Популярные темы

Абай облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды

Дата: 15 мая 2026 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында

Халықаралық отбасы күніне орай елімізде дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Абай облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Байқаудың мақсаты — адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, неке мен жанұяның жағымды үлгісін насихаттау және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.

Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, ғылым, мәдениет және зияткерлік салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар арқылы қабылданады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:
аудандық (қалалық) кезең — 15 маусым мен 30 маусым аралығы;
облыстық кезең — 30 маусым мен 15 шілде аралығы.

Қосымша ақпаратты +7 705 853 82 13 нөмірі арқылы алуға болады.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями