Популярные темы

Қазақстанда 7-9 пайыз жеңілдікпен берілетін ипотекалық бағдарламаға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Дата: 18 октября 2024 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда 7-9 пайыз жеңілдікпен берілетін ипотекалық бағдарламаға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Отбасы банк «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өткен салымшылар үшін төлем қабілеттілігін растау мерзімін 31 қазанға дейін ұзартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өтіп, әрі қарай несиелендіру тізіміне енген салымшылар төлем қабілеттілігін растау үшін 31 қазанға дейін кез келген банк бөлімшесіне, кeңес беру орталықтарына келіп, немесе онлайн түрде өтініш бере алады.

«29 қарашаға дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталынан өзіңізге ұнаған тұрғын үйді таңдап, несие рәсімдеңіз. Отбасы банкіндегі бір несие аясында жөндеу жұмыстарына да қаражат алуға болады», — делінген хабарламада.

 Айта кетейік, іріктеуден өткендер тізімде 9 мың қазақстандық бар.

Еске сала кетейік, егер қосымша тізімге қатысушы заем бойынша мақұлдау алса, онда оған тездетіп, 29 қарашаға дейін (қоса алғанда) баспана табуы керек

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларының шарттары: алғашқы жарна – 20 пайыздан бастап;

тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7 пайыз (ЖТСМ 7,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін);

азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 9 пайыз (ЖТСМ 9,3 пайыздан 11,8 пайыз дейін); несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарламалар аясында тұрғын үй сатып алу бойынша мына шарттар ұсынылады: алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша; моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

 Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондай алады.Қазіргі уақытта банк Баспана маркет порталында «Отау» бағдарламасына қатысушылар үшін де, «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін де тұрғын үй нысандарын белсенді орналастыруда. Қазір таңдауға 14 613 пәтерден тұратын 647 тұрғын үй кешені ұсынылған. Бұл тізім күн сайын толықтырылып отыр.

Сурет: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями