Семей қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларды мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әдетте жүргізушілерге хаттама толтыратын полицейлер бұл жолы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол жүру ережесі жөнінде кеңес беріп, көлік тізгініндегі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды.