Популярные темы

«Көгеріп жатыр екен». Ақтауда көршісінің салғырттығынан 2 бірдей баласынан айрылған әке сұхбат берді 15 ноября 2023, 10:09

Дата: 15 ноября 2023 в 10:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Қайғыдан қан жұтқан әке ұлы мен қызының өліміне кінәлі көршінің бостандықта тайраңдап жүргеніне және тергеудің өте баяу жүріп жатқанына шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

4 баланың әкесі Жанболат Келмегенов қас қағым сәтте-ақ, 2 жарым жастағы қызы Мәриям мен 10 айлық ұлы Берекеттен айрылып қалды. Олар тіпті уланып қалғандарын сезбеген.

«Таңға жақын білдік. Келіншегім Берекет деген құрттай балам көгеріп жатыр деді. Сол кезде шокпен қалай атып тұрғанымды білмеймін. Бірден далаға шығардық. Мәриямды қарадық. Ол да көгеріп жатыр екен. Екі үлкен балам да құсайыншы деп жатыр екен. Скорый телефон көтермеді. 102 ге соққанда олар бірден келді. Газдың иісі шығып жатыр деді. Бірақ, бізге иіс сезілмеді. Солар жедел жәрдем шақырып берді. Жедел-жәрдем келіп, 3-баламды құтқарды. Ол да көгеріп жатқан екен. Кейін қарасақ, кілемнің бәрі құсық. Аяқ-қол істемей, қапталға құсып жата бергенбіз. Қатты уланып қалдық», — дейді Жанболат Келмеденов.

Фото: Massaget.kz

Жанболат Келмеденов ұлы мен қызының қайтыс болғанын кейін түсінген. Қайғыдан қан жұтқан әке қайғылы жағдайға кінәлі көршінің бостандықта жүргеніне ашулы. Оның үстіне отбасы мүшелерінен жауап алу да әлі аяқталмаған.

«Басымызды айналдырды. Сіркеміз су көтермейді. Ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болып отырғанда тергеуді созып жіберді. Екі баланың өліміне кінәлімін деп мойындап отыр, шарасын алмай ма? Қолымыздың жіпсіз байланып тұрғаны, удың составын анықтай алмай отыр. Бірақ сонда да ол кісі бостандықта жүр әлі. Сол ғой менің айтайын дегенім. Әділдік қайда? 23-күні мен балаларымды жерлеп келдім. Ол кісі әлі үйінде дейді», — дейді Жанболат Келмеденов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями