![Көктайғақ, қар және жаңбыр: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Көктайғақ, қар және жаңбыр: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?](/images/social/10718142.png)
Стоковые изображения от Depositphotos
Синоптиктер Қазақстанда 19, 20, 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап
Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
«Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде — көктайғақ, оңтүстікте — найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі», — делінген хабарламада.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press