Популярные темы

Орынов: новости — страница 4

Семейде бойжеткенді қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады

Arna Press, 28 января 2025 в 00:08

Семейде бойжеткенді қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева К.Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.

Семейде жас қызды қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады

Arna Press, 23 января 2025 в 16:18

Семейде жас қызды қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.

Семейде биіктен құлаған ұстаздың мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Arna Press, 09 января 2025 в 21:38

Семейде биіктен құлаған ұстаздың мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңа жылдың алдында қалалық шыршаны безендіруге шақырылып, биіктен құлаған ұстаз ауруханадан үйге шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Басынан ауыр жарақат алып, бір-неше күн жансақтау бөлімінде болған Қуат Айтқалидің бүгінгі жағдайы орташа. Жұбайы Сымбат Тұрғалиеваның айтуынша өздігінен жүріп-тұруы қиын.

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

Arna Press, 06 января 2025 в 15:18

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде.Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда.

2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған

Arna Press, 06 января 2025 в 13:48

2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған.

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды!

Магнолия, 24 декабря 2024 в 12:58

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды!
Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болғандықтан, Қазақстанның барша ұстаздары үшін көптен күткен сәт те келіп жетті. Барлық қатысушылардың ішінде облыстан бес мұғалім жүлделі орындармен (1 -1 орын, 1-2 орын, 3-3 орын) марапатталды. Конкурс жеңімпаздары:. 1. «Медиа-ақпараттық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-сарапшысы, информатика пәнінің мұғалімі Абдуллаева Шолпан Заевна 3 орын;.

Семейде мұғалім қаланың бас шыршасын безендіру кезінде биіктіктен құлады

Arna Press, 23 декабря 2024 в 05:48

Семейде мұғалім қаланың бас шыршасын безендіру кезінде биіктіктен құлады
Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде қала мектептерінің бірінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұндай оқиғаның орын алғаны жайлы, әлеуметтік желілерде ұстаздың достары мен таныстары хабарлады.Жергілікті атқарушы органдар бұл жағдай бойынша әзірге ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған

Arna Press, 18 декабря 2024 в 16:08

Семейдің шет аудандарын дамыту, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қоғамдық көліктердің сапасын арттыру жоспарланған
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.

Семей тұрғыны жолдағы шұңқыр үшін әкімдікті сотқа берді

Arna Press, 05 декабря 2024 в 13:38

Семей тұрғыны жолдағы шұңқыр үшін әкімдікті сотқа берді
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.Семей қалалық соты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жолдағы шұңқырдан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген зиянды өтеуге міндеттеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оқиға жолда пайда болған шұңқырға соқтығысу салдарынан орын алған.

Семейде балалар темір жолы ашылды

Arna Press, 30 ноября 2024 в 18:28

Семейде балалар темір жолы ашылды
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.

Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар.

Магнолия, 28 ноября 2024 в 12:08

Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар.
Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы,жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Әдептілік — адам бойында бірден бола қалмайды.

Полиция Абай облысындағы ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жасады

Arna Press, 27 ноября 2024 в 14:48

Полиция Абай облысындағы ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жасады
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.

Қазақстанның барлық өңірлерінің балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы

Arna Press, 13 ноября 2024 в 19:38

Қазақстанның барлық өңірлерінің  балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.

В Караганде провели конкурс для разработчиков с денежными призами

EKaraganda.kz, 12 ноября 2024 в 15:35

В Караганде провели конкурс для разработчиков с денежными призами
Организатором мероприятия стала местная стартап-экосистема «Терриконовая долина». Разработчикам необходимо было разработать свои проекты для системы поиска и отбора кандидатов на вакансии. Всего в хакатоне приняли участие 80 команд из 230 участников. Конкуренция была напряженной: до финала дошли только 40 команд, каждая из которых представила свои решения членам жюри.

Моңғолиядан келген жолаушылар Аягөзде жолда қалып қалды

Arna Press, 11 ноября 2024 в 15:48

Моңғолиядан келген жолаушылар Аягөзде жолда қалып қалды
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына көмекке келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді» — делінген хабарламада.Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Қиын метеорологиялық жағдайда құқық қорғау қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін ұялатты.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Массовый антинаркотический забег прошёл в Темиртау

EKaraganda.kz, 11 ноября 2024 в 13:45

Массовый антинаркотический забег прошёл в Темиртау
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.

Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болған

Arna Press, 05 ноября 2024 в 17:38

Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болған
Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы орын алды. Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.

Алматылықтарға уақытша электр энергиясының тарифтері төмендетілді

Arna Press, 17 октября 2024 в 16:38

Алматылықтарға уақытша электр энергиясының тарифтері төмендетілді
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалада уақытша өтемдік тариф бекітілгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапВедомствоның 17 қазандағы ақпаратына сүйенсек, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-ының электр энергиясын беру реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2023 жылға арналған тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді талдау қорытындылары бойынша, тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында, жалпы сомасы 534 190,727 мың теңге мөлшеріне уақытша өтемдік тариф бекітті.Осылайша, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-ының тарифтері:Бұған дейін Аягөзде коммуналдық апат орын алып, өңір тұрғындары жылусыз қалғандығы хабарланған болатын.Сурет: unsplash

Абай облысында жол-көлік оқиғасы орын алды

Arna Press, 15 октября 2024 в 17:48

Абай облысында жол-көлік оқиғасы орын алды
Бүгін 15 қазан Бозтаев көшесінде Renо ауыр жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, бұл көліктің жол бөлігінде аударылуына әкеліп соқты.

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Arna Press, 09 октября 2024 в 18:48

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды
Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы Алматы әкімдігі құттықтады деп,-хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Кәмиля Досмалова – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды.

Семейде дәрігерлер сквері ашылды

Arna Press, 08 октября 2024 в 19:18

Семейде дәрігерлер сквері ашылды
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, студенттер, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа сквер — жайлы демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын насихаттайтын кеңістік болмақ.

Талғарда кәмелетке толмаған баланың өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады

Arna Press, 08 октября 2024 в 14:48

Талғарда кәмелетке толмаған баланың өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады
Алматы облысының прокуратурасы Талғарда орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 4 қазанында қалада төбелес болып, оның барысында 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды, тағы екі адам ауыр жарақат алды.«Біз қоғамдық тәртіпсіздікті түсінеміз және олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз, прокуратура бұл кісі өлтіру ісін ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз», — делінген қадағалау органының үндеуінде.Қылмыс жасады деген күдікпен жеті күдікті қамауға алынып, сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.«Біз барлық мән-жайларды анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз, біз барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы барлар үшін жауапкершіліктен жалтару әрекеттеріне жол берілмейтініне сендіргіміз келеді», — деп сендірді прокуратура.Тергеуге көмектесетін кез келген ақпараты бар адамдарды прокуратураға немесе ішкі істер органдарына хабарласуға шақырады.2024 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұл істің тергеуін жеке бақылауына алғанын хабарлады.2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында бір топ жастар арасында ауызша жанжал болып, ол төбелеске ұласқан.

Семейде мотоцикл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті

Arna Press, 03 октября 2024 в 18:28

Семейде мотоцикл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті
Бүгін сағат 08:10-да Семей-Павлодар тасжолы мен Қарағайлы ықшамауданының қиылысында мопед пен автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 жастағы жүргізуші басқарған мопед алдында қозғалып бара жатқан «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Қақтығыстың нәтижесінде мопед өртеніп кетті.

Қазақстанда Жол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді

Arna Press, 02 октября 2024 в 20:58

Қазақстанда Жол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді
Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, Жол қозғалысы ережелері «электромобиль» жаңа тұжырымдамасымен толықтырылды:электр қозғалтқышымен жабдықталған және басқарылатын, өз энергиясын аккумуляторлардан, резервуарлардан немесе отын элементтерінен алатын және тек сыртқы электр энергиясы көзінен зарядталатын автокөлік құралы.Ереже сондай-ақ электрмен жүретін көліктерді электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда зарядтаусыз қоюды көздейтін тармақпен толықтырылды.Сонымен қатар, ережеде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электр көлігін қоюды қоспағанда, тұрғын үй аумағында қозғалтқышы жұмыс істейтін автокөлікті қоюға тыйым салынады.Сонымен қатар, 23 жасқа толған және кемінде үш жыл жүргізуші болып жұмыс істеген тұлғаларға жолаушыларды тасымалдауға арналған және сегізден астам отыратын орыны бар көлік құралдарында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілетіні нақтыланды. жүргізуші орындығына («D» санаты, оның ішінде «D1» санатындағы көлік құралдарын басқару тәжірибесі, кемінде бір жыл).Велосипед жолағындағы қозғалысқа қатысты тармақ өзгерді.

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді

Arna Press, 22 сентября 2024 в 20:48

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді
Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей.

Қазақстандық өнерпаз Лондондағы халықаралық байқауда топ жарды

Arna Press, 18 сентября 2024 в 11:58

Қазақстандық өнерпаз Лондондағы халықаралық байқауда топ жарды
Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «World talent award» Халықаралық байқауында 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасында Қазақстан өкілі үздік шығып, бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық байқаудың жеңімпазы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов болып табылады.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Arna Press, 09 сентября 2024 в 11:58

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, еркін күресші әлем чемпионатында жартылай финалға шығып, ресейлік Мұстафагаджи Малачдибировтен жеңіліп қалды.Нәтижесінде қазақстандық спортшы қола жүлде үшін күресті.

Қазақстандағы қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынбақ

Arna Press, 15 августа 2024 в 12:18

Қазақстандағы қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынбақ
Қазақстандағы қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынбақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.КТК телеарнасының ақпараты бойынша, ЖКО жиі орын алатын аумақ пен уақыт аралығы, сондай-ақ көлік қарқындылығы қай кезеңде басым болатындығы анықталды.«Осыған байланысты 8-ден 11 аралығында және 15-тен 18-ге дейін Самара-Шымкент автожолының 965-ші шақырымы, Қарабұтақ кентінен Ақтөбе қаласына дейін сүйемелдеу ұйымдастырылады».Ақтөбе облысы ПД басқармасының бастығы Айдос ҚұлжановТелеарнаның мәліметінше, тәулігіне Самара – Шымкент тас жолымен 16 мыңнан астам көлік өтеді, бірақ жолдың жай-күйі аса көңіл көншітпейді.

Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Arna Press, 13 августа 2024 в 18:08

Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.
Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей – Өскемен автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 20 жылқының иесін анықтады. Әлеуметтік желі пайдаланушысы роликті жариялап, 2019 жылы осы учаскеде жануардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адамның қаза тапқанын атап өтті.

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды

Arna Press, 13 августа 2024 в 16:48

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды
«Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады. Нәтижелер кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.«Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.» Қарағанды ​​облысының прокуратурасыСонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.Прокуратура мен уәкілетті органдардың үйлестірілген жұмысының арқасында заң бұзушылықтар тоқтатылды. Әкімшілік айыппұл өндірілді, компания орын алған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.Сурет: Zakon.kz
Показано 30 новостей из 189