Популярные темы

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды

Дата: 10 мая 2024 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен, Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесінің Костице селосындағы бауырластар зиратында жерленген қазақ солдаты Рақымжан Нұрмақсұтовтың есімі бейіт басындағы ескерткіш-тасқа қашалып жазылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың күзінде Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіне Р.Нұрмақсұтовтың туыстары марқұмның жерленген жерін анықытағандары туралы хабарлап, оның есімін бейіт тасына жазуға көмектесу туралы өтініш білдірді.

Елшілік Чехияның Қорғаныс министрлігімен және жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізді. Осының нәтижесінде, марқұм жерленген зираттағы Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш-тақтаға Р.Нұрмақсұтовтың да есімі жазылды.

Рақымжан Нұрмақсұтов 1924 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 13-ші Гвардиялық Ровен атты әскер дивизиясының кіші сержанты, кавалерист. 1945 жылғы 14 сәуірде Костице селосы үшін болған сұрапыл ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Аталған шараны салтанатты түрде ашу рәсіміне ҚР Елшілігінің дипломаттары, жергілікті билік басшылығы, майдангердің туыстары, сондай-ақ Чехиялық қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер қатысып, қазақ жауынгерінің ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етті.

Сурет: Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями