Магнолия,
29 ноября 2024
в 17:48
Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ қабылдаған шешімдеріне келтірілген шағымдарды соттардың қарауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2 тармағында, 76-бабының 1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында бекітілген әркімнің сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан соттар сот төрелігіне қол жеткізуді, сотқа шағыммен жүгіну негіздерін көздейтін және оларды қарау тәртібін реттейтін заң нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
Магнолия,
28 ноября 2024
в 12:08
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 16:38
Жыл басынан бері Абай облысында 660 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, бұл әрекет 60-тан астам факті бойынша жүзеге асырылды.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 14:48
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 14:18
Семейлік Дастан Буланов 2024 жылғы «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дастан Буланов кәсіби біліктілігі, өз ісіне адалдығы мен жоғары деңгейдегі қызметтік дайындығы үшін марапатталды. Ол конкурста заңнаманы білу, практикалық дағдылар мен физикалық дайындық сынақтарынан өтті.
Arna Press,
12 ноября 2024
в 12:18
Ағымдағы жылдың 8-10 қараша аралығында Абай облысында республикалық «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараның мақсаты жол-көлік оқиғаларының санын азайту, ауыр зардаптары бар оқиғалардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына көмекке келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді» — делінген хабарламада.Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Қиын метеорологиялық жағдайда құқық қорғау қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін ұялатты.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:28
Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-тің 446-бабының 3-бөлігінің тәртібімен енгізілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) наразылығы, облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот судьялары) қаулысымен кассациялық сатыға берілген ҚПК-тің 486-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша ғана жүргізеді. ҚПК-тің 485-бабының 1, 2 — бөліктерінде көзделген зардаптарға әкеп соққан қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдарды дұрыс қолданбау жағдайлары ғана заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Arna Press,
11 октября 2024
в 17:48
Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түсті деп, — хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапПолиция «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам – Ақсукент тас жолы бойында тоқтатады.Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған.
Arna Press,
10 октября 2024
в 12:38
2024 жылғы 10 қазанда палатаның жалпы отырысында Сенат депутаты болып тағайындалған Марат Қожаев Қазақстан халқына ант берді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Марат Қожаевты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор етіп тағайындағанын еске салды.«Сізді сенатор болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз.
Akorda.kz (KZ),
03 октября 2024
в 19:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Мемлекеттік тіл — көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Arna Press,
27 сентября 2024
в 16:38
ҚМА Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы «Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Қылмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.«Жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені анықталды.
Arna Press,
23 сентября 2024
в 20:08
23-25 қыркүйегі аралығында Абай облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау.Іс-шара жазалау сипатында емес, алдын алу сипатында жүргізіледі. Себебі әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ, құқық бұзушының өзі де, басқа да адамдар да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.Сонымен қатар, заңнамада борышкерлер әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге құқылы екендігі көзделген.«Сондай-ақ, айыппұл уақытында төленбеген жағдайда, айыппұл салу туралы қаулылар мәжбүрлеп орындатуға жолданатынын және оларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылатынын ескертеміз», — делінген Абай облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
19 сентября 2024
в 14:08
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын екінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат жекелеген көлік түрлерінің, оның ішінде мопедтердің жүруін ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді құқық жағынан реттеуді және Қазақстан аумағында жол қауіпсіздігін цифрландыруды көздейді.Қылмыстық кодекске мопедтерді «басқа механикалық көлік құралдары» ұғымына жатқызуға қатысты түзету ұсынылады (3-баптың 8) тармағы).«Жол жүрісі туралы» заңға келесідей түзетулер енгізіледі:«Орташа жүру жылдамдығы» ұғымы енгізіледі және оны есептеу тәртібі көзделеді (көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалады).Осы ұғымды енгізу сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары орнатылған жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдық режимін асыру салдарынан болатын көлік апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.Бұл ретте «орташа жүру жылдамдығын» көрсетілген аспаптар мен құралдар автоматты түрде айналма жолдар жоқ жолдардың қала сыртындағы және түзу сызықты учаскелерінде ғана есептейді.
Arna Press,
19 сентября 2024
в 11:38
Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің 18 қыркүйектегі пленарлық отырысында ел армиясындағы тәртіпсіздікті болдырмау және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Балаларды әскерге жіберіп, тек өзіміз зиян шегіп отырмыз.
Arna Press,
02 сентября 2024
в 13:28
Қазақстан шекарасында 84 шетелдік ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған адамды ұстады, оның ішінде:Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:Каспий акваториясында 9 браконьерлік дерегінің алды алынды:«Алды алынған залал сомасы 19,4 миллион теңге болады.
EKaraganda.kz,
02 сентября 2024
в 13:05
В преддверии Дня Конституции в ДП Карагандинской области наградили отличившихся сотрудников. Мероприятие открыл начальник ДП области Негмет Исмагулов. — От всей души поздравляю всех с Днем Конституции! Конституция — это высший нормативный акт, который служит укреплению верховенства закона и развитию общества.
Магнолия,
28 августа 2024
в 00:08
Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді құрметтеу, әрқайсысымыздың парызымыз. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп бекітілген.
Arna Press,
14 августа 2024
в 14:18
Жыл басынан бері Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында 300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 13-15 тамыз аралығында облыс аумағында «Аnti-fraud«жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, тәртіп сақшылары атап өткендей, әлеуметтік желілердегі онлайн-мәмілелерге байланысты жасалатын, банк карталарынан ақша ұрлау, азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық болып табылады.Полицейлер барлық азаматтарды қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 арнасына хабарлауға шақырады.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
12 августа 2024
в 14:58
«Қарасора» ЖПІШ өткізудің өткен кезеңінде Абай облысының түрлі аудандарында 54-тен астам есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында қылмыстық топтардың, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, контрабандамен және өсірумен айналысатын олардың ұйымдасқан нысандарының қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2024» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.Нәтижесінде 4 қылмыскер ұсталып, 68 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде:Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Arna Press,
09 августа 2024
в 00:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Arna Press,
08 августа 2024
в 10:18
Қазақстандық кинотеатрларда кәмелетке толмағандардың киносеанстарға кіруін бақылау күшейтілді. Қазақстандықтар кинотеатрларға балаларды олардың ересек аға-әпкелерімен бірге кіргізбейтіндігіне шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы кинотеатрларының бірінде бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 132-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.
Arna Press,
07 августа 2024
в 20:48
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:08
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз.«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Arna Press,
26 июля 2024
в 16:08
Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Arna Press,
23 июля 2024
в 16:48
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұлттық мұнай-газ компаниясы мұнай өнімдерін сатуды шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 500 миллион теңгеден астам айыппұл салды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) прокуратура органдарымен бірлесіп «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Акционерлік қоғам) қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.Тексеру қорытындысы бойынша Акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.Осылайша, Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады.Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.Сурет: Zakon.kz
Akorda.kz (KZ),
18 июля 2024
в 13:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
11 июля 2024
в 12:28
Өткен жылдың жазында орын алған ауқымды өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. – 9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды.