Популярные темы

Алматыдан Лондонға ұшып шыққан қазақстандық ұшақ қолайсыз ауа райы кезінде аман-есен қонды

Дата: 05 января 2024 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыдан Лондонға ұшып шыққан қазақстандық ұшақ қолайсыз ауа райы кезінде аман-есен қонды
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылғы 2 қаңтарда Air Astana әуе компаниясының KC663 Алматы – Лондон рейсін орындаған A321LR ұшағы дауылды ауа райы кезінде аман-есен қонды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, дауыл Ұлыбританиядағы барлық көлік түріне айтарлықтай кедергі келтірген. Атап айтқанда, Лондонның Хитроу әуежайында бірнеше рейс басқа әуежайға қонуға мәжбүр болды.

«Эйр Астана» баспасөз қызметінің хабарлауынша, көптеген рейс, соның ішінде KC663 рейсі де ауа райының қолайсыздығына қарамастан Хитроу әуежайына сәтті қонды.

«Әр рейсте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Біздің экипаж қолайсыз ауа райында 150 жолаушыны діттеген жеріне аман-есен жеткізіп, өздерінің шеберлігі мен кәсібилігін тағы бір рет көрсетті». Air Astana шеф-пилоты Олег Колесников. 

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями