Arna Press,
13 июля 2023
в 14:49
Жұмыс және педагогикалық тәжірибе колледж және университет білімін қамти ма? Бұл сауал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек министрлігі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек өтілі – қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған күнтізбелік уақыт, сонымен қатар еңбек өтіліне кіретін басқа да кезеңдер, мысалы, жалақысы сақталмаған демалыс, оқу демалысы, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі және т.б деп жауап берді.«Сәйкесінше, қызметкердің еңбек қызметін жүзеге асыруға жұмсаған уақыт кезеңдерінің (қызметкердің жұмысқа қабылданғаннан бастап жұмыстан босатылғанға дейінгі еңбек қызметінің барлық кезеңінің жиынтығы), сонымен бірге еңбек заңнамасына кіретін өзге де кезеңдердің жиынтығы Кодекске сәйкес еңбек өтілі деп есептеледі», — делінген жауапта.Бұл ретте, үкімет қаулысына сәйкес, мамандығы бойынша еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия белгілейтіні, оның құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетіні көрсетілген.Мамандық бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Arna Press,
13 июля 2023
в 13:58
Алматының полиция департаменті жол ережесін бұзған мопедшілермен қалай күресіп, талап қоятынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселені 13 шілде күні әкіммен кездесуде Бостандық ауданының тұрғыны көтерген болатын. Тұрғын Ерболат Досаевтан неге мопедшілерге жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салуға болмайтынын сұрады.«Балалар жаяу жүргіншілер жолымен жүреді, ал біздің барар жеріміз жоқ, жолға шығуын сұраймыз, бірақ олар ештеңе істемейді», — деп шағымданды қала тұрғыны.Бұл сауалға жауап берген Алматы әкімі электроскутерлердің қозғалысы заң жүзінде реттеліп қойғанын еске салды.
Arna Press,
13 июля 2023
в 13:08
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелетін болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер: жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б. шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді», – делінген ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі.
Arna Press,
13 июля 2023
в 12:08
Қазақстанда ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
Arna Press,
12 июля 2023
в 19:28
Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мой город» басылымының ақпараты бойынша оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан.
Arna Press,
12 июля 2023
в 18:28
Өткен жылы Ертістің оң жағалауындағы жағажайды өз күшімен жабдықтаған Ержан Амарханов, бүгінде қала әкімдігі аталған демалыс орнын тартып алғысы келетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Өткен жылы қала тұрғыны Ертістің жағасына өз қаражатына құм әкеліп, күннен қоғайтын шатыр орнатты.
Arna Press,
12 июля 2023
в 17:38
«Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды», — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн.
Arna Press,
12 июля 2023
в 17:08
Бос орындар жәрмеңкесі 14 шілдеде сағат 18.00-де «Арбат» алаңында өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыз азаматтарға, NEET санатындағы жастарға және оқу орындарының түлектеріне арналған.«Жәрмеңкені өткізудің мақсаты — оқушы жастарды жұмыспен қамтуға, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімімен таныстыру.
Arna Press,
12 июля 2023
в 15:28
Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», делінген хабарламада.Айта кететін жайт, шомылу маусымы басталғаннан бері бұл жетінші қайғылы оқиға.
Vera.kz,
11 июля 2023
в 20:29
Известный трансплантолог Абылай Донбай отказался проводить операции после увольнения с должности главного врача городской больницы N 1, сообщает vera.kzГромкое заявление сделал сегодня известный трансплантолог Шымкента. Абылай Донбай сообщил в своей социальной сети о том, что прекращает проводить операции по пересадке почек и печени.
Arna Press,
11 июля 2023
в 18:28
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгертіліп, Абай облысының шекаралары белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда,мына облыстардың шекаралары өзгертілді:Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірліктерді – Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат ауданы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар облыстарын алып тастай отырып, жалпы ауданы 18536,6 мың га Абай облысына берілді;Жалпы ауданы 11 000 га әкімшілік-аумақтық бірлік – Курчатов қаласын алып тастау арқылы Павлодар облысы.Сонымен бірге, жалпы ауданы 18547,6 мың га болатын Абай ауданының шекарасы әкімшілік-аумақтық бірліктерді қосу арқылы өзгерді.
Arna Press,
11 июля 2023
в 17:28
Арнайы операция барысында ҰҚТ 5 белсенді мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы «шолақ» мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасапТоп мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізілуде.«Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған.
Arna Press,
11 июля 2023
в 15:58
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ақын рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, жастар, әр саланың өкілдері, ақынның ұрпақтары да қатысты.
