Популярные темы

Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды

Дата: 20 марта 2023 в 14:08 Категория: Новости спорта


Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4, деп жазды Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді Бұл жеңісімен Рыбакина әлемнің 7-ракеткасы атанды. Бұл – 23 жастағы спортшының бүкіл мансабындағы ең жоғары лауазымы.

18 наурызда Елена Рыбакина әйелдер теннисінен әлем көшбасшысы польшалық Ига Свиатекті жеңіп, Мастерстің финалына шықты.

Сурет: ktf.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями