Arna Press,
21 марта 2023
в 19:28
14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында дәрігерге жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.ПД өкілдерінің мәліметінше, орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған«Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды.
Arna Press,
21 марта 2023
в 19:28
Бүгін Ұлыстың Ұлы күнінде Талдықорғанда Ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры 5,3 метр, мүсіні — 3,6 метр. Ескерткіштің сәулетшісі — Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші Ақмырза Рүстембеков.
Arna Press,
20 марта 2023
в 16:48
19 наурызда сағат 22: 00 шамасында 102 пультіне 5 қабаттың қылтимасынан құлағалы тұрған әйел туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Бірақ, белгілі болғандай, үйге кіру мүмкін болмады.
Arna Press,
20 марта 2023
в 16:08
Латвияның Рига қаласында Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі аяқталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Спорт басқармасына сілтеме жасап. Спорттық додаға Қазақстан құрамасы да қатысты. Қазақстандықтар 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені қанығаларына байлады. Жалпы медаль кестесінде көш бастап тұр.Жеңімпаздар арасында Қазақстан құрамасының мүшесі семейлік Ерасыл Қажыбаев бар.
Arna Press,
20 марта 2023
в 15:08
Орталық ақпараты бойынша облыста туберкулез ауруын ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық фтизиопульмонология орталығында алдыңғы қатарлы BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert инновациялық лабораториялық құрал-жабдықтары орнатылған.
Arna Press,
20 марта 2023
в 15:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.Фото:akorda.kz
Arna Press,
20 марта 2023
в 14:08
Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11).
Arna Press,
20 марта 2023
в 14:08
Қазақстанда 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 609 бала дүниеге келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!
Arna Press,
19 марта 2023
в 18:18
Түркістанда «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін көрсету, сондай-ақ сату болып табылады. Іс-шара іскерлік байланыстар орнату және жаңа бизнес-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін беретін алаңға айналады. Қатысушылардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия және т. б. мемлекеттердің делегациялары бар.
Arna Press,
19 марта 2023
в 15:58
Дауыс беруге жастар белсенді қатысуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кезектен тыс сайлауы өтуде. Азаматтардың барлық санаттары өз таңдауын жасай алады.Өскемен қаласындағы №102 сайлау учаскесінде екі жас үшін маңызды оқиға болды: Арман Скендиров дауыс беру кезінде бақылаушы болып отырған Ляйля Төлеубековаға ұсыныс жасады.
Arna Press,
19 марта 2023
в 15:58
Сенат отырысынан кейін төраға Мәулен Әшімбаев ҚР үкіметінң ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Orda.кz сайтына сілтеме жасап.– Үкімет қиын жағдайда жұмыс істеді. Инфляция өсті, біраз қарыздарды да бүгін айттық. Бюджет шығындарын, Ұлттық қордан алынатын ақшаларды қысқарту қажет екенін айттық.
Arna Press,
19 марта 2023
в 14:48
Түсіру алаңы ретінде еліміздегі кең танымал 7 туристік орын таңдалды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда қауіпсіздік ережелерін дәстүрлі түсіндіру әдісі еліміздің тарихы мен мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерімен әдемі үндесіп отыр. «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы, «Медеу» биік таудағы мұз айдыны, Каспий теңізі, Іле өзеніндегі Номад бекінісі, EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана қаласындағы «Атырау» көпірі және «Байқоңыр» ғарыш айлағы.Түсірілім орындары көз тартарлық әдіспен ауысып отырады: елорданың қайнаған өмірі Бозжыра шатқалының ғарыштық ландшафтарымен алмасып, ары қарай Іле Алатауының ұшар шыңын қар басқан беткейлері мен Көлсай көлдерінің айдына жалғасады, одан кейінгі кадрлары Шарын шатқалының бойы мен Алтын Емел табиғи паркінің көшпелі құмдарына ауысқан ролик соңында ұлттық тасымалдаушының стильденген логотипімен аяқталады.
Arna Press,
19 марта 2023
в 12:18
Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горковой 17 наурызда жылу электр орталығында электр сымы тұйықталғанын айтты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. «17 наурызда No4 жоғары қысымды қазандық блогының 4А желдеткішінде электр сымы тұйықталған. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Новости пресс-служб,
26 ноября 2014
в 09:32
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.