2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).