Стоковые изображения от Depositphotos
Әйгерім Исенова Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында шағын кондитерлік цех ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көпбалалы ана өз ісін бастауға қажетті қаржыны әлеуметтік осал топты қолдауға арналған қайтарымсыз грант арқылы алды.
Жерлесіміз ағымдағы жылдың тамыз айында 400 АЕК көлеміндегі грантты жеңіп алып, қаражатты «ПП кондитерлі өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару цехы» бизнес-жобасын іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсаған.
«Қазіргі таңда қалада болсын, ауылда болсын, азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында сұранысқа ие тауарлардың бірінші тізімін күнделікті тұтынатын нан өнімдері құрайды. Сол себепті осы бағытты таңдадым. Цех ашу менің арманым еді, өте қуаныштымын», – дейді жас кәсіпкер.
Биыл Жаңасемей ауданында 5 адамға қайтарымсыз грант беріліп, бизнес бастауына мүмкіндік туды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press