Популярные темы

депо: новости — страница 52

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ

Arna Press, 01 мая 2023 в 13:18

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ
Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын іске асырды,– деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл оларға жеңілдіктің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынбай, паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 622-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірі саналатынын айқындайды.Оларға: – «Батыр Ана» атағына ие болған;– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;– мүгедектігі бар адамдар;– Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;– ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалар жатады.Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар» және «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын балалар» санаттарына жататын азаматтар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жүзінде растауы керек.Бұдан басқа, осы жылдың ақпан айында Салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілді.

Жетісуда аяқ астында тапталып жатқан Елтаңба халық наразылығын тудырды

Arna Press, 30 апреля 2023 в 23:48

Жетісуда аяқ астында тапталып жатқан Елтаңба халық наразылығын тудырды
Жетісу облысында сот ғимартының аумағында мемлекеттік рәміз жерде жатқан бейнежазба тарады. Мұны Сандуғаш Дүйсенова есімді қолданушы видеоға түсірген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.«Жетісу облыстық соты. Қазір Сандуғаштың тіміскіленіп, кірмейтін жері жоқ деп айтасыңдар.

Семейде масаға қарсы күрес басталды

Arna Press, 30 апреля 2023 в 23:48

Семейде масаға қарсы күрес басталды
Бүгін Семей қаласында масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мердігер ұйым зиянкестерге қарсы дезинсекциялау жұмыстарын Бейбітшілік аралы мен Ескі бекініс ауданындағы өзендерде жүргізді. Арнайы химиялық заттардың көмегімен 1,2 сатыдағы масалардың ұялары жойылуда.

Екібастұздағы алапат өрт сөндірілді

Arna Press, 27 апреля 2023 в 23:48

Екібастұздағы алапат өрт сөндірілді
Бүгін сағат 17: 57-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатырының өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, шақырту орнына 7 техника мен жеке құрамның 40 адамы жіберілді.«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде шатырдың 800 шаршы метрін және ауданы 8 шаршы метрді құрайтын екі балконның өртеніп жатқанының куәсі болды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», делінген хабарламада.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.Сурет: Zakon.kz

Неміс инвесторлары Семейде қоқыс өңдейтін зауыт салуды ұсынды

Arna Press, 27 апреля 2023 в 15:38

Неміс инвесторлары Семейде қоқыс өңдейтін зауыт салуды ұсынды
Зауыт құрылысың жобасы, сондай-ақ ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялау жұмыстары инвесторлар есебінен толығымен қаржыландырылады.Семейде қоқыс өңдеу желісі бар жаңа полигонның құрылысы әлдеқашан күтілуде, өйткені қазіргі қолданыстағы полигон ескі. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «AMK Global» компаниясының өкілдерімен кездесуде айтты, — деп хабарлайды Arnapress.кz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Біз нөлдік қалдықтарды қайта өңдеу тұжырымдамасын әзірледік, ол да экономикалық тұрғыдан тиімді болады.

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Arna Press, 27 апреля 2023 в 14:38

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
Көкпекті ауданынан Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.27 сәуір күні «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс — шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA автокөлігін тоқтатады.Тексеру барысында көлік жүк салғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған, — делінген ресми хабарламада.Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Водный кентіне су тарту жұмыстары жаз мезгіліне жоспарланды

Arna Press, 26 апреля 2023 в 18:08

Водный кентіне су тарту жұмыстары жаз мезгіліне жоспарланды
Бүгінгі күні облыс 91,9% орталықтандырылған сумен жабдықталған. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Аталған көрсеткішке жету үшін 32 жобаны іске асыру көзделген. Алайда, бүгінгі күні әлі де өмір нәріне мұқтаж 50 мыңға жуық облыс тұрғыны бар.

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

Arna Press, 26 апреля 2023 в 15:18

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды
Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, Бітібаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдегі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтін шыққанын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.«Өрт жоғарыдағы қабаттардың балкондарына тез тарады.

Семейдің автобекеті қаланың басқа бөлігіне көшірулуі мүмкін

Arna Press, 26 апреля 2023 в 14:38

Семейдің автобекеті қаланың басқа бөлігіне көшірулуі мүмкін
Семей қаласының жаңа бас жоспарында сауда жүргізіліп жатқан Аймауытов, Чехов, Шугаев көшелерінің учаскелерін қозғалыс үшін ашу көзделіп отыр. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қалалық сауда орындары мен базарлардың аумақтарын аралаған кезде айтты, — деп хабарлайды Arnapress.кz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта «Ақшың», «Арғымақ» және «Мереке» базарлары ауданында сауда контейнерлері, қоршаулар мен автотұрақтар орналасқандықтан қозғалыс қиын. Қаланың бұл бөлігі соңғы жылдары ең көп көлік ағынының орнына айналды.

ҰҚК «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді

Arna Press, 26 апреля 2023 в 13:28

ҰҚК
2023 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді, — делінген ресми хабарламада.Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін келесі жерлерден анықтады: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3.Бұдан басқа, бұрын хабарлағанымыздай Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Әлем чемпионатында жүлде алған қазақ боксшылары қанша сыйақы иеленеді?

Arna Press, 26 апреля 2023 в 12:38

Әлем чемпионатында жүлде алған қазақ боксшылары қанша сыйақы иеленеді?
Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына Қазақстанның құрамасы да қатысады. Кіл мықтылар бақ сынайтын жарыста жүлде алған боксшыларға Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) арнайы сыйақы тағайындаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.Ал жүлдегерлер тұғырына шыққан қазақ боксшылары бұдан бөлек федерация президенті Кеңес Рақышевтың қосымша сыйына да ие болады.IBA әлем чемпионы атанған боксшыға 200 мың доллар, күміске – 100 мың, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген.

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді

Arna Press, 26 апреля 2023 в 12:38

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді
Семейде бір-неше таксистті алдаған алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алаяқтар «Апару», «Яндекс» және «Индрайвер» сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен, жүргізушілерді құрыққа түсіретін. Қаскөй мемлекеттік мекемелер орналасқан мекен-жайға тапсырыс беріп, жолда жүргізушілерді дүкенге тауар сатып алуды немесе теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде беретін.

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты

Arna Press, 25 апреля 2023 в 16:38

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты
Абай облысында алқабилер сотының қатысумен алғашқы айыптау үкімі шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бір жыл бұрын бұл оқиға халықтың аузынан түспеген. Үржар ауданының тұрғыны 2 баланың әкесі болған жас кәсіпкердің қайтыс болуында кінәлі деп танылды.Дауыс берушілердің бірауыздан бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, адам өлтіру бойынша кінәлі деп шешім шығарды. Қайғылы оқиғаға себеп болған, жол үстіндегі келеңсіз жағдай.

Карагандинских школьников агитируют получать технические профессии, предлагая бесплатное обучение на гранте

EKaraganda.kz, 25 апреля 2023 в 15:05

Карагандинских школьников агитируют получать технические профессии, предлагая бесплатное обучение на гранте
Сейчас в Карагандинской области в колледжах обучается 31 912 студентов, в том числе по государственному заказу – 21 516 (67% студентов), на платной основе –10 396 (33% студентов). В этом году было принято 10 584 студентов, в том числе 7 653 студентов по государственному заказу. Чтобы помочь школьникам в выборе достойной профессии, в учебных заведениях с ними проводится специальная работа. — Сейчас мы по-новому выстраиваем и работу по профориентации для школьников.

4 күндік жұмыс аптасына қатысты Еңбек министрлігі пікір білдірді

Arna Press, 25 апреля 2023 в 12:58

4 күндік жұмыс аптасына қатысты Еңбек министрлігі пікір білдірді
Министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап Еңбек кодексі бойынша енгізілетін өзгеріс жұмыс апталарын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезекпен ауыстыру туралы сөз болып отыр.«Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады.

Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Arna Press, 25 апреля 2023 в 12:18

Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты.

Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады

Arna Press, 25 апреля 2023 в 12:18

Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаладағы үйлердің қасбеттерін бояу бойынша мердігер ұйымдардың басшыларымен көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Семейде өрт кезінде екі адам құтқарылды

Arna Press, 25 апреля 2023 в 10:08

Семейде өрт кезінде екі адам құтқарылды
Өрт 24 сәуір кешкі алты шамасында Сәтбаев көшесіндегі көппәтіплі үйлердің бірінде шыққан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 1 қабаттағы пәтерде қатты түтін байқалды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны дереу құрылды. Бірінші буын барлауға кірісті.

Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті — ФТБ

Arna Press, 25 апреля 2023 в 10:08

Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті - ФТБ
Федералды тергеу бюросының денверлік бөлімшесінің өкілдері туристер мен жиһанкездерге әуежайларда, қонақүйлерде және сауда орталықтарында тегін смартфон қуаттау орындары сіздің қауіпсіздігіңізге залал келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.Арнайы қызмет мамандарының мәліметінше, қаскөйлер қоғамдық орындарда USB-порттары арқылы зиянкесті бағдарламаларды енгізу арқылы сіздің смартфондағы мәліметтерге мониторинг жүргізе алады екен.«Өз қуаттағышыңызды қолданыңыз немесе порттың орнына электр сымдарын пайдаланыңыз», — деп кеңес береді олар.ФТБ өкілдері алаяқтықтың бұл түріне juice jacking деген атау берген.«Қаскөйлер қуаттағышқа немесе кабельге зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету орнатып, сіздің телефоныңызға вирус кіргізеді.

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 23:08

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталды
Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот санкциясы бойынша, 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалған.«Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды», — делінген ведомство хабарламасында.ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтыны хабарланды.Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.Сурет: Tengrinews.kz

WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр

Arna Press, 24 апреля 2023 в 15:38

WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр
Мұндай мәлімет Павлодар облысында ақпараттық бюллетень түрінде пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.Тараған ақпаратты облыстық Цифрландыру департаменті жоққа шығарды.«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Семей өңірінде 17 мың гектар егін егу жоспарланып отыр

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Семей өңірінде 17 мың гектар егін егу жоспарланып отыр
Ағымдағы жылы жалпы егіс алаңы 17 350 га құрайды, оған 51 шаруашылық субъектісі қатысады, сондай-ақ үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған алаңға 367 га дәнді дақылдар егу жоспарланған (217 га күздік дақылдар) 3 779,5 га картоп, 1 520,2 га көкөніс және бақша дақылдары, 5 743 га майлы дақылдар отырғызылады.

Жеңіс күнінде әскери парад болмайды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Жеңіс күнінде әскери парад болмайды
2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарда жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады, — деп жазды Zakon.kz сайты.Қорғаныс министрлігі әскери шеру «бюджет үнемдеу негізінде, сондай-ақ басқа мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбағанын түсіндірді.«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қажетті деңгейде ұстау басымдылық болып табылады». Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіСурет: akorda.kz

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды
Жыл басталғалы қазақстандықтарға базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам.2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды.

Қазақстанда дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар?

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Қазақстанда дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар?
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға арналған үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар екенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сәтқалиевтің айтуынша, дизель отынының жалпы қоры 370 мың тоннаға дейін ұлғайған, бұл елдің 21 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Еліміздің кей өңірлерінде 33 градус ыстық болады

Arna Press, 24 апреля 2023 в 12:58

Еліміздің кей өңірлерінде 33 градус ыстық болады
Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады.

Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 02:08

Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды
Бұл жолы көрермен назарына ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош махаббат» поэтикалық драмасы ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бағдат пен Банудың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Бірі — болашақ композитор, бірі — мұғалім. Үлкен қалада бір-бірін тапқан қос ғашықтың шынайы сезімі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Қызылорда облысында бәйгеден ел чемпионаты өтті

Arna Press, 23 апреля 2023 в 23:08

Қызылорда облысында бәйгеден ел чемпионаты өтті
Қызылордада бәйгеден ҚР чемпионатының оңтүстік аймақтық ІІ іріктеу турнирі ұйымдастырылды — деп, хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жарыстың салтанатты ашылуына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысты. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жүйрік жаратып, ат баптау ұлтымыздың рухани болмысына, әдет-ғұрып мәдениеті мен өнердің тұтас бір бөлігіне айналғанын атап өтті.«Соңғы жылдары аймақта ұлттық спорт түрлері бұқаралық сипат алып келеді.

Семейде Ертіске құлап кеткен баланың денесі табылды

Arna Press, 22 апреля 2023 в 21:08

Семейде Ертіске құлап кеткен баланың денесі табылды
Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына құтқару бөлімшелері бірден жіберілген.«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды.

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Arna Press, 22 апреля 2023 в 00:18

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді
Биылдан бастап талапкерлер негізгі ҰБТ кезінде Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің электронды нұсқасын да, қағаз нұсқасын да қолдана алады. Кестелердің қағаз нұсқасы тест тапсырушыларға ҰБТ кезінде таратылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл жаңалықты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесуде айтып, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.«Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі.
Показано 30 новостей из 2 619