Популярные темы

қызмет: новости — страница 7

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

Arna Press, 25 июля 2024 в 15:08

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бүгін, 2024 жылғы 25 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп отырғанда ұсталған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды.

«Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте»

Магнолия, 23 июля 2024 в 21:18

«Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте»
Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.

NQZ vs TSE. Астана әуежайына ескі код қайтарыла ма?

Arna Press, 09 июля 2024 в 13:58

NQZ vs TSE. Астана әуежайына ескі код қайтарыла ма?
Астана халықаралық әуежайы атауын және әуежайдың үш әріптік кодын (NQZ) өзгерту жоспарда бар ма?, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптен тұратын коды TSE-ден NQZ-ге ресми түрде өзгертілді. Кодтағы N — Nursultan Nazarbayev airport және елорда атауы Нұрсұлтан дегенді білдіреді.

Семейде әскери қызметші жанұясы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды

Arna Press, 09 июля 2024 в 11:38

Семейде әскери қызметші жанұясы
Семейде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне биыл 6 өнегелі отбасы қатысты. Олардың ішінде, кәсіпкерлер де, құрылысшылар да, әскери қызметші мен ұстаздар отбасылары болды. Байқаудың қорытындысы бойынша Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімнің әскери қызметшісі Нұрахметовтер әулеті жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.Өнегелі отбасының отағасы – Әли Нұрахметов Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде қызмет атқарады.

Рейстер кешігіп жатыр: Қазақстандағы байланыс орталығының нөмірлері

Arna Press, 02 июля 2024 в 21:48

Рейстер кешігіп жатыр: Қазақстандағы байланыс орталығының нөмірлері
2024 жылғы 2 шілде мен 4 шілде аралығында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілгенін хабарлайды».Азаматтық авиация комитетіБұдан басқа, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді.Сурет: gov.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Магнолия, 01 июля 2024 в 18:18

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

Arna Press, 27 июня 2024 в 15:28

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға білікті көмек көрсету жүйесі құрылуда.

Тақырыбы: Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп.

Магнолия, 27 июня 2024 в 15:08

Тақырыбы: Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп.
1999 жылғы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. 2005 жылғы 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

Ақпараттық технологияларды дамыту-сот жүйесі үшін басым бағыт

Магнолия, 19 июня 2024 в 13:28

Ақпараттық технологияларды дамыту-сот жүйесі үшін басым бағыт
Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан, болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурсын да аяап жатқан жоқ. Осы елдердің арасында Қазақстанда бар. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берері артықшылықтары көп.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек

Магнолия, 18 июня 2024 в 21:48

Мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек
Ата Заңымызға сәйкес әр бір адам өз құқығын қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығының бірдей адвокат, нотариус жеке сот орындаушы немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ, оларға мемлекеттік бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын біле бермейді. Осы жерде мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек туралы айта кетейік.

Изменения в сфере оказания государственной услуги «Проведение аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя»

Магнолия, 18 июня 2024 в 21:48

Изменения в сфере оказания государственной услуги «Проведение аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя»
Согласно совместного приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 344 и и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 мая 2023 года № 115/НҚ «О реализации пилотного проекта по оказанию государственных услуг Министерства юстиции Республики Казахстан по проведению аттестации лиц, претендующих на право занятия профессиональной деятельностью и присвоению квалификации в автоматизированном режиме» запущен пилотный проект (далее – проект) по оказанию государственной услуги «Проведение аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя» Министерства юстиции Республики Казахстан в автоматизированном режиме на базе оператора по техническому обеспечению процедур тестирования и бесперебойного функционирования единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы.

Мемлекеттік қызметшінің абройы мен міндеті.

Магнолия, 18 июня 2024 в 21:38

Мемлекеттік қызметшінің  абройы мен міндеті.
Әділет департаментінің қызмет бағыттары келесі болып табылады:. — коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, құжаттарға апостиль қою, сот актілерін орындау, нотариат салаларында мемлекеттік қызмет көрсету. -құқықтық насихатты жүргізу;. -нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, заң кеңесшілердің қызметтеріне әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу;.

Тақырып: Әдепті болу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.

Магнолия, 18 июня 2024 в 21:38

Тақырып: Әдепті болу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.
Әдеп дегеніміз жақсы тәрбие, адамдармен жақсы мәміледе болу, көркем мінезді, ар-ұяттылық, сыпайылық, көркемдік деген сөз. Әдеп – ешбір ұры ұрлай алмайтын құнды қазына. Әдеп – адам мен жануарды ажырататын айырмашылық. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді.

Қазақстанда 1,7 млн-нан аса бала белсенді жазғы демалыс шараларымен қамтылды

Arna Press, 14 июня 2024 в 16:58

Қазақстанда 1,7 млн-нан аса бала белсенді жазғы демалыс шараларымен қамтылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жазғы лагерлердің жұмысы туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан баяндады.

Өнеркәсіп министрлігінде утильалымға қатысты отырыс өтті: не талқыланды?

Arna Press, 14 июня 2024 в 11:28

Өнеркәсіп министрлігінде утильалымға қатысты отырыс өтті: не талқыланды?
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утильалымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Отырыс басталған кезде вице-министр петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптардың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өтті.Петиция бастамашысы өз сөзінде утильалымының экономика салаларына, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібіне, құрылыс, жол және арнайы техника өндірісіне тигізетін әсері туралы айтты.«Отырыс барысындағы пікірталас аясында оның утильалымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбын, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайын қозғады.Атап айтқанда, өндіруші компаниялардың өкілдері утильалымы алып тасталса, жұмыс орындары қысқартылатынына алаңдаушылық білдірді.

Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды

Arna Press, 12 июня 2024 в 18:38

Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды
Күн тәртібінде суға шомылу маусымында өңірдегі өзендер мен көлдерде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, маңызды әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы бір құжат цифрландырылды

Arna Press, 12 июня 2024 в 14:08

Қазақстанда тағы бір құжат цифрландырылды
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.«Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды.

7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы

Arna Press, 07 июня 2024 в 15:58

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы
Қазақстанда монополияға қарсы қызмет 30 жыл бұрын құрылған және өзінің кәсіби мерекесі болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның монополияға қарсы қызметі 2021 жылға дейін ресми күнтізбеде өзінің кәсіби мерекесін өткізбеді. Тек 2021 жылғы 30 наурызда Үкіметтің қаулысымен мереке күндерінің тізіміне өзгерістер енгізілді.

Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Arna Press, 05 июня 2024 в 19:58

Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды
Ақсуат ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оның барысында аудандағы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгені анықталды.Прокуратура шараларымен артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.«Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірімен 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды.«Абай облысының прокуратурасыЕсепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) — тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.Сурет: Zakon.kz

Абай облысында оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру лагерьлері басталды

Arna Press, 05 июня 2024 в 13:08

Абай облысында оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру лагерьлері басталды
Абай облысының Бизнес және сервис колледжінде «Profi Camp» жазғы демалыс лагерінің бірінші маусымы басталды. Ашылу салтанатында балаларды ертегі кейіпкері қарсы алды, көңіл-күйлерін көтеріп, билеп, ойын ойнатты. Лагерьдің бірінші күні бағдарламасы бойынша балалар үстелде кәсіби қызмет көрсетумен танысты, өздері үшін спирограф құрастырды, биологиялық орталыққа барды, ойын-сауық тренингтеріне қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Profi Camp» бейінді белсенді демалыс лагерінің екінші күні — Мемлекеттік рәміздер күні балалар ҚР Әнұранын орындап, «Мен-патриотпын» квестіне қатысты.Кәсіби шебер-сыныптарда оқушылар этикет пен қонақтарды қабылдау негіздерін үйренді, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық, тамақ қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерінің негіздерімен ойын түрінде танысты.Колледж 8-14 жастағы балаларды кәсіби демалыс лагеріне қабылдайды.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Магнолия, 30 мая 2024 в 23:08

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған дөңгелек үстел өтті.
Бүгін, Тараз қаласы №2 сотының мәжіліс залында мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған дөңгелек үстел өтті. Іс шара барысында мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға назар аудару, казақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік — коммуникативтік міндеттерін кеңейту, азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін калыптастыру мәселелері қозғалды.

СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТІЛІ ҚАҒИДАТТАРЫ

Магнолия, 29 мая 2024 в 16:58

СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТІЛІ ҚАҒИДАТТАРЫ
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен қазақстандықтар жоғары оқу орындарына квота бойынша түсе алады

Arna Press, 27 мая 2024 в 20:28

Төтенше жағдайдан зардап шеккен қазақстандықтар жоғары оқу орындарына квота бойынша түсе алады
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау квотасының мөлшеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарына квота бойынша түсетін тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, келесілер толықтырылады:мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша міндетті әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген Қазақстан Республикасының азаматтары – 1 %;әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар – 20%.Қазіргі уақытта оның құрамына кіреді:бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар – 1;басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 0,5 %;ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;ауыл жастары арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтарына – 5 %;төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары – 5 %;кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 1%;бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер — 1%.Министрлікте атап өткендей, түзетулердің мақсаты – міндетті әскери қызмет өткерген және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер үшін жоғары оқу орындарына түсуге жаңа қабылдау квотасын қосу.Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Сурет: freepik

Қазақстанда білім беру қызметіне лицензия беру ережелері жаңартылды

Arna Press, 27 мая 2024 в 18:18

Қазақстанда білім беру қызметіне лицензия беру ережелері жаңартылды
ҚР Оқу-ағарту министрі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» туралы заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жаңа заң бойынша, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бекітеді.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді.

День памяти жертв политических репрессий: какие события пройдут в Карагандинской области

EKaraganda.kz, 27 мая 2024 в 17:05

День памяти жертв политических репрессий: какие события пройдут в Карагандинской области
Выставка и музейные уроки «Тар қапастағы суреттер сыры» проходят до 31 мая в областном музее Изобразительного искусства. Также, до 31 мая, в историко-краеведческом музее Балхаша организуются выставка и видеолекции «Дело № … Летопись горького времени».28 мая в 10.00 в карагандинской областной библиотеке имени Ж.

Мемлекеттік тіл

Магнолия, 27 мая 2024 в 14:08

Мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тіл — көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Arna Press, 27 мая 2024 в 13:38

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).

«Сот кабинеті және оның артықшылықтары»

Магнолия, 22 мая 2024 в 18:38

«Сот кабинеті және оның артықшылықтары»
Сот кабинеті қосымшасы сот процесінің қатысушыларының өмірін жеңілдетті. Қазіргі таңда адам өмірін жаңа технологиялар, интернет, әлеуметтік желілерінсіз елестету қиын. Цифрлық құжаттарды, жаңа банк картасын алу тәсілі онлайн қол жетімді болғандай, сотқа да талап арыз тапсыру рәсімі жеңілдетілді. Бұған бірден-бір дәлел «сот кабинеті» қосымшасы.

Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде 14 орынға көтерілді

Arna Press, 22 мая 2024 в 16:58

Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде 14 орынға көтерілді
Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде позициясын жақсартты-республика 66-шы орыннан 52-ші орынға көтерілді, бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 22 мамырда ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Біздің еліміз 14 позицияға көтерілді.«Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді.

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Arna Press, 20 мая 2024 в 20:08

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Қазақстан Үкіметі «Қазгидрогеология «Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», — делінген құжатта.КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.Сурет: pixabay
Показано 30 новостей из 273