Популярные темы

Абай облысының полицейлері өңіраралық топтың әрекетін әшкереледі

Дата: 09 июня 2025 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының полицейлері өңіраралық топтың әрекетін әшкереледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының полицейлері танымал хабарландыру платформасы арқылы интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер жүк көліктерін сату туралы жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарды мәміленің шынайылығына сендіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.

«Алаяқтық жолмен алынған қаражат Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде тіркелген жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларының тұрғындары жапа шекті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 52 миллион теңгеден асты» — делінген хабарламада. 

Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында басты күдіктілер ұсталды. Олардың бірі – Қызылорда облысында туған, ұрланған қаражатты заңдастыру үшін қолданылған ТОО-лардың бірінің жалған директоры ретінде тіркелген 32 жастағы азамат, екіншісі – қаржылық операцияларға қатысы бар Түркістан облысында туған 50 жастағы ер адам. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сондай-ақ, полицейлер олардың сыбайластары – үш азаматты анықтады, оларға қатысты «келу міндеттемесі» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп қосты ПД баспасөз қызметінде.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық схеманың қосымша эпизодтары мен басқа да қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями