Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:18
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда ойын бизнесі, Лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңның ілеспе жобасына түзетулер қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев пленарлық отырыста заң жобаларын талқылау екі жылға жуық уақытқа созылғанын, тек Үкіметтің қорытындысын алуға 1,5 жыл кеткенін атап өтті.Осылайша, депутаттар үйлердің, ғимараттардың, көлік құралдарының қасбеттеріндегі букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасына барынша шектеу қоюды ұсынады.
Магнолия,
18 апреля 2024
в 15:38
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен ӘҚБтК-нің 461 б. 1 б. (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша азамат Н-қа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотпен анықталғандай, азамат Н. алкогольден масаң күйінде наурыз 2024 жылы Тараз қаласы өз үйінде қарындасы С. мазасын алып, жанжал туғызып, дөрекі сөйлеген, осылайша ол 10 наурыз 2024 жылғы ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған.
Магнолия,
18 апреля 2024
в 15:38
Қазақстан Республикасында тiл туралы Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Arna Press,
18 апреля 2024
в 12:18
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда әкімшілік жазаның шектен тыс ауырлығына қатысты қоғам тарапынан айтылған сын салдарынан тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұлды алып тастауды және денсаулыққа зиян келтірмейтін жол-көлік оқиғасы үшін көлік жүрізу құқығынан айыруды қолданбау жоспарланып отыр.Дегенмен, түзетулер жауапкершілікті арттырады:Жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра тізгінге отырып, тәртіп бұзғандар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды.Жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмаған адам, рульге отырып, оның ішінде алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық масаң күйде болғаны үшін жауапқа тартылған адамдар жеті жыл ішінде жүргізу құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберілмейді.Бүгінде олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады.Көлікті мас күйде басқарғаны үшін жазаны жеңілдету жоспарда жоқІшкі істер министрлігі жыл сайын еліміздің жолдарында мас жүргізушілер кінәсінен 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы болып, 100-ге жуық адам қаза тауып, 600-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алуына байланысты мас күйде жүргені үшін жазаны жеңілдету жоспарланбаған деп жауап берді.Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдың жаңа түрін енгізуАйыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланған — ол жылдамдықты сағатына 60 және одан да көп асырғаны үшін жаза түрі.
Akorda.kz (KZ),
15 апреля 2024
в 13:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Магнолия,
28 марта 2024
в 16:38
Бүгінгі таңда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы туралы хабарлама монополияға қарсы әсер ету құралын белсенді қолданады. Яғни, іс жүзінде бұл құрал Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін алдын алу шарасы ретінде қарастырылады.
Arna Press,
27 февраля 2024
в 19:08
Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 12935 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 1048 дерек болған. Сондай-ақ пойызды тоқтату кранын жұлып алудың 10 фактісі тіркелді.Мәселен, 24 ақпанда Ақтөбе облысының Тассай – Шалқар аралығында тоқтату кранын жұлып алуына байланысты Маңғышлақ – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады.
Магнолия,
27 февраля 2024
в 13:08
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Arna Press,
19 февраля 2024
в 12:28
Әріптестермен жұмыс орнында туған күн немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өту салдары айыппұл немесе тіпті әкімшілік қамауға алу болуы мүмкін — егер үстелде алкоголь болса, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны белгілі.
Магнолия,
26 января 2024
в 17:28
Еліміздің Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі Ал құқықтық мемлекеттің мемлекеттік басты сипаты болып табылатын заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жігерлікті талап етеді.
Arna Press,
22 января 2024
в 11:48
Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын.
Arna Press,
16 января 2024
в 19:58
Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.15-26 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, мас күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 20:28
Абай облысының полицейлері республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Он күн бойы тәртіп сақшылары қызметін күшейтілген режимде атқарды. Жедел алдын-алу іс шарасына «Ұлттық ұлан», «Amanat» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар да белсене қатысты.
Arna Press,
04 декабря 2023
в 11:28
Алматы соты құнына жанар-жағармайдың үстеме ақысы кірген билет бағасын көтергені үшін Air Astana әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп жазылған ресми хабарламада. Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.Эйр Астана авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:Сондай-ақ, Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:Сурет: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
20 ноября 2023
в 17:38
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Жұмагелдинге К.З.Омарбеков жұмыс берушінің апта сайынғы жұмыс уақытының белгіленген нормасын сақтамауы, сондай-ақ оған бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде үстеме жұмыс үшін төлемдерді қалпына келтіруге жәрдем көрсету бөлігінде «Теплокоммунэнерго» мекемесі әрекеттеріне шағымданып жүгінді» — деліген хабарламада.Бұл ретте 2023 жылғы 06 қыркүйектен бұрын аталған азамат Абай облысының бақылау басқармасына осындай сұрау салумен жүгінген болатын, алайда өз өтінішінен оң рұқсат алған жоқ.«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес 28.09.2023 жылғы өтініште көрсетілген дәлелдер бойынша Уәкілдің өкілі Д.Е.Жұмагелдин анықталуға жататын мән-жайларды тексеру және қажетті ден қою шараларын қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-не сұрау салуды жолдады» — деп қосты хабарламада.Ұсынылған жауаппен келіспей, жұмыс берушінің өкілдерінің назарына К.З.Омарбековтың қандай да бір кемсітусіз еңбегіне ақы төлеуге, оның ішінде артық жұмыс үшін ақы төлеуге конституциялық құқығының бұзылуы туралы фактілері жеткізілді.Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметін қызметкерлермен еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізуді сұрап, Абай облысының бақылау басқармасына сұрау салды.«Абай облысының бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында «Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ жұмыс берушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 87-бабының 3-бөлігі, 89-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.Тексеру нәтижелері бойынша Абай облысының бақылау басқармасы «Теплокоммунэнерго» МКК-не анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сонымен қатар К.З.Омарбековке үстеме жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу және төлемді кешіктірген кезең үшін өсімпұлды есептеу туралы нұсқамасы берілді», деп қосты еңбек инпекциясындаОсылайша, адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілінің іс-әрекетінің арқасында жұмысшының бұзылған конституциялық құқығы қалпына келтірілді.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
15 ноября 2023
в 11:18
Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі.Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда.Сурет: Tengrinews.kz
EKaraganda.kz,
12 октября 2023
в 13:05
На основании коллективного обращения предпринимателей города Темиртау, Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий по Карагандинской области проведена внеплановая проверка в отношении АО «АрселорМиттал Темиртау».В результате проверки, установлены нарушения со стороны АО «АрселорМиттал Темиртау», в части незаконного отключения предпринимателей от сетей теплоснабжения города Темиртау.ДКРЕМ возбудил административное производство по части 4 статьи 164 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», которое по ходатайству АО «АрселорМиттал Темиртау» было передано на рассмотрение в суд.Постановлением Специализированного суда по административным правонарушениям города Темиртау от 5 октября 2023 года, за допущенные нарушения Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях», АО «АрселорМиттал Темиртау» привлечено к административной ответственности с наложением административного взыскания в виде штрафа в размере 5 520 000 (пять миллионов пятьсот двадцать тысяч) тенге.Данное постановление суда может быть обжаловано в течении десяти суток со дня вручения копии постановления.«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на 5,5 млн.теңге сомаға айыппұл салынды«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде орналасқан.Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеріс нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде бұзушылықтар анықталды.ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді.Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 (бес миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Осы соттың қаулысына қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.