Популярные темы

депо: новости — страница 66

Семей қаласының әкімі паралимпиада чемпиондарын марапаттады

Arna Press, 30 декабря 2022 в 11:38

Семей қаласының әкімі паралимпиада чемпиондарын марапаттады
Жаңа жыл қарсаңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының абыройын асқақтатып жүрген паралимпиада чемпиондарын марапаттады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сіздер тек Семей қаласының абыройын асқақтатып қана емес, еліміздің де намысын қорғап жүрсіздер. Қаламыздағы паралимпиада жүлдегерлері Қазақстан қалалары бойынша ең алдыңғы қатарда тұр.

Семей қаласында жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды

Arna Press, 29 декабря 2022 в 17:48

Семей қаласында жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды
Бүгін Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 64 отбасыға, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.«Жаңа жыл қарсаңында тұрғын-үйді қажет ететін азаматтарға қуаныш сыйлаған сәтке куә болып отырмыз.

Абай облысыда синтетикалық есірткі қойып кетуші ұсталды

Arna Press, 29 декабря 2022 в 15:28

Абай облысыда синтетикалық есірткі қойып кетуші ұсталды
Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.24 қарашада Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Рефлекс» ЖПІШ өткізу барысында облыс орталығында қойып кетуші курьерді ұстады.«Жеке тінту барысында 20 жастағы азаматтан изолентаға оралған ұнтақ пен түйіршік түріндегі ақ түсті заты бар 10 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

Ақтөбе тұрғыны алаяққа 25 миллион теңге аударған

Arna Press, 29 декабря 2022 в 11:48

Ақтөбе тұрғыны алаяққа 25 миллион теңге аударған
Ақтөбеде мемлекеттік мекеменің бухгалтері алаяққа 25 миллион теңгесін аударған, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Алаяқтардың айла-амалдарына тек зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар ақша санауды білетіндер де түседі. Бұл жолғы алдаудың құрбаны Мұғалжар ауданының 58 жастағы бухгалтері.Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын айтқан.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді

Arna Press, 28 декабря 2022 в 18:38

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр.

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Arna Press, 28 декабря 2022 в 17:28

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді
Астана қаласының мәслихаты қаладағы жаңа, бесінші аудан атауын Нұра деп бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, 2022 жылдың 1 желтоқсанында ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда жаңа аудан құру мәселесі қаралған.«Өздеріңіз білетіндей, бесінші аудан құру туралы мәселе көптен бері көтеріліп келеді.

8 жастағы қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

Arna Press, 28 декабря 2022 в 11:48

8 жастағы қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді
Қазақстандық жас шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.Латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. 8 жастағы қазақстандықпен болған ойын ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған.«Елордалық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды.

Абай облысының ПД шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған құжаттар тізімін жариялады

Arna Press, 27 декабря 2022 в 18:28

Абай облысының ПД шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған құжаттар тізімін жариялады
Брифинг барысында Абай облыстық полиция департаментінің өкілі шетелдік тіркеуі бар автомобильдерді заңдастыру қалай жүргізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жария ету рәсімі қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін бірден қолжетімді болады.Автомобильдерді заңдастырудың негізгі шарттары:«ҚР ІІМ деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде елімізде шетелдік автомобильдерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі рәсімделді.

«Тәуелсіз елім — тірегім!»: AMANAT партиясының қолдауымен аламан айтыс өтті 27 декабря 2022, 12:01

Tengrinews, 27 декабря 2022 в 12:13

Астанада AMANAT партиясының қолдауымен «Тәуелсіз елім — тірегім!» республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр аламаны ел егемендігі мен ұлт тұтастығына арналды. Айтыстың ашылуында AMANAT-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның ұйытқы болуымен биыл бірқатар республикалық айтыс ұйымдастырылғанын атап өтті.

Пышақпен қаруланған қарақшы Павлодардағы сауда үйінен 25 телефонды ұрлап кеткен

Arna Press, 27 декабря 2022 в 11:38

Пышақпен қаруланған қарақшы Павлодардағы сауда үйінен 25 телефонды ұрлап кеткен
Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.«Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген.

Абай облысында қаңғыбас мал мәселесін шешуге арналған пилоттық жоба іске қосылады

Arna Press, 26 декабря 2022 в 18:48

Абай облысында қаңғыбас мал мәселесін шешуге арналған пилоттық жоба іске қосылады
Абай облысында малды сәйкестендіру бойынша пилоттық жобаны іске қосуға ниетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Серік Байғалиев мәлімдеді.«Мониторинг қорытындысы бойынша және әлеуметтік желілердегі көптеген пікірлерден малдың көп саны анықталмағаны белгілі болды.

Қазақстанда 2023 жылы коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі

Arna Press, 26 декабря 2022 в 17:48

Қазақстанда 2023 жылы коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі
Қазақстанда инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігіне байланысты 2023 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтер көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews -ке сілтеме жасап.Сенатта «Табиғи монополиялар туралы» заңға бірқатар түзету енгізетін заң жобасы қаралды.

Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

Arna Press, 26 декабря 2022 в 12:48

Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді
Кентау тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады.

Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті

Arna Press, 26 декабря 2022 в 11:48

Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті
25 желтоқсан күні Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дәстүрлі мерекелік шараға 150 бала қатысты. Оның ішінде — балалар үйлерінің тәрбиеленушісі, үздік оқушылар, зияткерлік және спорттық олимпиадалардың жеңімпаздары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар.«Шырша мерекесінде балаларға жаңажылдық сыйлықтар табысталды.

Қазақстандағы 5G жиілігі 62,6 миллиард теңгеге сатылды

Arna Press, 23 декабря 2022 в 11:48

Қазақстандағы 5G жиілігі 62,6 миллиард теңгеге сатылды
2022 жылғы 22 желтоқсанда і мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онлайн сауда «gosreestr.kz» электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3600-3700 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті.Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.Онлайн сауда-саттық, аукционның ашық өтуіне септігін тигізе отырып, қатысушылардың арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастырды.

Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты

Arna Press, 23 декабря 2022 в 11:28

Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты
Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.21 желтоқсанда сағат 17:13-те «102» жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті.

Өскеменде есірткі қойып кеткен күдікті ұсталды

Arna Press, 22 декабря 2022 в 11:08

Өскеменде есірткі қойып кеткен күдікті ұсталды
Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және «Сергек» АБК инспекторымен бірлесіп, Барнауыл көшесінде курьер, қойып кетушіні ұстады. Күдікті 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.«Аумақ учаскесін тексеру барысында тәртіп сақшылары лентамен оралған ораманы тапқан, оның ішінде ақ түсті ұнтақталған зат бар 45 кішкене орама болған.

Музыкальный проект «Ескі таспа» подарил новую жизнь старым хитам 22 декабря 2022, 09:05

Tengrinews, 22 декабря 2022 в 09:13

Музыкальный проект
Из чего создаются воспоминания? Из важных событий, приятных мелочей, которые отзываются в сердце и их хочется хранить в памяти. Лучший способ это сделать — посетить любимые места или послушать ассоциативную музыку. О том, как молодые исполнители возрождали полюбившиеся хиты прошлых лет, — в нашем материале.

Семейде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылады

Arna Press, 21 декабря 2022 в 18:38

Семейде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылады
Семейде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы бүгін, 21 желтоқсанда, қала кәсіпкерлерімен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Әлібек Қуантыров Семейде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы негізінде әйелдер кәсіпкерлігі орталығын ашу жоспарланып отырғанын хабарлады.«Қозғалған мәселелердің бірі-әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бұл бүкіл ел бойынша өте өзекті болып табылады. Қазір Ұлттық экономика министрлігі БҰҰДБ және «Атамекен» палатасымен бірлесіп барлық өңірлердегі «Атамекен» алаңында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын ашу жобасын іске асыруда.

Шетелге ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Arna Press, 21 декабря 2022 в 17:48

Шетелге ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды мамыр айына дейін жүзеге асырады. Әлемнің ең үздік оқу орындары мен орталықтарында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген ғалымдарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ іріктеуден өткізеді.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі.

ШҚО-ның аудан әкімдігі жаңа жылдық шыршаға қатысты сынға жауап берді

Arna Press, 21 декабря 2022 в 10:58

ШҚО-ның аудан әкімдігі жаңа жылдық шыршаға қатысты сынға жауап берді
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов ауылында орнатылған шыршаның суреті қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар оны «жыл масқарасы» деп атады, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұтақтары салбырап, ескірген шамдар тағылған тірі шырша Интернеттегі жергілікті жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Қолданушылар мұндай «сұлулыққа» қанша ақша жұмсалғанына жауап беруді талап еткен.«Шырша бюджет есебінен емес, тегін орнатылды.

Семейде ер адам қоймадан 104 000 теңгенің тамағын ұрлаған

Arna Press, 20 декабря 2022 в 17:28

Семейде ер адам қоймадан 104 000 теңгенің тамағын ұрлаған
Семейде ер адам қоймаға ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына қаланың 53 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз адам аспалы құлыптың кілтін таңдау арқылы қоймаға кіріп, азық-түлік ұрлағанын хабарлаған. Қаскөй қоймадан 2 қорап Доширак кеспесі, 2 қорап Грито кеспесі, 2 қорап Қарлығаш кеспесін және 1 қорап Провансаль майонезін ұрлағаны мәлім болды.«Келтірілген шығын көлемі 104 500 теңгені құрады.

Абай облысында есептегі сотталған мемлекеттен грант ұтып, фотосалон ашты

Arna Press, 20 декабря 2022 в 15:48

Абай облысында есептегі сотталған мемлекеттен грант ұтып, фотосалон ашты
Абай облысында есептегі сотталған мемлекеттен грант ұтып, фотосалон ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Абай аудандық пробация қызметкерлері жазасын өтеп жүрген азаматты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсына жолдаған. Курс аяқталғаннан кейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес идеяны іске асыруға арналған грантқа қатысып, комиссияның шешімі бойынша мемлекеттен 1 250 000 мың теңге көлемінде өтеусіз грант ұтып алып, фотосалон ашты.«Өз кәсібімді ашып, облысымыздың дамуына үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын.

«Қазақстан халқына» қоры ШҚО-дағы тірек мектепті жарақтады

Arna Press, 20 декабря 2022 в 12:28

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Марқакөл ауылының №1 орта мектебінде материалдық-техникалық база толығымен жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауыл шекаралас аймақта облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан.

Семейде үш күн ішінде 253 құқық бұзушылық анықталды

Arna Press, 19 декабря 2022 в 19:18

Семейде үш күн ішінде 253 құқық бұзушылық анықталды
Семей қаласының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2022 жылғы 12 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Arna Press, 19 декабря 2022 в 11:58

Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен қаласы бойынша патрульдеу кезінде Славский атындағы жағалауда 29 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Audi автокөлігін тоқтатқан. Әңгімелесу барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольдің иісі шыққанын байқаған.«Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам орта дәрежедегі масаң күйде болған.

Аргентина құрамасы 36 жылда алғаш Әлем Кубогын жеңді

Arna Press, 19 декабря 2022 в 11:28

Аргентина құрамасы 36 жылда алғаш Әлем Кубогын жеңді
Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті. Матчтің басы толығымен Аргентина футболшыларының басымдығымен өтті. Нәтижесінде 23-минутта Лионель Месси пенальтиден гол соғып, есеп ашты.

«Мақсатым — Қазақстан туын желбірету»: Алмат Жұманов америкалық промоушенымен келісім шартқа отырды

SportInfo, 17 декабря 2022 в 17:37

«Мақсатым - Қазақстан туын желбірету»: Алмат Жұманов америкалық промоушенымен келісім шартқа отырды
Ел арасында Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов танымал америкалық Bare Knuckle Fighting Championship промоушенымен келісім шартқа отырды. «Бір жылдың ішінде 4 рет жекпе-жекке шықпақпын. Мен қатысатын спорт түрі «Кулачный бой» (жұдырықтасу) деп аталады. Бұндай жарыстарға бұрын соңды қазақ спортшылары шықпаған.

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, алаяқтық жасаған

Arna Press, 15 декабря 2022 в 17:48

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, алаяқтық жасаған
Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, ізін жасырған, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне 30 жастағы кәсіпкер алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген.«Оның айтуынша, бейтаныс жігіт одан ойын консолін жалға алған, алайда қайтаратын уақыты келгенде, ол телефонды өшіріп, жоғалып кеткен.

Абай облысының спортшылары «Жас барыс» Республикалық турнирінде жүлделерге ие болды

Arna Press, 15 декабря 2022 в 14:29

Абай облысының спортшылары
«Жас барыс» Республикалық турнирінде Абай облысының спортшылары жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.55 келі салмақта Нұрлатұлы Сұңғат I орын иеленді;55 келі салмақта Мақсұтов Қуаныш II орын иеленді;66 келі салмақта Бейбітхан Сейфолла I орын иеленді;72 келі салмақта Фермабек Керім II орын иеленді.Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
Показано 30 новостей из 2 618