Популярные темы

Сурет: новости — страница 3

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізіле ме?

Arna Press, 03 апреля 2024 в 16:08

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізіле ме?
2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр.«Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады», — деп хабарлады ведомство тілшіге.Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.Сурет: Tengrinews.kz

Құрмет ордені Қазақстанның халық қаһармандарының есімімен байланыстырылады

Arna Press, 03 апреля 2024 в 14:38

Құрмет ордені Қазақстанның халық қаһармандарының есімімен байланыстырылады
Құрмет ордені Қазақстанның халық қаһармандарының есімімен байланыстырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан атап өткендей, заң жобасына Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасын орындау мақсатында Парламент депутаттары тобы бастамашы болды.«Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру, жауынгерлеріміздің ерліктері мен естелігін мәңгі қалдыру мақсатында заң жобасында Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелерімен беру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде», — деді Айгүл Құсан.2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық қаһармандарының есімдерін «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелерімен беруді тапсырды.

Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды

Arna Press, 02 апреля 2024 в 13:48

Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды
Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Куәгерлердің – оқиға болған мектеп қызметкерлерінің, кәмелетке толмағандардың өздері, олардың заңды өкілдерінің айғақтарын, сондай-ақ бейнебақылау камерасынан алынған бейнені зерделей келе, сот қыздың тарапынан баланы қорлап, арандату болғаны, салдарынан агрессия туғаны туралы қорытындыға келген.Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған.

Алматы облысының таулы аймағында қар көшкіні түсіп, жолды жауып қалды

Arna Press, 02 апреля 2024 в 12:48

Алматы облысының таулы аймағында қар көшкіні түсіп, жолды жауып қалды
Алматы облысының таулы аймақтарында өздігінен қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеру жүргізу кезінде «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы «Түрген – Батан«ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады. Өздігінен қар көшкінінің көлемі 187,5 м3 құрады.«Өздігінен жауған қар көшкінінің көлемі 187,5 текше метрді құрады. Қар көшкінінің түсу себебі температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры.

Прокурор мен Бишімбаевтың адвокаты сотта сөзге келіп қалды

Arna Press, 01 апреля 2024 в 19:38

Прокурор мен Бишімбаевтың адвокаты сотта сөзге келіп қалды
Прокурор мен Бишімбаевтың адвокаты сотта сөзге келіп қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қуандық Бишімбаев куәлік беру кезінде Салтанат Нүкенова отбасында болған мәселелердің егжей-тегжейін бөліскенін, әкесінің психикалық ауытқуы бар екенін айтқанын жеткізді.

Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды

Arna Press, 01 апреля 2024 в 18:28

Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды
Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуірінде Ақтауда ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік әрекетке дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.«Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды», — деліенген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Халыққа қол ұшын созуға шақырамын»: Тоқаев су тасқынына байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады

Arna Press, 01 апреля 2024 в 16:38

Жиын барысында президент үкіметке тапсырма беріп, кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.«Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет.Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын.

Салтанат Нүкенованың анасы сотта өз эмоциясын ұстай алмады

Arna Press, 01 апреля 2024 в 14:38

Салтанат Нүкенованың анасы сотта өз эмоциясын ұстай алмады
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын ұстай алмады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бишімбаев куәлік бере бастаған кезде марқұмның анасы орнынан тұрып, өз эмоциясын ұстай алмады.«Мен әйелім Салтанатты қасақана, саналы, жоспарлы түрде ерекше қатыгездікпен өлтіру дерегін мойындамаймын...», — деп бастады сөзін Бишімбаев.Осы кезде марқұмның анасы ашуланып кеткен.«Тоқта, қалай ерекше қатыгездікпен (мойындамайсың – еск.)?

Қазақстандық мектептерде оқу жылы аяқталатын күн аталды

Arna Press, 01 апреля 2024 в 11:18

Қазақстандық мектептерде оқу жылы аяқталатын күн аталды
Қазақстандық мектептерде оқу жылы аяқталатын күн аталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Таратылған хабарламада қазақ мектептерінде төртінші тоқсанның басталғаны атап өтілді. Ол 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады.Сондай-ақ төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасы болатыны айтылады.«25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады».Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі2024 жылы Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.Сурет: Zakon.kz

Қазақстанның Еңбек ері, семейлік ұстаз Алма Шукыжанова оқу-ағарту министрімен кездесті

Arna Press, 28 марта 2024 в 19:48

Қазақстанның Еңбек ері, семейлік ұстаз Алма Шукыжанова оқу-ағарту министрімен кездесті
Отандық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихында еңбегі сіңген, есімдері көпшілікке белгілі ұлағатты ұстаздар қатарында Семейлік Алма Шукыжанова да бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті.Қазақстанның Еңбек ері Алма Шукыжанова — облыстың мақтанышы.

Талдықорғандық бұрынғы сүйіктісінің тамағын кесіп жіберген: атышулы іс сотқа жолданды

Arna Press, 28 марта 2024 в 15:38

Талдықорғандық бұрынғы сүйіктісінің тамағын кесіп жіберген: атышулы іс сотқа жолданды
Талдықорғанда қыздың тамағын кесіп жіберген ер адамның ісі сотқа жолданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу (ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі, 9-тармағы және 293-бабы, 3-бөлігі) бойынша С-ның ісі бар», — деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.Еске салайық, былтыр күзде Талдықорғанда болған жантүршігерлік қылмыс қазақстандықтарды елең еткізді.

Абай облысының бірқатар ауылын су басты

Arna Press, 28 марта 2024 в 13:38

Абай облысының бірқатар ауылын су басты
Абай облысының бірқатар ауылын су басты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарма ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде еріген су даладан келіп Үшбиік ауылындағы екі шеткі көше су астында қалды.Барлығы 12 аула аумақтары су астында қалды, оның ішінде 9 пәтерге су кірді.

Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген

Arna Press, 28 марта 2024 в 13:38

Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген
Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.Олардың 400-ге жуығы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 90%-ы бес жасқа толмағандар.Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мұны ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр. Вакцина алмаудың салдары да осы аурудың өршуіне себеп, — дейді.

Аягөз ауданында жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жарияланды

Arna Press, 27 марта 2024 в 14:28

Аягөз ауданында жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жарияланды
Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған.

Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды

Arna Press, 27 марта 2024 в 12:28

Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды
Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, тізілім келесі мемлекеттік қызметтермен толықтырылған:Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетеді.Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.Қазақстанда «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы кеңейтілгені туралы бұған дейін хабарланған болатын.Сурет: gov4c.kz

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан басталады

Arna Press, 26 марта 2024 в 20:38

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан басталады
2024 жылы Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның хабарлауынша, ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады.

Абай облысында инвестиция көлемі артқан

Arna Press, 26 марта 2024 в 17:18

Абай облысында инвестиция көлемі артқан
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшының орынбасары Данияр Бейсембаев облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Өңірлік коммуникация орталығына сілтеме жасап.Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 352,6 млрд. тенге болған.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Arna Press, 26 марта 2024 в 14:18

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.«2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге», — делінген хабарламада.2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 354 мың адам.2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатыны айтылды.Сурет: Tengrinews.kz

Енді азаматтарға онлайн несие биометриялық сәйкестендіруден кейін беріледі

Arna Press, 26 марта 2024 в 13:18

Енді азаматтарға онлайн несие биометриялық сәйкестендіруден кейін беріледі
Енді азаматтарға онлайн несие биометриялық сәйкестендіруден кейін беріледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоба микроқаржы ұйымы (МҚҰ) мен қарыз алушы арасында микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылатыны қарастырылған.Сондай-ақ, клиентті жеке кабинетке тіркеген кезде оның ұялы телефонының нөміріне немесе банк шотының деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін (терминалдар арқылы шағын несие беруді қоспағанда) азаматтан биометриялық деректер талап етіледі.Бұл ретте клиентке банктік шоттың немесе төлем картасының меншік құқығын анықтау мүмкін болмаса, ақша аударылмайды.Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым сатып алынған тауарлар немесе орындалған жұмыстар, қызметтер үшін ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына қарыз алушының өтініші бойынша микрокредитті аудару көзделген. қарыз алушы деректерді өңдеу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.Биометриялық сәйкестендіру клиенттің биометриялық сәйкестендіру кезінде бақылау қозғалыстарының қайталанбайтын тізбектерін орындайтынын тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін бұрмалау үшін статикалық кескінді немесе бейне жазбаны пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, түзетулер клиентті биометриялық сәйкестендіру кезінде алынған деректерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін МҚҰ-ға қойылатын талаптарды белгілейді.Әзірлеушілердің айтуынша, ұсынылып отырған шаралар шағын несиелерді электронды түрде беру кезінде қауіпсіздік талаптарын күшейтеді.Жоба 2024 жылдың 8 сәуіріне дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық заңды тұлғалар порталында орналастырылған.Қазақстанда ерлі-зайыптылардың рұқсатынсыз несие беруге тыйым салғысы келетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.Сурет: freepik

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды

Arna Press, 25 марта 2024 в 15:38

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды
Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қараумен айналысады.Көмек керек болған жағдайда әрбір аймаққа арналған телефон нөмірлерін пайдалануға немесе Instagram-дағы жекесіне жазуға болады.АстанаАсима Бимендина+7 708 166 94 93 bala.ombudsman.astana.kz АлматыДиана Ерлан+7 771 770 51 11diana.yerlanШымкентЖанетта Жазықбаева+7 701 203 41 84zhazykbayeva_zhannetaАлматы облысыАйгүл Есімбекова+7 701 786 18 49childrens.ombudsmanАқмола облысы Асем Асаинова+7 705 519 36 15asainova_asemАқтөбе облысыНұржәмилә Төлеуова+7 778 505 80 48bala_gorgau_aktobe_Абай облысы Эльзира Жүнісова+7 777 21З 75 00elzira_ zhunusovaАтырау облысыАйжан Сәрсембаева+7 701 352 51 35Жамбыл облысыДәурен Бағжанов+7 747 187 76 47daurenbagjanovШығыс Қазақстан облысыАксана Каленова+7 705 661 41 21aksana_kalenovaКарағанды облысыИрина Киселева+7 701 444 39 74bala_qorgau_uakili_krgБатыс Қазақстан облысыЖанат Нұрмағамбетова+7 701 789 95 48Қызылорда облысы Жапырақ Ұзақбаева+7 702 782 57 17zhapyrak_uzakbaeva_73Қостанай облысыНесібелі Басенова+7 701 778 35 35zhso.kstПавлодар облысыНаталья Покидова+7 775 359 34 60natalyapokidova79Солтүстік Қазақстан облысыСәуле Сұрағанова+7 705 320 60 63suraganovasauleТүркістан облысыДинара Егембердиева+7 702 720 17 00dinaraassilЖетісу облысы Райхан Сисекенова+7 701 938 94 96bala.zhetysu.tdkҰлытау облысы Гүлмира Жаппасова+7 776 976 76 00bala_qorgau_uakili_ulytauМаңғыстау облысы Тілектес Болатбаева+7 701 463 33 09amankos_tlektesСурет: Zakon.kz

Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионатта топ жарды

Arna Press, 25 марта 2024 в 14:48

Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионатта топ жарды
Сингапур елінде өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық жарыста Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы чемпион болып елімізге оралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Роботтар ойнында жоғары балл шегі 550 болса, «Ro-Alemi» құрама командасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 540 ұпай жинады.

Абай облысында 2 адам өрттен құтқарылды

Arna Press, 25 марта 2024 в 14:48

Абай облысында 2 адам өрттен құтқарылды
Бүгін сағат 09:55-те Семей қаласында 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, содан кейін үйдің жалпы шатырына көшті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ТЖД күшімен үйді жалға алушы 1977 жылы туған әйел және оның 2009 жылы туған қызы құтқарылып, ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада. Өрттің алдын ала ауданы 120 ш. м.Сағат 10:24-те өрт оқшауланды.

Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды

Arna Press, 25 марта 2024 в 13:18

Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдедіБайқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы — 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты», делінген хабарламда. Өртт сөндіруге Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

«Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі: Темір Жүсіпов пен Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті

Arna Press, 25 марта 2024 в 12:38

Бакуде бокстан «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан атынан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан 48 келідегі Теміртас Жүсіпов турнир қожайыны Турал Сариевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал Сағындық Тоғамбайдың шаршы алаңдағы қозғалысы 48 келінің боксшылары секілді жеңіл, ал соққысының қуаты аса ауыр салмақтың алыптарыныкі секілді жойқын.

Абай облысында 40 мыңға жуық жас домбырашылар «Күй күмбірі» челленджіне қатысты

Arna Press, 21 марта 2024 в 12:48

Абай облысында 40 мыңға жуық жас домбырашылар “Күй күмбірі” челленджіне қатысты
Абай облысында 40 мыңға жуық жас домбырашылар «Күй күмбірі» челленджіне қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т. б. күйлерін орындады.Семей қаласында Т.Аманов атындағы №16 мектептің 2-8 сыныптан құралған 60-қа жуық оқушы «Айжан қыз», «Ерке сылқым» күйлерін домбырада орындада орындаса, Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназияның 1-9 сынып оқушылары «Салкүрең» күйін ойнады.Еліміз бойынша челленджге қатысқан ең кішкентай балақайлар Семей қаласындағы Бақыт шағын орталығының тәрбиеленушілері болды.Домбырашылар челленджі бұл — 2023 жылдан бері Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Наурыз қарсаңындағы ауқымды республикалық акция.Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді

Arna Press, 20 марта 2024 в 20:38

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 20 наурызда өткен баспасөз конференциясында әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздерінде ойналатын музыка тізіміне қазақ күйлерін қосқанын да жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министр алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады.

АҚШ-та қазақ балуаны қайтыс болды

Arna Press, 20 марта 2024 в 11:48

АҚШ-та қазақ балуаны қайтыс болды
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек Америка Құрама Штаттарында қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Еркін күрестен 2014 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден озды. Біз отбасымызбен және достарымызбен қайғырып көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.Жас спортшының АҚШ-та қайтыс болғаны белгілі болды.

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

Arna Press, 19 марта 2024 в 20:18

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды
Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Tengrinews.kz

2024 жылы қанша қазақстандық әскери жиынға шақырылады

Arna Press, 19 марта 2024 в 20:18

2024 жылы қанша қазақстандық әскери жиынға шақырылады
2024 жылы қанша қазақстандық әскери жиынға шақырылатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоба мәтінінде былай делінген:2024 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде 15 күнтізбелік күн мерзімге әскери қызметке 150 адамды әскери дайындықтан өтуге шақыру.Түсіндірме хатта айтылғандай, бұйрық жобасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, оған сәйкес әскери оқуға міндеттілерді әскери қызметке шақыру мақсатында. басқа да әскерлердің әскери даярлық органдарына уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бұйрық шығарады.150 әскери міндетті әскери дайындыққа барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Arna Press, 15 марта 2024 в 20:18

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Президент Ұлттық құрылтайда біз мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындап жатқанымызды еске салды.
Показано 30 новостей из 1 166