SportInfo,
10 июня 2026
в 11:46
«Касперский зертханасы» FIFA 2026 Футбол әлемі чемпионатының қарсаңында онлайн-алаяқтықтың жаңа толқыны туралы ескертеді. Зиянкестер жалған сайттар жасап, алдамшы хаттар таратуда — бұл үшін олар турнир төңірегіндегі ахуалды пайдаланып, әр елден ынталы болашақтарды аулауға тырысады. Kaspersky GReAT сарапшыларының зерттеуі көрсеткендей, тіпті чемпионат өтетін елдердің бірінде тегін Wi-Fi желісіне қосылудың өзі жеке деректерді жоғалтуға әкелуі мүмкін.
SportInfo,
05 июня 2026
в 13:36
6 маусымнан бастап елордада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты жыл сайынғы тегін әлеуметтік-спорттық жоба бастау алады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
02 июня 2026
в 19:48
Семей қаласындағы көмір кенішінің аумағында салынып жатқан жерүсті көпірінің құрылысы заң талаптарын бұза отырып жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай соттарына сілтеме жасап. Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында жобалық-сметалық құжаттаманың міндетті сараптамадан өтпегені, авторлық және техникалық қадағалаудың болмағаны және құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы тиісті органдарға хабар берілмегені белгілі болды.Осыған байланысты сот акционерлік қоғамды уәкілетті органның нұсқамасын орындауға міндеттеді.
Arna Press,
02 июня 2026
в 19:48
Парламент Мәжілісінің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжіліске сілтеме жасап. Байқауға 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың 12 маусымы аралығында жарық көрген немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталады.
Arna Press,
02 июня 2026
в 14:48
Қазақстанның негізгі туристік бағыттарына апаратын автомобиль жолдары жазғы маусымға дайын. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі ұсынған жол нұсқаулығында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Министрлік мәліметінше, Бурабай, Зеренді, Қарқаралы, Баянауыл, Балқаш және Алакөл секілді танымал демалыс орындарына баратын негізгі бағыттарда көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалған.Бурабай курорттық аймағына «Астана — Петропавл» тасжолы арқылы жетуге болады.
Arna Press,
01 июня 2026
в 17:08
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында «Бақытты бала — жарқын болашақ» атты балалар өнер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдіктің баспасөзіне сілтеме жасап.Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Arna Press,
01 июня 2026
в 14:08
Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе шешімін тапты: келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне ресми түсініктеме берді.Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні келісімшарт спортшының командасына жолданып, тараптар құжатқа қол қойған. Қол қою рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілген.«Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады.
Arna Press,
01 июня 2026
в 12:18
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушы Ақордада арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент резиденциясына пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттары шақырылды.Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды.
Arna Press,
29 мая 2026
в 13:28
Абай облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Жалпы еліміз бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 655-і ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған.
Arna Press,
29 мая 2026
в 13:28
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеу фактілері анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘАСҚ) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың заңды әрі мақсатты жұмсалуын бақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Arna Press,
29 мая 2026
в 12:28
Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. .Жоспардың негізгі мақсаты — мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасап, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту. Сонымен қатар халықты жануарлардан жұғатын қауіпті аурулардан қорғау көзделген.Алдағы жылдары: ▫️ ветеринар мамандардың жалақысы өседі; ▫️ зертханалар мен ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады; ▫️ аса қауіпті ауруларға қарсы бақылау күшейтіледі; ▫️ ветеринария саласы толық цифрландырылады; ▫️ экспорттық әлеует артады.Қазір елімізде ветеринариялық препарат шығаратын 21 зауыт жұмыс істейді.
Arna Press,
28 мая 2026
в 18:48
Мәжіліс жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы салаларын реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар ілеспе түзетулер енгізілді. Жаңа заң жобасы жануарлар дүниесін қорғау, оны көбейту және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді.
Arna Press,
28 мая 2026
в 17:38
Абай облысы Полиция департаменті терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz департаменке сілтеме жасап. Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін;ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша — қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін;кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.Фото: ЖИ
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Абай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде күтпеген жағдайға тап болған. Ол мемлекеттік қызметтер порталы арқылы құжат рәсімдеуге өтініш берген сәтте психиатриялық есепте тұрғаны туралы мәлімет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыдан кейін азамат аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, өзін психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тануды және психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен мәліметтерін алып тастауды талап еткен.Іс барысында медициналық мекеме комиссиясы талап қоюшыны есепке қою туралы ақпараттың қате енгізілгенін анықтаған. Қорытындыға сәйкес, азамат тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып есепке алынған.Алайда уәкілетті орган аурухананың бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден жою туралы өтінішін қараусыз қалдырған.Медициналық мекеме өкілдері талап қоюшының амбулаториялық картасы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылғанын айтқанымен, оны растайтын құжат ұсынылмаған.Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәліметтерді тізілімнен алып тастау үшін азамат дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтуі қажет екенін мәлімдеген.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын қарап, талап қоюшыны психиатриялық есепке қою заңсыз болған деген қорытындыға келген.Сот барысында жауапкерлер азаматтың психиатриялық көмекке жүгінгенін, медициналық куәландырудан өткенін, клиникалық бақылауда болғанын немесе медициналық көмек көрсетуге келісім бергенін дәлелдей алмаған.Нәтижесінде сот талап қоюды қанағаттандырып, аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына азамат туралы мәліметтерді психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды міндеттеді.Фото: ЖИ
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты талаптарды сақтау бақылауы жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzВедомствоның хабарлауынша, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынған.
Arna Press,
26 мая 2026
в 16:58
Шымкенттік ең кішкентай барабаншысы 7 жасар Әли әлеуметтік желіде танымал. Табиғи талант тұнып тұрған. Көрсең көз тояды. Әлидің анасы Шынар Өтепбергенқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, ұлының музыкалық қабілеті мен қызығушылығы туралы біліп көрді.«Ұлымның толық аты-жөні Әбсейіт Әли Бекнұрұлы. Әкесі — Әбсейіт Бекнұр Серікұлы. Әлидің барабанға деген қызығушылығы 1,5–2 жасынан басталды. Әкесі кішкентай кезінен өлең айтып, үстелді тарсылдатып ырғақ шығаратын.
Arna Press,
26 мая 2026
в 13:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли компания директорлар кеңесінің төрағасы Шыңғыс Құлжанов бастаған инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында гидроэнергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Аталған құжат аясында Ертіс өзенінде жалпы қуаттылығы 900 мегаватт болатын Белокаменская, Ақжар және Известковская су электр стансаларын салу жоспарланған.
Arna Press,
26 мая 2026
в 10:58
Семей қаласындағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жарық шағылыстыратын жол таңбалары орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шара жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырып, жолдағы көріну деңгейін жақсартуға бағытталған.
Arna Press,
26 мая 2026
в 10:58
Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚТЖ инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Ақсу — Жаңа Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі толық аяқталды.Ұзындығы 139 шақырымды құрайтын учаскеде басқаруды орталықтандырудың заманауи микропроцессорлық жүйесіне жеті бөлек пункт қосылды.
Arna Press,
26 мая 2026
в 10:58
Жазғы демалыс маусымында қазақстандықтар арасында көл жағалауы, теңіз курорттары мен туристік қалаларға сұраныс дәстүрлі түрде артады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚТЖ сілтеме жасап. Биыл да жолаушылар ең көп таңдаған бағыттардың қатарында Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі жағалауы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай бар.Ең танымал бағыттардың көшін Алакөл бастап тұр.
Arna Press,
25 мая 2026
в 17:58
Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалынатын малды сату және сою үшін арнайы белгіленген орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Тірі малды сатуға арналған арнайы орындар:«Северный» СЛО — Северный промузел көшесі, №2. «JOLAMAN» СЛО — Семей-Алматы трассасы, №7/1Мал союға арналған арнайы пункттер:«Семей–Вет» ЖШС — Космонавтов көшесі, №1 (Дальняя ауданы).
Arna Press,
25 мая 2026
в 13:18
Бүгін Абай облысындағы мыңдаған оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz білім басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірдегі 314 мектепте 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 15 мыңнан аса түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр.
Arna Press,
25 мая 2026
в 13:18
Алматы қаласында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды Arnspress.kz Polisia.kz.cілтеме жасап.Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Arna Press,
25 мая 2026
в 12:08
Семейдегі сауда базарлары жаңарып, қала келбеті кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.Облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте базарларды ретке келтіру, заңсыз құрылыстарды жою және сауда нысандарының сыртқы келбетін жаңарту мәселелері қаралды.Қазіргі таңда «СМОКК» базарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Arna Press,
25 мая 2026
в 10:58
Қазақстан ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен тіркелген аккаунттарды сатып алып, оларды заңсыз мақсатта пайдалануда.Полиция өкілдерінің айтуынша, кәмелетке толмағандар кей жағдайда материалдық сыйақы үшін өз атына sim-карта рәсімдеп, оны мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тіркегеннен кейін үшінші тұлғаларға береді.
Arna Press,
22 мая 2026
в 17:28
Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.
Arna Press,
22 мая 2026
в 16:18
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Arna Press,
22 мая 2026
в 14:58
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарау және негізгі нормаларды елемеу мемлекеттік саясат қағидаттарына қайшы екенін атап өтті.Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс қарқыны күшейіп, маусым қызған кезеңге жеткендіктен, әрбір нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатаң бақылау қажет.Бұған дейін Мемлекет басшысы елордадағы құрылыс саласында өндірістік жарақаттану деңгейінің өсуіне назар аударып, жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.Осыған байланысты еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі ретінде 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа конституциялық қағидаттар көрсетілді.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген садақшы Рима Қайырғалиқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, бұл спортқа қалай келгенін, өмір жолымен танысты.Ол бүгінде қазақ қыздарының қайсарлығы мен табандылығын дәлелдеп жүрген жас спортшылардың бірі. Табиғатпен біте қайнасқан ауыл өмірі, ұлттық рух пен қарапайым тәрбие оның мінезін ерте қалыптастырды. Әбіш Кекілбайұлы білім алған мектептен түлеп ұшқан Рима кейін Ш.Есенов атындағы университетте білім алып, өз жолын спортпен байланыстырған.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Осыған байланысты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға толықтырулар әзірленді.