Arna Press,
14 октября 2024
в 16:38
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
10 октября 2024
в 12:38
Ақмола облысында Сұрған стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Таңертең пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.
Arna Press,
09 октября 2024
в 16:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңірлерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚыркүйекте Enbek.kz электрон еңбек биржасында 136,6 мың бос жұмыс орны орналастырылды, тамыздағымен салыстырғанда 4 пайызға (4,9 мың) артық.
Магнолия,
01 октября 2024
в 15:38
Тіл халықтың жандүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деп қабылдаған жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіп келеміз.
Магнолия,
11 сентября 2024
в 01:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді.
Магнолия,
05 сентября 2024
в 00:28
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.
Akorda.kz (KZ),
02 сентября 2024
в 15:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
02 сентября 2024
в 11:08
2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.Сондай-ақ телеграм арнамыздан мәтін түрінде трансляция жүреді.«Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады», — деп хабарлады Ақорда.Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.Сурет: akorda.kz
Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
2024 жылдың 16 маусымынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгені бәрімізге мәлім. Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған.
Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
Әрбір қазақстандықтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған тарихи күнімен байланысты. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Конституция Республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күшке ие және тікелей қолданылады.
Arna Press,
28 августа 2024
в 13:18
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті.Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде:Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеден астам сомаға импорт алмастырылады.Сондай-ақ бұл шаралар жоғары технологиялық өндірістерді құруға, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпал етеді.Сурет: primeminister.kz
Магнолия,
28 августа 2024
в 00:08
Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді құрметтеу, әрқайсысымыздың парызымыз. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп бекітілген.
Arna Press,
20 августа 2024
в 11:28
Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 20 тамызында Астанада талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысады.Талқылау шеңберінде елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АЭС құрылысына дайындық, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері қозғалады.
Akorda.kz (KZ),
15 августа 2024
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
09 августа 2024
в 00:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Arna Press,
08 августа 2024
в 22:08
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің Бірлескен мәлімдемесі;2. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің қазақ-өзбек екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі шешімі;3. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекіту жөніндегі шешімі.Сонымен қатар Өзбекстан Президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында мынандай құжаттарға қол қойылды:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімінің хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 20 наурыздағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары;5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы хаттама;7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы табиғи монополияларды реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы бәсекелестікті қорғау саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты арасындағы Қазақстан-Өзбекстан сарапшылар кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;11.
Arna Press,
07 августа 2024
в 20:48
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.
Магнолия,
23 июля 2024
в 21:18
Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. «Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады. Сервис жетілдірілуде және сот жүйесінің басты электрондық сервисі ретінде өзге бейнеден көрінуде.
Магнолия,
23 июля 2024
в 21:18
Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.
Arna Press,
11 июля 2024
в 12:28
ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті.
Akorda.kz (KZ),
05 июля 2024
в 23:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
27 июня 2024
в 15:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға білікті көмек көрсету жүйесі құрылуда.
Arna Press,
19 июня 2024
в 19:28
ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 19 маусымда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.Арман Қасенов:1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Магнолия,
19 июня 2024
в 13:28
Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан, болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурсын да аяап жатқан жоқ. Осы елдердің арасында Қазақстанда бар. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берері артықшылықтары көп.
Магнолия,
19 июня 2024
в 13:28
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.
Arna Press,
14 июня 2024
в 18:08
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрінің 11 маусымдағы бұйрығымен 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды.
Arna Press,
13 июня 2024
в 17:48
Премьер-Министр 2024 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабты құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жедел штаб құрамына мыналар кіреді:Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымда күшіне енді.Сурет: primeminister.kz
Arna Press,
07 июня 2024
в 15:58
Қазақстанда монополияға қарсы қызмет 30 жыл бұрын құрылған және өзінің кәсіби мерекесі болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның монополияға қарсы қызметі 2021 жылға дейін ресми күнтізбеде өзінің кәсіби мерекесін өткізбеді. Тек 2021 жылғы 30 наурызда Үкіметтің қаулысымен мереке күндерінің тізіміне өзгерістер енгізілді.
EKaraganda.kz,
05 июня 2024
в 17:35
Цель форума — привлечение внимания к экологическим проблемам промышленных регионов и поиск путей их решения. Организатором выступила Казахстанская Ассоциация ECOJER при поддержке Европейского Союза, через проект «Устойчивые энергетические связи в Центральной Азии (SECCA)», Министерства экологии и природных ресурсов РК и местных исполнительных органов.Программа форума включала в себя несколько различных сессий.
Arna Press,
04 июня 2024
в 18:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық.