Arna Press,
13 мая 2026
в 16:58
Семей қаласында Абай өңірлік дизайнерлер одағының мүшесі, суретші әрі дизайнер Үсен Сәкенұлы Шаяхметов Arnapress.kz тілшісіне сұхбат беріп, өнерге келу жолы, шығармашылық ізденісі мен жастарға берер кеңесі туралы айтты.Үсен Сәкенұлы 1995 жылы 23 сәуірде Аягөз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Абай облысының Үш-Биік ауылында өткен.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Ғашықтар күні қарсаңында интернет-алаяқтықтан сақ болуға үндеді деп хабарлайды Аrnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Мереке алдында көптеген тұрғындар сүйіктісіне ерекше сыйлық іздеп, онлайн саудаға жүгінеді. Дәл осы кезеңде жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы жарнамалар көбейіп, алаяқтар да белсенді әрекет етеді.Ведомствоның мәліметінше, интернет-қылмыскерлер жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды арзан тауарлармен қызықтырып, ақшасын иемденуге тырысады.Осыған байланысты ІІМ келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:• тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алу;• әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерді ашпау;• шектен тыс төмен баға ұсынылса, сақ болу — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;• сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұрау;• бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді талап ету (алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген сурет жібереді);• төлем жасау кезінде ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармау.Сонымен қатар ІІМ өкілдері бөгде адамдарға ешқашан құпиясөзді, SMS арқылы келетін кодты, CVV кодты және банк картасының толық мәліметін бермеуді ескертті.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Семейде жаңа автобус түк қалмай өртеніп кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Белгілі болғандай Холодный ключ ауданындағы Текстильная көшесінде, аялдамаға келгенде автобустан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың барлық бөлігін от шарпыған.«ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында өрт 24 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді.
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдайтын далалық оқу-жаттығуларын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Гарнизонның баспасөз қызметінің хабарлауынша оқу-жаттығу барысында әскерилер жауынгерлік машинадан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.
Arna Press,
06 октября 2025
в 17:18
Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.«Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты.
Arna Press,
06 октября 2025
в 14:28
Абай облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытында бірқатар тексерістер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша есірткі құралдары мен психотроптық заттар сақталатын үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама, фармацевтикалық қызметті және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін 1 әкімшілік хаттама, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет жүргізгені үшін 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Arna Press,
06 октября 2025
в 12:08
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. -Жастар саясаты аясында облысымызда ірі жобалар жүзеге асырылды. «ASK CAMP» республикалық форумы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары, «240 сағат ауылда» жобасы, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени-рухани шаралар жастардың белсенділігін арттырып, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе, экологиялық акцияларға, интеллектуалдық ойындарға және волонтерлік қозғалыстарға жастардың кеңінен қатысқанын атап өтуге тұрарлық, – деді басқарма басшысы.
Arna Press,
04 октября 2025
в 17:48
Абай облысында қыркүйек-қараша айлары аралығында өтіп жатқан «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 820 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әсет Өтепов мәлімдеді.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Омбы–Майқапшағай трассасында адам өлімімен аяқталған жол апаттары болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу.Қарсы жолаққа шығып, тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылғанның салдарынан төрт адам қаза тапты.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденов «Алматы қаласын дамыту орталығы» ұйымының бас директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы оның әріптесі, қоғам белсендісі Бейбіт Әлібеков 4 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жазды.«Бұл — жобалық кеңсе.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Аягөзде 10 төсектік реанимация бөлімшесі салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудандық аурухана 1976 жылы пайдалануға берілген. Медициналық нысан 220 төсек-орындық стационарымен және ауданға қарасты емдеу мекемелерімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 15:28
Семей қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылы қала бойынша 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған.Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 13:28
Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер қалыпты кадрлық ротация, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттарындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.«Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Семей қаласы Шугаев көшесіндегі сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, төрт қабатты сауда орталығының төртінші қабатында орналасқан дәмхана бөлмесінде өрт шықты.«Өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалынның ғимаратқа таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Абай облысының 5 мыңнан астам азаматы жаңа үлгідегі паспорт алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шілде айының ортасынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықталған паспорттарды ала бастады.Бұл өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілді.«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі азаматтардың паспорттары мен азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа қорғаныш элементтерін енгізуді пысықтады.Соның нәтижесінде, Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушыларды сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Arna Press,
22 сентября 2025
в 19:28
Абай облысында қыркүйек айының 15-30 аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Arna Press,
19 сентября 2025
в 18:38
Семейдің театр актерлері халықаралық фестивальдерде жеңіс тұғырынан көрінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры Ұлытау елінде, Жезқазған сахнасында Жанат Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде өнер көрсетіп, Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» спектаклімен бас жүлде және «Үздік спектакль» номинациясына ие болды.Ал, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Жетісу жерінде, Талдықорған төрінде өткен Қазақ КСР-нің халық әртісі Бекен Римова атындағы «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклімен бас жүлдені жеңіп алды.Бүгін облыс әкімі Берік Уәли халықаралық фестивальде қос бірдей қомақты жүлдеге қол жеткізген театр актерлерімен кездесті.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 16:58
24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттарды дүкендерде және қызмет ақысын төлеу кезінде қабылдамайды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және оларды барлық жерде қабылдауға міндетті.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 16:18
Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлескен бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды.
Arna Press,
15 сентября 2025
в 21:18
ҚМА Абай облысы бойынша департаменті балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу барысында анықталғандай, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған.Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға «қатысушы» ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған.Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген.Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді.
Arna Press,
15 сентября 2025
в 13:08
14 қыркүйекте Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жол-құрылыс жұмыстары барысында төтенше жағдай орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып, пайда болған шұңқырға көлік жартылай түсіп кеткен. Оқиға кезінде 37 жастағы SHACMAN көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Бүгін Семейде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 14:48
Облыс әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жобасы талқыланды. Жоба аясында «Таза көмір» технологиясын қолданатын, электр қуаты 360 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал болатын жаңа станция салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, техникалық шарттар алынған.
Arna Press,
08 сентября 2025
в 15:18
Тоқаев елімізде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді , — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес.
Arna Press,
08 сентября 2025
в 15:18
Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ералы Қыстаубай ауыл шаруашылығына арналған ерекше құрылғы жасап шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылғы күн энергиясынан жұмыс істейді. Оның құрамына сорғы, қозғалтқыш, дөңгелек, аккумулятор мен басқару жүйесі кіреді.