Arna Press,
02 марта 2026
в 17:28
Семей қаласының полициясы мемлекеттен тұрғын үй алуға көмектесеміз деп уәде етіп, 5 миллион теңге ірі көлемде иемденген алаяқтық дерегін тексеріп жатыр деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департамантіне баспасөзіне сілтеме жасап36 жастағы қала тұрғыны 2025 жылғы тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына ақша аударған.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 13:18
Семей қаласындағы №35 әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Еске сала кетейік, сайтымызға тұрғындар 35 маршурут суық, жеткенше тоңып барамыз деп жазған болатын. Соған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабында: «Аталған бағыт «Авто Транс» ЖШС жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру келісімшартына сәйкес қызмет көрсетеді.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 14:38
Абай облысындағы ЖЭО-3 жылу орталығының орналасуы мен құрылыс мерзімі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін жазғанымыздай жылу беру қазандықтары өңірде ыс пен күйе мәселесіне қатысты шағымдарға жауап алсақ, енді жаңадан салынатын жылу орталығының іске қосылуы осы проблемаларды шешіп, облыс орталығының тұрғындарына тұрақты және сапалы жылу қамтамасыз етіледі.«Ең бастысы, облыс орталығында халықтың барлығы күтіп отырған жылу электр орталығының құрылысы көптеген мәселелерді шешетіні барлығымызға аян.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласы тұрғындарынан, әсіресе жылыту маусымында, аулада және көшеде ыс пен күйенің көбейіп, кейде таза ауада тыныстаудың қиындайтыны туралы шағымдар жиі түседі. Осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz«Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы қазандықтарды аралап шықтық.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 15:48
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 18:08
Семей қаласында маршруттық желіні оңтайландыру және тұрғындардың көптеген өтініштерін ескеру мақсатында 2026 жылғы 23 ақпаннан бастап №21 және №56 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.№21 маршрут бойынша соңғы аялдама «Ұшақтар» шағын ауданынан Қасқабұлақ көшесіне, яғни Семей-Заменка автожолының қиылысына ауыстырылады.Автобустар Борли көшесімен екі бағытта қатынап, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.Ал №56 маршрут «Авиаторлар қалашығы» бағыты бойынша №17 СВА аялдамасынан Усть-Каменогорская көшесі мен 16 линия көшесінің қиылысына дейін бұрынғыдай өзгеріссіз жүреді.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі — Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Жаңасемей ауданының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылдың қараша айында бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп сендіріп, оның сеніміне кірген.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде «Toyota Alphard» пен «Kia» автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап55 жастағы Семей қаласының тұрғыны «Toyota Alphard» автокөлігін басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Kia» автокөлігін соқты.Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде екені анықталды.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 14:38
Бұған дейін сайтымызда жазған, 12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов: «Құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесі өзгеруіне байланысты, сондай-ақ, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы, термешілер Одағының ұйымдастырушы тарабы шешіміне сәйкес кейінге шегерілді.
Arna Press,
10 февраля 2026
в 18:08
Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының тіркелуі туралы нақтылау үшін Arnapress.kz тілшісі Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды білді.Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9 ақпанда 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал, 10 ақпан күні алты жол-көлік оқиғасы орын алған.«Аталған жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Arna Press,
10 февраля 2026
в 11:48
Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформалар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар пайдаланып, сондай-ақ азаматтармен жеке хат алмасу барысында терроризмді насихаттайтын контент жариялаған.Таратылған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтауға бағытталғаны анықталған.«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі – «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған толық тыйым салынғанын еске салды.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
09 февраля 2026
в 12:08
Семей қаласында Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына өтуге байланысты тұрғындар тарапынан қиындықтар туындап отыр. Ата-аналар мен қала тұрғындарының айтуынша, нысанға жаяу жету қолайсыз, бұл әсіресе балалар үшін қауіп төндіреді.Осыған байланысты Arnapress.kz редакциясы Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ресми сұрау жолдаған болатын.Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына жаяу жүргіншілер көпірін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өту сатысында.«Жобаға сәйкес, ұзындығы 51,80 метр, ені 3,50 метр болатын металл жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделген. Өту бөлігінің биіктігі 2,50 метрді құрайды.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
31 января 2026
в 18:28
Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт — терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Спорттық додаға Семей және Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Бородулиха ауданынан келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың жасы 8 бен 50 жас аралығын қамтыды.
Arna Press,
27 января 2026
в 18:28
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:00
Семей қаласында Semey Cup атты жыл сайынғы халықаралық футзал турнирі басталады деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Турнир кәсіби командалар арасында өтеді және футзалды дамытуға, халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.Алғашқы турнирге үш команда қатысады. Олар — «Семей», Қарағандының «Тұлпар» клубы және Ресейдің Иркутск қаласынан келген «ИрАэро» командасы.Турнирдің негізгі мақсаты — кәсіби командалардың спорттық дайындық деңгейін арттыру, клубтар арасында халықаралық бірлік орнатып, тәжірибе алмасу.«Келесі Semey Cup жазғы маусымаралық кезеңде өтеді деп жоспарлануда.
Arna Press,
12 января 2026
в 02:58
Семей қаласының көшелерінде көлік қозғалысы қиындады. Бұған жол бетінің тайғақ болуы себеп. Көлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жол жағдайы апат қаупін арттырып отыр, деп хабарлайды Arnapress тілшісі.Әсіресе таңғы және кешкі уақытта автобус жүргізушілеріне қозғалыс жасау қиынға соғуда.
Arna Press,
12 января 2026
в 02:58
Семей тұрғыны, Arnapress.kz редакциясына хабарласқан оқырманымыздың айтуынша, кеше, яғни 8 қаңтар күні, «Торговый дом» аялдамасынан кешкі сағат 19:05 те 17 немесе 5 маршруттағы автобусты күтіп, үйіне «Северный» аялдамасына жетуге тырысқан. Алайда екі автобус та аялдамаға тоқтамай, өтіп кеткен.Тұрғын 40 минут шамасында келесі маршруттарды күтудің еш нәтижесі болмаған соң, ақыры таксимен үйіне қайтқан.
Arna Press,
18 декабря 2025
в 21:08
Қарағайлы ауданында Северный базар алдындағы жолдың асфальтталмауы тұрғындардың көптен бергі мәселесіне айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Көктем мезгілінде жол саз балшыққа айналып, аяқ алып жүрудің өзі қиынға соқса, қыста жағдай одан сайын күрделене түседі. Қар мен мұз араласқан тайғақ жол жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де айтарлықтай қолайсыздық туғызуда.
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Семейде жаңа автобус түк қалмай өртеніп кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Белгілі болғандай Холодный ключ ауданындағы Текстильная көшесінде, аялдамаға келгенде автобустан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың барлық бөлігін от шарпыған.«ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында өрт 24 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 15:28
Семей қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылы қала бойынша 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған.Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушыларды сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Arna Press,
19 сентября 2025
в 18:38
Семейдің театр актерлері халықаралық фестивальдерде жеңіс тұғырынан көрінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры Ұлытау елінде, Жезқазған сахнасында Жанат Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде өнер көрсетіп, Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» спектаклімен бас жүлде және «Үздік спектакль» номинациясына ие болды.Ал, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Жетісу жерінде, Талдықорған төрінде өткен Қазақ КСР-нің халық әртісі Бекен Римова атындағы «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклімен бас жүлдені жеңіп алды.Бүгін облыс әкімі Берік Уәли халықаралық фестивальде қос бірдей қомақты жүлдеге қол жеткізген театр актерлерімен кездесті.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
15 сентября 2025
в 13:08
14 қыркүйекте Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жол-құрылыс жұмыстары барысында төтенше жағдай орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып, пайда болған шұңқырға көлік жартылай түсіп кеткен. Оқиға кезінде 37 жастағы SHACMAN көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Бүгін Семейде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған.