Arna Press,
02 сентября 2026
в 18:18
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Брифингте полиция подполковнигі Ержан Ақбаев айтуынша, 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында облыста «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасына 357 қызметкер жұмылдырылған.Балалардың қараусыз қалуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 167 рейд өткізілді.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
Абай облысында «Назар аударыңыз, балалар!»жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта көшелер мен қоғамдық орындарды тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда, деп хабарлайдв Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Рейд барысында 409 бала ішкі істер органдарына жеткізілді, ал 16 жасөспірім Балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды.Жалпы рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 446 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Абай облысында Ресей Федерациясынан әкелінген карантиндік ағаш материалының еліміз аумағына өткізілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ауыл шаруашылығы минстрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторлары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.Қайталама тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Семей қаласына жеткізілген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалынан (қарағай) қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері табылды.
Arna Press,
05 августа 2026
в 14:38
Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг барысында діни қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz діни басқармаға сілтеме жасап.Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады.
Arna Press,
23 июля 2026
в 18:28
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты бақылау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, акция басталғалы бері бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелерінің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.Анықталған құқық бұзушылықтардың 6800-ден астамы – қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ал 650-ден астамы — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.Барлық құқық бұзушылар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.Полиция департаментінің хабарлауынша, бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, өңірдегі тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Arna Press,
23 июля 2026
в 14:28
Қазақстандық Бауыржан Бақытжанұлы көп әйел алу жөнінде жазбалар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қ азақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Arna Press,
16 июля 2026
в 13:28
Алматыда TikTok әлеуметтік желісіне дипломын жыртып жатқандай бейнеролик жариялаған колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы қаласының ПД сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, тексеру барысында бейнежазбада пайдаланылған заттың диплом мұқабасының көшірмесі екені анықталды.
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2026
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
19 июня 2026
в 21:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
12 июня 2026
в 18:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
11 июня 2026
в 13:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
28 мая 2026
в 18:48
Мәжіліс жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы салаларын реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар ілеспе түзетулер енгізілді. Жаңа заң жобасы жануарлар дүниесін қорғау, оны көбейту және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді.
Arna Press,
28 мая 2026
в 17:38
Абай облысы Полиция департаменті терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz департаменке сілтеме жасап. Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін;ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша — қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін;кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.Фото: ЖИ
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты талаптарды сақтау бақылауы жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzВедомствоның хабарлауынша, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынған.
Arna Press,
25 мая 2026
в 13:18
Алматы қаласында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды Arnspress.kz Polisia.kz.cілтеме жасап.Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Arna Press,
20 мая 2026
в 17:48
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 14:08
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарап, үкімнің заңдылығын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданында шекара қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту жасаған.Сол түні жүргізуші мен оның танысы алкогольдік масаң күйде қызметкердің үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Облыс аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. Оның мақсаты – балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.Алғашқы бес күнде табиғатты қорғау полициясы 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО облыстық сотына сілтеме жасап. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған.Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат Т. қаладағы Қазақстан көшесі, 159/1 мекенжайында орналасқан «Башпай» дүкенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай іс-шара ұйымдастырған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Шымкент қаласында «The Coca-Cola Company» компаниясының ресми өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, «Coca-Cola» брендімен қолдан жасалған контрафактілік өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап. Қала базарларында жүргізілген тексеру барысында ірі көлемде жалған салқындатқыш сусындардың сатылып келгені белгілі болды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компаниялары тарапынан мәліметтерді бұрмалау фактілері анықталғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, авиакомпаниялар авиаотын көлеміне қатысты есептерде нақты емес ақпарат көрсеткен.
Arna Press,
30 марта 2026
в 22:28
Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары тағы да қоқыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін де аталған аудандағы 74-үй ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің дәл аула ортасына қойылуы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызып отырғаны жазылған болатын. Тұрғындар қала әкімі Әділет Қожанбаевпен кездесу барысында да осы мәселе көтерілгенін де жазған едік. Әкім қоқыс контейнерлерін әр үйдің артына көшіру ұсынғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты шаралар қабылданбаған.Күннің жылынуына байланысты жағдай тіпті ушығып отыр.
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Алматыда соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның түсіндіруінше, аталған өзгерістер қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс аясында енгізілген.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.
Akorda.kz (KZ),
11 января 2026
в 15:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
04 октября 2025
в 17:48
Абай облысында қыркүйек-қараша айлары аралығында өтіп жатқан «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 820 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әсет Өтепов мәлімдеді.
Arna Press,
20 августа 2025
в 19:08
Жақында елімізде әскери қызметке шақыру жүйесі цифрландырылып, рәсім толықтай автоматтандырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оның айтуынша, алдағы уақытта әдеттегі қағаз түріндегі шақыру болмайды. Барлық хабарламалар SMS немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі. Егер азамат бұған мән бермесе, мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында шешілмек.«Әскерге шақырылушыларға шақыру туралы хабарламалар SMS-хабарлама немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі.
Магнолия,
03 июня 2025
в 17:18
«Байзақ су» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті бөліміне суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға міндетті болып табылады.