
Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде жаңа медициналық-әлеуметтік мекемесінің іргетасы қаланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға сапалы қызмет көрсетілмек. Қазіргі таңда мұндай қызметке облыс бойынша 101 адам кезекте тұр.
Жобаның тапсырыс берушісі Абай облысының құрылыс басқармасы.
Сурет: Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press