Популярные темы

ақпарат: новости — страница 5

Могулшы Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті

SportInfo, 14 февраля 2026 в 18:06

Могулшы Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында параллельді могул жарысы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті. Үш спортшының ішінде жарыста ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты құттықтады

SportInfo, 14 февраля 2026 в 12:36

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлайды. Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар жекелей сайыста өнер көрсетті

SportInfo, 13 февраля 2026 в 18:36

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар жекелей сайыста өнер көрсетті
Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында кезекті мәрте жарыс жолына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало 10 шақырымдық жеке уақыт бойынша жарыста өнер көрсетті.

Елизавета Безрукова Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль иеленді

SportInfo, 13 февраля 2026 в 18:26

Елизавета Безрукова Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль иеленді
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясы сілтеме жасап хабарлайды. Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты.

Қазақстанда Наурыз мерекесіне байланысты теміржол арқылы сапарлайтын жолаушыларға қосымша поездар мен вагондар қосылады

Arna Press, 13 февраля 2026 в 13:18

Қазақстанда Наурыз мерекесіне байланысты теміржол арқылы сапарлайтын жолаушыларға қосымша поездар мен вагондар қосылады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндерінде жолаушылар ағынының артуына орай 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындап, сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздарға 230-дан астам тіркеме вагон қосады деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасапЖолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Бұл шаралар мереке күндерінде билет алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған делінген хабарламада.Қосымша пойыздардың қозғалысы:• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1«* Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз* Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурызБарлығы: 6 рейс• №204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент«* Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз* Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурызБарлығы: 8 рейс• №205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол«* Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз* Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызБарлығы: 6 рейсБилеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу немесе Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасына жүгіне аласыз.Фото: жасанды интеллект арқылы

Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

SportInfo, 13 февраля 2026 в 12:26

Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысының гимніне арналған конкурсқа қатысу шарттары белгілі болды

Arna Press, 13 февраля 2026 в 12:18

Абай облысының гимніне арналған конкурсқа қатысу шарттары белгілі болды
Ауқымды жоба Абай өңірінің рухани келбетін айшықтап, мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық әуендерді дүниеге әкелуді мақсат етеді деп хабарлайды Arnapress.kz мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Байқау екі бағытта өтеді: «Киелі Абай елі» — өңірдің рухани болмысын ашатын патриоттық ән жазу; «Trend әуен» — мәдени-көпшілік шараларға арналған заманауи лирикалық ән жазу.Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақындар, композиторлар мен әншілер қатыса алады. Өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін ocnt.oblastabay23@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.Қорытынды гала-концерт Семей қаласында өтеді.Жүлде қоры әр бағыт бойынша бір жеңімпазға — 5 000 000 теңге.

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді

SportInfo, 13 февраля 2026 в 07:46

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады. Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды — 6:46.17.

Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз

SportInfo, 13 февраля 2026 в 01:46

Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз
ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. 2026 жылдың 9 маусымында күні тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың «Түркістан Арена» стадионында жүздесеміз.

Бақылау орталығы Семейде қанша камера бар екенін және қандай жағдайларды бақылайтынын айтып өтті

Arna Press, 12 февраля 2026 в 18:18

Бақылау орталығы Семейде қанша камера бар екенін және қандай жағдайларды бақылайтынын айтып өтті
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

SportInfo, 11 февраля 2026 в 21:36

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 15 шақырымдық қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Милана Генёва мен Айша Ракишева бақ сынады.

Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар

SportInfo, 10 февраля 2026 в 22:06

Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы іріктеу кезеңіндегі өнеріне баға берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Еске сала кетейік, отандасымыз бірінші іріктеуде 12-орынға ие болып, финалға тікелей жолдама ала алмады.

2026 жылғы Олимпиада: қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

SportInfo, 10 февраля 2026 в 00:06

2026 жылғы Олимпиада: қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты. Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен — Надежда Морозова.

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

SportInfo, 07 февраля 2026 в 10:26

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионы ашылу салтанатының басты алаңына айналды. Сондай-ақ рәсім Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы алаңдарды да қамтыды.

Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуі мүмкін екенін ескертті

Arna Press, 06 февраля 2026 в 17:28

Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуі мүмкін екенін ескертті
Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың хабарлауынша, алдағы тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді

Arna Press, 06 февраля 2026 в 12:48

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді
2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасапІс-шара қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың әрекетін тоқтатуға бағытталды.Арнайы операция бір мезгілде Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында өтті.Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Семейдегі жаңа көпір қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

Arna Press, 05 февраля 2026 в 13:08

Семейдегі жаңа көпір қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды
Семейдегі жаңа көпірдің аралық құрылысына арналған 9 мың тонна металл конструкция сатып алынып, оның 2,6 мың тоннасы нысанда монтаждалған дейді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Arnapress.kz ресми сұрауында.Семей қаласындағы жаңа көпір былтырғы жылы яғни, 2025 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған еді.

Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

SportInfo, 04 февраля 2026 в 12:06

Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды
4-8 ақпан аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында үстел теннисінен 35-ші Азия кубогы өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың топтағы қарсыластары анықталды. Ерлер, 3-топ. Томокази Харимото (Жапония). Вонг Чун Тин (Қытай Гонконгы).

Абай облысы тумасы Ұлттық «Айбозда» Үздік аудармадан 5 миллион алды

Arna Press, 04 февраля 2026 в 11:08

Абай облысы тумасы Ұлттық
Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жайлы өз әсерімен, жеңісімен Әсем Ережеқызы Аrnapress.kz тілшісіне бөлісті.ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысуымен өткен салтанатты кеш есте қаларлық болды. «Биыл «Айбоз» сыйлығына жеті номинация бойынша 180-ге жуық өтінім түскен.

Қазақстан Ұлттық банкі «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монета шығарады

SportInfo, 03 февраля 2026 в 12:36

Қазақстан Ұлттық банкі «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монета шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монеталарын айналысқа шығарады, Sportinfo.kz хабарлайды. Монеталардың қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады. Коллекциялық монета туралы. Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі.

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда

SportInfo, 02 февраля 2026 в 13:46

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.

Абай облысында интернет-алаяқтықтан 110 миллион теңгеден астам шығын келтірілген

Arna Press, 30 января 2026 в 17:38

Абай облысында интернет-алаяқтықтан 110 миллион теңгеден астам шығын келтірілген
Жыл басынан бері Абай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 68 қылмыс фактісі тіркеліп, азаматтарға келтірілген қаржылық шығын көлемі 110 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Интернет-алаяқтықпен күрес аясында тек қылмыстарды тергеп қана қоймай, алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлуде. Құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті негізде тұрғындармен кездесіп, заманауи алаяқтық схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Arna Press, 29 января 2026 в 11:48

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Орнына Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

«Абай Жастары» бағдарламасы бойынша 30 үміткер өтті

Arna Press, 23 января 2026 в 16:00

«Абай Жастары» бағдарламасы арқылы 30 үміткер пәтер алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында 2022 жылдан бері 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Абай Жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама өңір жастарын әлеуметтік қолдауға және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Мақсутхан мәлімдеді.Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — жастарға арналған жеңілдетілген қаржылық шарттардың ұсынылуы.

Аида Балаева: Балаларды әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесін қарастырып жатыр

Arna Press, 23 января 2026 в 15:59

Аида Балаева: Балаларды әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесін қарастырып жатыр
Балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатқандығын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның сөзінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен БАҚ қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.«Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады.

«Қайрат-Жастар» алғашқы бақылау матчында ҚПЛ клубын жеңді

SportInfo, 23 января 2026 в 15:57

«Қайрат-Жастар» алғашқы бақылау матчында ҚПЛ клубын жеңді
«Қайрат-Жастар» алғашқы бақылау матчында ҚПЛ клубын жеңді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» сілтеме жасап хабарлайды. «Қайрат-Жастар» –«Жетісу» –1:0. Гол: Ермұхаммад Керімхан. 1-тайм: Буч, Ташпулатов, Шен, Кеңесбеков, Нұрғалиев, Дүйсенбек, Махаметжан, Петрик, Төлеухан, Бекболат, Орынбасар.

Қазақстан қыздар құрамасының 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды

SportInfo, 26 декабря 2025 в 12:06

Қазақстан қыздар құрамасының 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды
2026 жылғы 19–25 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары дивизионға шығу жолындағы бәсекеде біздің қыздардың қарсыластары Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия құрамалары болады.

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының матчтар кестесі

SportInfo, 25 декабря 2025 в 09:36

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының матчтар кестесі
2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Бұл турнирде біздің қыздар бірінші дивизионның «Б» тобына жолдама алу үшін бақ сынайды.

Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ

SportInfo, 24 декабря 2025 в 09:16

Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. «Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.
Показано 30 новостей из 381