Популярные темы

Астана тұрғыны ақшасын қайтармас үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген

Дата: 28 марта 2023 в 23:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астана тұрғыны ақшасын қайтармас үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген
Стоковые изображения от Depositphotos

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелдің өлімін ұйымдастырған елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы «орындаушымен» мәміле жасасып, оған келіскен 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде ұсынған, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

«Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді», делінген хабарламада.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды.

Жәбірленуші оған ағымдағы жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған.

Өзге деректер тергеу мүддесіне сай жария етілуге жатпайды.

Сурет:Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями