Популярные темы

Мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағыты: Абай делегациясы Австралияда

Дата: сегодня в 11:18 Категория: Новости стран мира


Мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағыты: Абай делегациясы Австралияда

Абай облысының делегациясы Австралияға арнайы барып, мал шаруашылығындағы озық тәжірибелермен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында делегация ірі шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару жүйелерінің жұмысын көрді. Бұл тәжірибе өңірдегі мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Делегация әлемге танымал меринос, дорпер, австралиялық ақ қой, тексель және полл дорсет секілді асыл тұқымды қойлардың өсірілу ерекшеліктерін зерттеді. Сонымен қатар 5 мың бас ірі қара мен 60 мың бас қойға арналған ірі мал сауда орталығының және бордақылау алаңдарының жұмысымен танысты. Австралиялық мамандар қойды асылдандыру, жүн сапасын жақсарту және мал өнімділігін арттыру бағытындағы тиімді тәсілдерін көрсетті. Делегация қой қырқу процесіне де куә болып, бұл жұмыстардың өндірістік жүйеде қалай ұйымдастырылатынын бақылады.

Сапар барысында автоматтандырылған жем беру жүйелері мен цифрлық басқару технологиялары ерекше қызығушылық тудырды. Мұндай инновациялық шешімдер малдың тез әрі сапалы салмақ қосуына, еңбек өнімділігін арттыруға және шаруашылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Австралия фермерлері жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, екпе шөп егу және қоршау арқылы мал жаю жүйесінің тиімділігін де таныстырды.

Абай облысының делегациясы бұл тәжірибелерді өңірде кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, автоматтандырылған бордақылау алаңдарын іске қосу, жайылымдарды тиімді басқару және асыл тұқымды мал басын көбейту көзделуде. Сонымен бірге ангус пен герефорд тұқымды ірі қара малын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар өңірдегі ет сапасын арттырып қана қоймай, жайылым жерлерінің тозуын азайтуға және мал шаруашылығының жалпы тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Австралия тәжірибесін енгізу – Абай облысының агроөнеркәсіп саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости стран мира
Поделитесь новостью с друзьями