Arna Press,
21 ноября 2024
в 12:58
1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәтінде былай делінген:2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5 пайызына ұлғайтылсын.Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Қазақстанда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы өскенін жазғанбыз.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
19 ноября 2024
в 15:28
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға «Батыр ана» атағын салтанатты түрде табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде.
Arna Press,
13 ноября 2024
в 19:38
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 18:48
«Туған жер: белгілі және белгісіз» әлеуметтік жобасы аясында Семей қаласының №40 мектепте облыс тарихынан сыр шертетін ерекше көрме ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіКөрме өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін білуге ынталы мектеп оқушыларын, мұғалімдерді және қала тұрғындарын біріктірген айтулы мәдени оқиғаға айналды.Экспозицияда Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Ертіс маңынан табылған бірегей жәдігерлермен қатар 19 ғасырдағы халық қолөнері мен зергерлік бұйымдарын ұсынды. Әрбір жәдігер өлке өмірінің тарихи беттерін ашып, қазақ топырағында ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени және этникалық дәстүрлердің сан алуандығын паш етті.Келушілердің ерекше назарын археологиялық олжалар аударды.
Arna Press,
01 ноября 2024
в 12:58
Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға бағытталған 2 005 000 теңге көлемінде гранттық қолдауының арқасында іске асырылды.
Arna Press,
29 октября 2024
в 20:28
Бүгін Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
18 октября 2024
в 20:08
Отбасы банк «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өткен салымшылар үшін төлем қабілеттілігін растау мерзімін 31 қазанға дейін ұзартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өтіп, әрі қарай несиелендіру тізіміне енген салымшылар төлем қабілеттілігін растау үшін 31 қазанға дейін кез келген банк бөлімшесіне, кeңес беру орталықтарына келіп, немесе онлайн түрде өтініш бере алады.«29 қарашаға дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталынан өзіңізге ұнаған тұрғын үйді таңдап, несие рәсімдеңіз.
Arna Press,
18 октября 2024
в 13:38
Әйгерім Исенова Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында шағын кондитерлік цех ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көпбалалы ана өз ісін бастауға қажетті қаржыны әлеуметтік осал топты қолдауға арналған қайтарымсыз грант арқылы алды.Жерлесіміз ағымдағы жылдың тамыз айында 400 АЕК көлеміндегі грантты жеңіп алып, қаражатты «ПП кондитерлі өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару цехы» бизнес-жобасын іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсаған.«Қазіргі таңда қалада болсын, ауылда болсын, азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында сұранысқа ие тауарлардың бірінші тізімін күнделікті тұтынатын нан өнімдері құрайды.
Arna Press,
17 октября 2024
в 16:38
Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапАбай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.
Arna Press,
16 октября 2024
в 15:18
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді.
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді, ол басынан аяғына дейін жүрді, жерлеу рәсіміне де қатысты.
Arna Press,
14 октября 2024
в 16:38
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
09 октября 2024
в 16:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңірлерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚыркүйекте Enbek.kz электрон еңбек биржасында 136,6 мың бос жұмыс орны орналастырылды, тамыздағымен салыстырғанда 4 пайызға (4,9 мың) артық.
Arna Press,
04 октября 2024
в 21:28
Әлеуметтік желілерде азаматша Дамира Құлмағамбетова Семейдегі «кәсіби үй ұрысы» деп ақпарат тараған.Осыған қатысты Абай облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы тексеру жүргізді. Нәтижесінде бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады. Аталған азаматша осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке мүлдем тартылмаған.
kapital.kz,
03 октября 2024
в 10:36
Фото: Валерия ЗмейковаС начала 2024 года 89,1 тыс. граждан, из которых порядка 44,5 тыс. безработных, получили сертификаты о прохождении онлайн-курсов на платформе профессионального обучения Skills Enbek, передает центр деловой информации Kapital.kz со ссылкой на пресс-службу Министерства труда и социальной защиты населения.
Arna Press,
01 октября 2024
в 21:08
Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда.Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға ілгері индекстеледі.Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылардың мөлшері 9%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері арттырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Мемлекеттік тіл — көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент), Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Жолдауында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта іске қосуды қамтамасыз ету көзделген.
Arna Press,
30 сентября 2024
в 12:58
Семейдегі «жаңа аудан» деп аталып кеткен Қарағайлының салынғанына да 10 жылдай болып қалыпты. Әлі де әдемі көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Дегенмен, халық игілігіне пайдалануға беріген кіші архитектуралық формаларды күтіп ұстауды ұмытып кеткен сияқты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Редакциямызға Қарағайлы ауданының тұрғыны «Назарбаев Зияткерлік мектебі» аялдамасы павильонының суретін жіберді.
Arna Press,
19 сентября 2024
в 11:38
Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің 18 қыркүйектегі пленарлық отырысында ел армиясындағы тәртіпсіздікті болдырмау және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Балаларды әскерге жіберіп, тек өзіміз зиян шегіп отырмыз.
Arna Press,
16 сентября 2024
в 12:28
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 488,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 783,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 705 миллиард теңге қарастырылған.2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 405 мың адам.«2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге», — делінген хабарламада.Фото:depositphotos.com
Arna Press,
12 сентября 2024
в 15:38
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары жыл санап өсуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жыл басынан бері облыста 197 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2 бала қаза тауып, 251 жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңір аумағында 26-шы тамыздан 6-шы қыркүйек аралығында «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өтті.
Arna Press,
11 сентября 2024
в 11:18
Жамбыл облысында емшіні шақырып, құрметпен қарсы алған Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы мектепте арнайы тексеріс жүргізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеруді Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Магнолия,
11 сентября 2024
в 01:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді.
Arna Press,
10 сентября 2024
в 21:08
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылға арналған базалық зейнетақы мөлшерінің болжамын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкіметтегі брифингте Еңбек министрлігінің басшысынан келесі жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні сұралды.«Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге болады.
Arna Press,
06 сентября 2024
в 15:08
Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.Көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады.Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат береді.Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.Көрсетілетін қызметті алушы көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.Соттан тыс банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:Соттан тыс банкроттық рәсімі порталда тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы тоқтатылады.Соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Магнолия,
05 сентября 2024
в 00:28
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.
Arna Press,
03 сентября 2024
в 20:58
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік әрекетке қатысты күдіктілердің ұсталғаны туралы мәлемдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды.