Arna Press,
19 февраля 2024
в 15:38
Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін 13:51 «101» пультіне «Бирюса» сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.«Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды», — делінген хабарламада.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Arna Press,
19 февраля 2024
в 13:18
Каспий жағалауындағы 3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.«Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды.» Маңғыстау облысының прокуратурасыТалдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.«Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы).
Arna Press,
19 февраля 2024
в 12:28
Әріптестермен жұмыс орнында туған күн немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өту салдары айыппұл немесе тіпті әкімшілік қамауға алу болуы мүмкін — егер үстелде алкоголь болса, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны белгілі.
Arna Press,
19 февраля 2024
в 10:58
Аяқ киімді таңбалау мерзімі 2024 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұйрықта былай делінген:Аяқ киім бұйымдарын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын қолдану және сәйкестендіру құралдарымен аяқ киім бұйымдарының таңбалануы, олардың Қазақстан Республикасының аумағында айналысы және айналыстан алынуы туралы ақпаратты тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесіне беру арқылы жүзеге асырылады.Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім бұйымдарының қалдықтарын айналысқа шығаруға және айналыстан алуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын аяқ киім бұйымдарының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 маусымға дейін жүзеге асырылады.Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 маусымға дейін аяқ киім бұйымдарының тұтынушылық қаптамасына немесе аяқ киім бұйымдарының тауарлық жапсырмаларына тауарларды таңбалауға, сәйкестендіру құралдарын қолдануға олар ішкі тұтыну үшін шығару немесе қайта импорттау рәсіміне орналастырылғаннан кейін рұқсат етіледі.«Қағидалар сондай-ақ сәйкестендіру туралы ақпаратты сканерлеу, қолмен енгізу немесе жүктеу арқылы тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесі тауарлардың экспорты туралы ақпаратты беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат – «аяқ киім тауарларының экспорты туралы хабарлама» жаңа тұжырымдамасымен толықтырылды.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 16:18
Көкпекті ауданынан МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 15:08
Бүгін бүкіл Семей жарықсыз қалды, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі.«Белгілі болғандай, сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілері бойынша ажырату салдарынан Семейде тұтынушыларды электрмен жабдықтауға шектеу қойылды. Нәтижесінде Семей қаласында электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды».15 минуттан кейін біртіндеп электрэнергиясы біртіндеп тұтынушыларға беріле басталды.«Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істейді», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.Ажыратудың себептері анықталуда.Оқырмандар жіберген ақпараты бойынша кейбір аудандарда электрэнергиясы әлі қосылған жоқ.
Магнолия,
16 февраля 2024
в 13:48
«Қазақ елінің озып үдеген кезі де,тозып жүдеген кезі де аз емес» деп Елбасы айтқандай, «Мың өліп мың тірілген» қазақ еліміз бүгінде түрлі қиыншылықтарды артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Елді дамыту, әлем елдерімен иық тірестірер дәрежеге жету жолында мемлекет басшысы жыл сайын түрлі жобаларды қолға алып,оның орындалуын жетік қадағалап отырады.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 12:58
2-топтағы мүгедектігі бар әйел өз еркімен жүріп-тұра алмаған. Ол реабилитациядан өту үшін «Алматы-Бангкок» рейсі арқылы Таиландқа ұшқан. Дегенмен әуежайға жеткенде мүгедектер арбасын таппай қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ұшаққа мінер кезде әуежай қызметкерлері оны мүгедек арбасын багажға өткізуге міндеттеген.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 11:18
Жалған «полиция қызметкерлері» ер адамды алдап, ақшасын иемденіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Олар азаматтың жеке деректерін біліп алып, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған.Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған.
Arna Press,
14 февраля 2024
в 12:58
Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді», — делінген хабарламада.Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.Сурет: Tengrinews.kz
Магнолия,
13 февраля 2024
в 16:58
Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі және айнасы болып табылады деп айтсақ та артық емес. Соған байланысты, мемлекеттік қызметкер — мемлекеттің өсуі мен өркендеуі оның еңбегінің нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік дәрежеге жету және сол дәрежеге кір келтірмей ұстап өту — әр азаматтың басты міндеті.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 15:28
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ресми құжатта.Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 13:18
ҰҚК есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осылайша, 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.«Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Tazabek,
13 февраля 2024
в 12:24
Tazabek — Национальный банк внес изменения в нормативные правовые акты по лицензированию небанковских финансово-кредитных организаций. Об этом говорится в постановлении правления регулятора от 7 февраля.Кандидаты на должности председателя и членов правления, главного бухгалтера, руководителей структурных подразделений микрофинансовых организаций должны отвечать следующим требованиям:1) наличие высшего образования;2) наличие стажа работы:а) председатель Правления МФК — не менее 3 (трех) лет стажа в банковской и/или финансовой системе, в том числе на руководящих должностях — не менее 1 (одного) года.Для целей настоящего пункта под руководящей должностью подразумевается должность не ниже руководителя структурного подразделения финансово-кредитной организации и/или компании, деятельность которой подпадает под действие пункта 21 настоящего Положения, и/или организации в сфере регулирования финансовых услуг.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 11:28
Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану ережелерін өзгерту ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 10:18
Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді.Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады.
Arna Press,
12 февраля 2024
в 19:38
Қазақстан медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатайтпақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жақында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиі бола бастады. Денсаулық сақтау министрлігі қызметтегі адамдарға қарсы бұл әрекеттерді мүлдем адамгершілікке жат және заңсыз деп санайды және заң шығару саласының құралдарын қолдана отырып, медициналық персоналды қорғауды күшейтуге ниетті.«Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік борышын орындау барысында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекске жекелеген норманы енгізуге бағытталған түзетулерге қайта бастамашылық жасайтын болады», — делінген министрлік хабарламасында.Ұсынылған нормалар Қылмыстық кодекс олардың кәсіби міндеттерін құрметтеудің маңыздылығын көрсете отырып, медициналық персоналды қорғауды едәуір күшейтуге арналған.«Жақында дайындалған заңнамалық түзетулер құқық қорғау және мүдделі органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобында талқылау үшін ұсынылады».Денсаулық сақтау министрлігіСурет: pixabay
Arna Press,
12 февраля 2024
в 19:38
Қазақстанда жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жол қызметінің жұмысшылары жұмыстан шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтаған.«Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, оның қатысушыларына қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді», — делінген хабарламада.Шымкент көлік прокуратурасы осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстау үшін жол техникасының қажетті санының жоқтығын айғақтаған.«Нәтижесінде, былтырғы 12-15 желтоқсан аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатқан (50-ге жуық автокөлік құралдары жолдарда «тұрып қалды»).Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін прокуратуралармен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсынулар енгізілді».Прокуратураның қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылған.«Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Сонымен қатар, көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 бірлік қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр», — делінген хабарамада.Сурет:gov.kz
Arna Press,
12 февраля 2024
в 15:48
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиын барысында өрттен зардап шеккен саудагерлердің бастамашыл тобы: құжаттарды алу, келісімшарттар жасау, сауда орындарын бөлу және қор құруға қатысты сұрақтарды көтерді.
Arna Press,
12 февраля 2024
в 13:48
Таудан еріген қар суы Зайсанда екі көшеге жайылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Төтенше жағдай бөлімі мен аудандағы коммуналдық сала мамандары бірілесе қимылдап, суды арықтарға бағыттады.Бұл жұмысқа жалпы 50 маман мен 15 техника жұмылдырылды. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ.Ал Қатонқарағайдағы екі ауылдың шеткі көшелерін су басқан кезде мамандар бірден қимылдап, жолын бөгеді.
Arna Press,
12 февраля 2024
в 10:48
Абай облысының Аягөз ауданында жоғалған 8 жасар баланы табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды.
Arna Press,
11 февраля 2024
в 23:18
Аягөзде бүгін таңертең мал жаюға кеткен сегіз жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 18:38
Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді.Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 15:28
Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды. Бұл хабарландыру – фейк.Бұл белгілі алаяқтық схема.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 14:18
ҚМА елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынды.
Arna Press,
09 февраля 2024
в 11:08
Алматы облысында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.
EKaraganda.kz,
09 февраля 2024
в 11:05
По информации пресс-службы АО «НК «Қазақстан темір жолы», в усиленном режиме работают работники путевого хозяйства. Проводится непрерывная очистка магистральных путей. Снегоочистительная техника находится в режиме повышенной готовности.«Последствия экстремального снегопада устраняют специализированные машины.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 20:48
Бүгін өртеніп кеткен «Ақшың» сауда үйінің басшысы Марат Құрманбай, облыс әкімі, ТЖД мен ПД басшылары зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оқиға орын алған кезде елордаға Үкімет жиналысына кеткен облыс басшысы Нұран Ұранхаев бұл жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында екенін бірден айтты.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 19:28
Алматы мен Шымкентте «Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша шаралар қабылдап келеді.Мәселен, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды.7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады.Олар Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып табылады.«Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 15:28
«Қазселденқорғау» ММ мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 8 ақпанда сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының үзілуі салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан «Тау-Самалы» ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерлі лай көшкіні басты.» «Қазселденқорғау» ММ баспасөз қызметіСондай-ақ, тау беткейінің лесс тәрізді саздақтардан (шөгу топырақтары) тұратыны айтылды.Бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен 45-50 градус.«Лай көшкіні Олимпийская көшесіндегі №3А қосалқы құрылыстары бар тұрғын үйді қиратып, жақын жердегі №3 тұрғын үй ішінара зақымданды».