Популярные темы

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді

Дата: 19 марта 2023 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Сенат отырысынан кейін төраға Мәулен Әшімбаев ҚР үкіметінң ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Orda.кz сайтына сілтеме жасап.

– Үкімет қиын жағдайда жұмыс істеді. Инфляция өсті, біраз қарыздарды да бүгін айттық. Бюджет шығындарын, Ұлттық қордан алынатын ақшаларды қысқарту қажет екенін айттық. Бұл жерде үкімет осыны ескеріп, келесі жылдың бюджеті сияқты мәселелердің барлығы бюджетте қарастырылады не қысқартылады деп сенеміз. Біз осыны қамтамасыз етуге жұмыс істейміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Жоғары палатаның төрағасы алдағы сайлаудан соң үкімет тарайтынын мәлімдеді. 

– Біздің конституциямызға сәйкес жаңа сайланған мәжіліс жұмысына кіріскеннен кейін үкімет отставкаға кетеді және жаңа үкімет жасақталады. Президент кімді премьер-министр етіп ұсынады, қандай министрлер тағайындалатыны президенттің құзіретінде. Келесі аптада бұл мәселе шешіліп қалар. Қазір үлкен сайлаудың алдында тұрмыз. Сайлаудан кейін президентіміз үкіметке байланысты шешімдер қабылдайды, – деді ол.

Сурет: Оrda.rz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями