Arna Press,
03 мая 2024
в 16:08
Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған.Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.Ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр келісім-шарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
03 мая 2024
в 14:18
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:«Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», — деп толықтырды ведомства баспасөз қызметі.Сурет: unsplash
Arna Press,
03 мая 2024
в 14:18
Бұл мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі келтіріп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталған, оның ішінде:«Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде: 49 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары; 36 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факт – діни әдебиет (842 дана); 341 факт – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факт – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы», — делінген хабарламада.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
03 мая 2024
в 10:58
Зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.South China Morning Post газетінің ақпараты бойынша Чжоу Гуйлин Пекин университетінің Заң факультетінің студенті болған. Онда ол Ян Шугуймен кездескен. Білім ордасы қабырғасында басталған қарым-қатынас, оқу бітіргеннен кейін үзіліп қалған.Чжоу өзінің туған қаласында мектеп ашып және оның алғашқы директоры болып, өмірін білімге арнапты.
Arna Press,
02 мая 2024
в 20:38
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сенат кулуарында журналистер ведомствоның вице-министрінен интернетке қатысты проблемалары болған-болмағанын сұрады.«Мен де, сіздер сияқты, байланыстағы проблемаларды байқаймын.
Arna Press,
02 мая 2024
в 19:38
Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық әуежайларда авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жаңа шаралар енгізіледі.
Arna Press,
02 мая 2024
в 18:38
2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық ауылы сапалы интернетке қосылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv телеарнасына сілетме жасап.Жиында осы мәселе қамтылған заң жобасы талқыланған еді. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы тікелей эфирге қосылып түсіндіріп берсін.Бұған дейін цифрландыру мәселесі қаралған заң жобасы мәжіліс депутаттарының сүзгісінен өткен еді.
Arna Press,
02 мая 2024
в 17:38
Қазақстан Энергетика министрлігі 2024 жылдың соңына дейін электр энергиясының тарифтерімен болатын өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясының түпкілікті тарифтерін Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетінін, бұл ретте Энергетика министрлігі тек электр станцияларындағы тарифтерге жауапты екендігін атап өтті.«Біз станциялардағы тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік, сондықтан жақын арада электр станцияларында жыл соңына дейін электр қуатына тарифтің өсуі күтілмейді.
Arna Press,
02 мая 2024
в 13:48
Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады.
Arna Press,
02 мая 2024
в 12:58
Қазақстанда күнбағыс майы арзандады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.
Arna Press,
02 мая 2024
в 12:58
Көмекке барған Абай гарнизонының әскерилері үйлеріне оралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына көмекке барған Абай гарнизонының әскери қызметшілері су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын аяқтады. Жағдайдың тұрақталғанына байланысты Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ден астам жауынгері тұрақты орналасау пунктеріне оралды.Әскери қызметшілерді теміржол бекетінен салтанатты жағдайда әскери бөлім басшылығы мен жұбайлары, туған-туыстары қарсы алды.
Arna Press,
02 мая 2024
в 12:08
Абай облысында жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 5000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы пайдалану орындарының ластану фактілері Семей қаласының ЖБО камераларымен анықталады. Камералардың линзаларына темекі тұқылын жерге лақтырған азаматтар түсті.
Arna Press,
02 мая 2024
в 11:18
Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді.3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады.
EKaraganda.kz,
30 апреля 2024
в 09:55
Что интересного произошло 30 апреляНа всех континентах человечество сегодня отмечает Международный день джаза. Зажигательный, искрометный, потрясающий джаз уже не одно десятилетие волнует людей, неравнодушных к музыке. Генеральной конференцией ЮНЕСКО было решено учредить праздник, посвященный этому музыкальному направлению, так как роль музыки в мире и влияние его огромное.Именно джаз считается символом мира, стирая границы между национальностями и поколениями.В России сегодня свой профессиональный праздник отмечает одна из самых жизненно необходимых служб быстрого реагирования – пожарная охрана.
Arna Press,
29 апреля 2024
в 18:58
Қазақстанда тағы күн суытады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Болжам бойынша, сәуірдің соңғы күні мен мамырдың басында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.«Батыс Ресей облыстарынан соққан антициклонның екпіні солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасының түнде 0+5°С, аяз -1-6°С, күндіз +5°С дейін төмендеуіне әкеледі.
EKaraganda.kz,
29 апреля 2024
в 14:15
О возвращении экологически чистого транспорта в город Темиртау с уверенностью начали говорить в конце марта. Тогда аким города Ораз Таурбеков сообщил, что вопрос восстановления трамвайного сообщения и началом его работы в текущем году уже подтвержден градообразующим предприятием.Второй вопрос – финансирование.
Arna Press,
29 апреля 2024
в 11:48
Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.– Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады.
kapital.kz,
27 апреля 2024
в 09:36
Фото: сайт акимата Карагандинской области В Темиртау возобновят движение трамваев, говорится в сообщении на сайте акимата Карагандинской области. Уже приступили к первому этапу работы, начали менять трамвайные пути от заводоуправления до проспекта Республики.«Предстоит масштабная работа по восстановлению трамвайной инфраструктуры.
Arna Press,
26 апреля 2024
в 13:48
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 2023 – 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласында 6 жоба іске асады деп жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Жоба аясында Семей қаласында 400 орындық Облыстық көпбейінді аурухана, 200 орындық көпбейінді балалар ауруханасы, Облыстық қан орталығы, қаланың оң және сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу жоспарланған.
Arna Press,
25 апреля 2024
в 14:48
Президент 2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» құрылтайында билік халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет.
Arna Press,
25 апреля 2024
в 13:48
Абай облысында Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңесте бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың кешенді жоспарын іске асыру, құқықтарын қорғау, денсаулығының жай-күйі, қосымша білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Arna Press,
25 апреля 2024
в 10:48
Облыста кейінгі тәулікте үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.КТК телеарнасының мәліметінше, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының су басқан аудандарында полиция мен құтқарушылар аумақтарды тексеріп, үйде қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастыруда.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:48
22 сәуірден бастап Абай облысында халықтан қару сатып алу акциясы басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы брифингте Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаров айтты. «Акция аясында азамат ішкі істер органдарының бөлімшелеріне хабарласып, тіркелмеген қаруды тапсыру арқылы ақшалай сыйақы ала алады.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Абай гарнизонының әскери қызметшілері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аттанды, деп хабарлайды Armapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуді жалғастыруда.Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды.Су тасқынына қарсы көмек көрсетуге аттанған әскери қызметшілерге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов нұсқаулық жүргізіп, аталған шараның маңыздылығына тоқталды.«Өздеріңіз білетіндей еліміздің батыс аймақтарында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарулы күштердің әскери қызметшілері де тәулік бойы жұмыстар атқаруда.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді аралаған кезінде өзін қайтадан Димашпен салыстырып, сынға алған оқырмандарына шүйлікті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.Желі қолданушыларының бірі Гүлзира Айдарбекова жариялаған видеоның астына «Димаш келген соң, ұялғаннан келген» деген пікір қалдырып, продюсердің ашуын тудырды.Қайрат Нұртастың анасы Димаш тақырыбын қайта қозғап, салыстыруды доғармайтын жандарға жауап берді.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
1 сәуірдегі көрсеткіш бойынша, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.«»БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 623,6 млрд теңгеге жетті.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында танымал TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз, әртүрлі мазмұндағы контент қаптап тұр, тізімі ұзын-сонар.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін 1942 облыс тұрғыны жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, көлік құралының жүргізушісі, егер ол автокөлік болса, бекітілуі немесе екі-үш доңғалақты көлікте дулыға болуы керек.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжам бойынша, республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп найзағай, жаңбыр күтіледі.«25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Алматыда жасөспірім қызға сексуалдық сипатта зорлық жасады деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.