Популярные темы

Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Дата: 28 августа 2024 в 13:18


Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті.

Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде:

Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеден астам сомаға импорт алмастырылады.

Сондай-ақ бұл шаралар жоғары технологиялық өндірістерді құруға, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпал етеді.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями