпионаттың жүлдегерлері олимпиадалық құрамаларға қабылданады. Сауат 15 жасында елдің негізгі құрамына енеді — қазақстандық құрамаларда мұндай жас ойыншылар әлі болмаған.
Arna Press,
13 мая 2026
в 11:18
2026 жылғы жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы шамамен 4,2 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz КТЖ сілтеме жасап.Оның ішінде 230 мыңға жуық адам Алакөл көлінің курорттық аймағына пойызбен барады деп күтілуде.Жаз мезгіліндегі сұраныстың артуына байланысты ҚТЖ 15 қосымша теміржол бағытын іске қосады.
Arna Press,
13 мая 2026
в 11:18
Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жолдап, интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, каникул кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «жеңіл табыс» ұсынатын хабарландырулар көбейеді.
Arna Press,
12 мая 2026
в 18:08
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласындағы жаңа мешіт маңындағы айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиғаға «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктері қатысқан, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» көлігінің жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда және жол қозғалысын реттеу шараларын жүргізуде.Фото: ПД