Arna Press,
11 июля 2023
в 15:58
Аталмыш сайыста гарнизондағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасы, әскери полиция басқармасы, сондай-ақ 28738, 44793 және 32388 әскери бөлімдері сынға түсті, — деп хабарлайды деп Arnapress.kz тілшісі өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеке құрамның дене дайындық деңгейімен қатар құжаттаманы жүргізу тәртібі, оқу-жаттығу және спорттық даярлық жағдайын бағалау үшін Бас штабтың жауынгерлік даярлық департаменті дене даярлау басқармасының аға офицерлері майор Олжас Сердалиев пен подполковник Серік Давлеталиев спорттық шараға арнайы қатысты.Дайындық деңгейі физикалық жылдамдық, күш және төзімділік қасиеттерімен сарапталды. Әскери қызметшілердің жылдамдығы жүгірумен қатар кедергілерден өту жаттығуларында сыналса, алып күштің әлеуеті 24 келі гір тасын жұлқа көтеруде айдан-анық белгілі болы. Әскери қызметшілердің болаттай берік, темірдей төзімділігі автоматпен 1 км, 3 км және 5 км маршқа жүгіруде бағаланды.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:29
Әлеуметтік желілерде Алакөлге демалуға бара жатқан адамдар жағар май құю бекеттерінде бензин жетіспейтінін айтуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл жағдайға байланысты облыс әкімдігінде түсініктеме берілді.Белгілі болғандай, мереке күндері Үржар ауылында бензиннің қорын азайтпау мақсатында «ҚазМұнайГаз» АҚ ЖҚС басшылығы АИ-92 маркалы бензинді бір қолға 5 000 теңгеге ғана сату туралы шешім қабылдаған болатын. Қазір жағдай тұрақты, ешқандай шектеу жоқ, деді әкімдікте.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:29
5 шілдеде сағат 12:30 шамасында Абай облысы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, көшеде жоғары жылдамдықпен жүріп өткен ВАЗ 21114 маркалы автокөлігін тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжаттарын тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгісін тағып қойғанын анықтайды.«Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:29
Ақтөбеде 16 шетелдік азамат ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 7 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтады.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:29
Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:28
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда таратылу сатысында тұрған банктердің тізімін атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.Салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойы тарату рәсімінен өтіп жатқан 9 банк бар, олар:2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясынан айырылған «Валют-транзит банк» 2007 жылғы 1 наурыздан бастап тарату процесінен өтіп жатыр;Еске салайық, «Ашық НҚА» порталында 26 шілдеге дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат талқыланып жатыр.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:28
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 6 000-нан астам автокөлік тіркелген, оның 1300-і «автоқұрылғы» ретінде тіркелген, яғни Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.1 шілдеден бастап заңдастырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:28
Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Старая Крепость ауылының маңына келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқап, 39 жастағы бақша иесін табады. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталуда.«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады Полиция Департаментінде.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
04 июля 2023
в 19:38
Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №1005 жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«ҚРҰҚ қаражатын пайдалану» тарауына мынадай мазмұндағы қосымша тармақша енгізіледі: «нысаналы талаптарды төлеу түрінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы жинақтарды аударуға және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жабуға, нысаналы талаптарға Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы жыл сайын ҚРҰҚ-ның есепті жыл алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық табысының 50 пайызы есебінен қалыптастырылатын және есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық табыстың осы сомаға жыл сайын есептелетін міндеттемелері жатады».Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады, Ұлттық қорды пайдалану мәселелері бойынша президентке — Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жәрдем көрсетеді және ұсынымдар әзірлейді.Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Осыған дейін Қаржы министрлігі «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын қалай және қашан жүзеге асыру жоспарланғанын айтқан болатын.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу туралы бастама көтерген болатын.Осы жылдың 1 тамызына дейін Ұлттық қордың аудитінің қорытындысы бойынша жылдық есепті бекіту жоспарланып отыр.
Arna Press,
04 июля 2023
в 18:50
Ақорданың сайтында хабарланғандай, президенттің тапсырмасымен мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мүфтиятта болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Кенесары ханға тиесілі Құран кітабын тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғаны және оның елге оралғаны жайында мәлім еткен болатын.«Мемлекеттік кеңесші Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толық зерттеп, оның Кенесары хандікі екенін бірауыздан анықтағанын атап өтті.
Arna Press,
04 июля 2023
в 18:08
Абай облыстық сотта журналистерге арналған брифинг өтіп, жарты жылда жылда атқарылған жұмыс туралы баяндалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Назгуля Абдуалиеваның айтуынша қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралуда.«Қаңтардағы оқиғаларға қатысты істерге келер болсақ, қазіргі уақытта бізде бір іс алғашқы инстанцияда қарау сатысында, тағы бір іс апелляциялық сатыдағы сотта тұр» – деді Назгуля Абдуалиева.Бұл істер әлі заңды күшіне енбегендіктен, басқа ақпарат жариялауға келмейді, деп қосты сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы.Айта кетейік, бүгінде Абай облысында 20 сот бар.
Arna Press,
03 июля 2023
в 17:08
3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жолға шықты.Келгеннен кейін өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады.
Arna Press,
03 июля 2023
в 17:08
3 шілде күні сағат 13:06-да «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның аспалы көпірінің конструкциялары шығып бара жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу шықты.Құтқарушылар келгеннен кейін 2001 жылы туған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгені анықталды.
Arna Press,
03 июля 2023
в 17:08
3 шілдеде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек 1 шілдеден бастап шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министрліктің ресми өкілінің сөзінше, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23 қаңтардан бастап елімізге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырды.«1 шілдеде заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылды, осы кезеңде 196 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды», деп айтты Шұғыла Тұрлыбек.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
03 июля 2023
в 15:18
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Кейінгі бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Жылдық есеппен есептегенде, ЖҚТБ баға индексі 109,1 пайыз болды», — деп түсіндірді бюро.Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осыған қатысты бұл күтілген дефляция екенін айтты.«Алты айда біз долларға қатысты 3 пайызға, ал рубльге қатысты бірден 19 пайызға өстік», — деді ол Telegram-арнасында.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Arna Press,
03 июля 2023
в 14:18
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Белгіленген шекті көтерме сауда бағамен тоннасына 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде) зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды.«Айта кету керек, 2022 жылы Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10% — ға төмендеді.
Arna Press,
03 июля 2023
в 14:18
Қалалық әкімдік семейліктерді бұқаралық спортпен айналысуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ашық аспан астында йога, Crossfit, Zumba сынды спорт түрлері мен би билеуге мүмкіндік бар. Барлығы тегін, делінген әкімдіктің хабарламасында.«Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары! Салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен баулу мақсатында Сіздерді «Баршаға арналған Спорт» спорттық-бұқаралық іс-шарасына қатысуға шақырамыз. Іс-шара қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған.