Arna Press,
07 сентября 2026
в 18:48
Абай облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Ер адам ішімдікке әуес болып, әйелін себепсіз қызғанып, жүйелі түрде ұрып-соғып отырған. Алайда жәбірленуші болған жағдайды ешкімге айтпаған. Қоғамның сынынан қорқып, отбасындағы мәселелерді «ұят» деп қабылдап, зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген.Кезекті жанжал қайғылы аяқталды.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 16:18
4–6 қыркүйек аралығында Абай облысының аумағында мотоцикл, мопед және өзге де мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Іс-шараның негізгі мақсаты — екі дөңгелекті көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарының: тіркелуін және мемлекеттік нөмірінің болуын; қажетті құжаттарының болуын; жүргізушінің көлік басқару құқығын; техникалық жағдайын; мотошлем мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.Іс-шара қорытындысы бойынша 288 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 14:28
Абай облысының полицейлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан.Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Осылайша, азамат бірден бірнеше талапты бұзған.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 18:18
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында аумақтардың санитариялық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Жыл басынан бері полиция қызметкерлері санитариялық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына байланысты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.Нәтижесінде 9 151 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Брифингте полиция подполковнигі Ержан Ақбаев айтуынша, 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында облыста «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасына 357 қызметкер жұмылдырылған.Балалардың қараусыз қалуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 167 рейд өткізілді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2026 жылғы тамыздағы қызметінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау барысында шекарашылар құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде 5 588 заң бұзушыны ұстады.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысының Жарма ауданында полиция қызметкерлері Шалабай ауылының аумағында мотоцикл басқарған 59 жастағы азаматты тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның көлік құралын басқару құқығы болмаған.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көлік басқару құқығы жоқ адамның мас күйде көлік жүргізуі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мас күйде көлік басқару жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.Фото: ПД
Arna Press,
01 сентября 2026
в 14:58
2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған «Қолжетімді құқық аумағы» көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz «Соц.kz» қоғамдық қорына сілтеме жасап.Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Акцияға қатысатын серіктестер:* Абай облысының прокуратурасы; * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті; * Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; * Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті; * Абай облысының Полиция департаменті; * Абай облысының Әділет департаменті; * Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы; * Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы; * Абай облысының Білім басқармасы; * Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; * Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі; * Семей қаласының Құрылыс бөлімі; * Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі; * Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі; * Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; * Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.Фото: ЖИ
Arna Press,
27 августа 2026
в 11:28
Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.Көлік арнайы тұраққа қойылдыҚұқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
Абай облысында «Назар аударыңыз, балалар!»жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта көшелер мен қоғамдық орындарды тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда, деп хабарлайдв Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Рейд барысында 409 бала ішкі істер органдарына жеткізілді, ал 16 жасөспірім Балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды.Жалпы рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 446 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
26 августа 2026
в 10:48
24 тамызда Бородулиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шүлбі су қоймасының акваториясында патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.Рейд барысында тәртіп сақшылары су айдынын тексеріп, белгіленбеген орындарға заңсыз орнатылған балық аулау құралдарын анықтады.
Arna Press,
24 августа 2026
в 14:58
Абай облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Акцияның басты мақсаты — азаматтардың қолында заңсыз сақталған немесе пайдаланылмайтын атыс қаруын ерікті түрде қабылдап, оны азаматтық айналымнан шығару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Шара басталғалы облыс тұрғындарынан 38 өтініш келіп түскен.
Arna Press,
18 августа 2026
в 11:38
шкі істер министрлігі тасжолдарда жылдамдықты асыруға қатысты қате қалыптастырылған айыппұлдар бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kzІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, 13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған.Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыруға қатысты кейбір құқық бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.Қазір ІІМ мамандары әріптестерімен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жүргізушілерге арнайы полицияға жүгінудің немесе қате айыппұлды дәлелдеудің қажеті жоқ.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
Демалыс күндері Абай облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Бір түннің ішінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтап, жолын кесті. Олардың қатарында қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу фактілері бар.Сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқарған жүргізушілер анықталды.Рейд барысында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Arna Press,
14 августа 2026
в 16:18
Абай облысында жол апаттары салдарынан 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды6, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиғалардың төртеуі Аягөз ауданында болып, 8 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма және Үржар аудандарында бір-бірден жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үржар ауданындағы апатта бір адам көз жұмды.Мұндай қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі — малдың қараусыз жайылуы.
Arna Press,
14 августа 2026
в 11:08
Жыл басынан бері өңір аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.«Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру азаматтардың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Arna Press,
12 августа 2026
в 13:38
Павлодарда жаңа туған нәрестені заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап.Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты әлі дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған.
Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Абай облысында Ресей Федерациясынан әкелінген карантиндік ағаш материалының еліміз аумағына өткізілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ауыл шаруашылығы минстрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторлары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.Қайталама тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Семей қаласына жеткізілген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалынан (қарағай) қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері табылды.
Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын елге экстрадициялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тергеу мәліметінше, күдікті 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз интернет-казиноны жарнамалап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға қатысуға тартқан.
Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Семейде абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.Кезекті рейд барысында Қ.
Arna Press,
05 августа 2026
в 14:38
Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг барысында діни қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz діни басқармаға сілтеме жасап.Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан стримерлерге қатысты бақылауды күшейтіп, республика бойынша 20-дан астам азаматтың жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды мақсат еткен кейбір стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Жарма ауданына қарасты Үкілі ауылы ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Бұл — ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған ортақ бастамасының нәтижесі.51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын ауыл халқы алкоголь өнімдерінен саналы түрде бас тартып, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
Абай облысының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақсуат ауданында той кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Ақсуат ауданының Қабанбай көшесінде болған.
Arna Press,
30 июля 2026
в 11:48
Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы контент анықталған.
Arna Press,
29 июля 2026
в 13:58
Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Arna Press,
28 июля 2026
в 16:08
Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялаған тоғыз автордың әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, олар TikTok платформасында тікелей эфир өткізу кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлаған.
Arna Press,
23 июля 2026
в 18:28
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты бақылау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, акция басталғалы бері бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелерінің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.Анықталған құқық бұзушылықтардың 6800-ден астамы – қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ал 650-ден астамы — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.Барлық құқық бұзушылар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.Полиция департаментінің хабарлауынша, бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, өңірдегі тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Arna Press,
23 июля 2026
в 14:28
Қазақстандық Бауыржан Бақытжанұлы көп әйел алу жөнінде жазбалар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қ азақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.