Arna Press,
19 июня 2025
в 12:18
Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында салынатын жаңа мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Суықбұлақ бастауыш мектебі 1964 жылы балабақша ретінде салынған. Ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылғандықтан оқушылар екі ауысымда білім алуға мәжбүр.
Arna Press,
13 июня 2025
в 17:18
Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіРесей Федерациясы көші-қон үдерістерін бақылауды күшейту және ел ішіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресейге кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізудің екінші кезеңін іске қосады.
Arna Press,
09 июня 2025
в 21:18
Семейде жаңа медициналық-әлеуметтік мекемесінің іргетасы қаланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты.Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде.
Магнолия,
29 мая 2025
в 15:28
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.
Arna Press,
19 мая 2025
в 14:08
Семейдегі Ұшақтар ауданының маңында медициналық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты. Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген.
Arna Press,
08 мая 2025
в 12:58
Семей қаласының Өтепбаева көшесінде жетінші қабаттағы пәтерде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Матрастың өртенуі нәтижесінде қою түтін пайда болды. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысы дереу барды», — деп хабарлады облыстық ТЖД-де.Өрт сөндірушілер түтін басқан бөлмеден 1967 ж.т. ер адамды алып шықты.
Arna Press,
29 апреля 2025
в 15:08
Абай облысының Ақсуат ауданының аурухананасына қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақсауат ауданда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып жатыр.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 11:38
Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, қатысты.Министр өз сөзінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай инфрақұрылымдардың маңызы зор екенін атап өтті.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 12:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген.
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.
Arna Press,
11 марта 2025
в 11:28
ҚР аумағында адам саудасының құрбандары деп танылған және анықталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмек көрсету мемлекеттік қоры шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемі бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда адам саудасының құрбандары деп танылған және жарияланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мына тізбе бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі:шұғыл медициналық көмек;Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК), оның ішінде:Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі:Адам саудасының құрбандарына қандай көлемде медициналық көмек көрсетіледі:Бұйрық 2025 жылдың 18 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: freepic
Магнолия,
07 марта 2025
в 12:18
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Arna Press,
01 марта 2025
в 20:58
Семейде жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін Семей қаласында Щорса көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі озып бара жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан.Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жай анықталуда.Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде мұқият болуға шақырады.
Arna Press,
14 февраля 2025
в 21:58
Абай ауданының Саржал ауылында дәрігерлік амбулатория мен Орда ауылында медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Саржал ауылында жұмысын бастаған дәрігерлік амбулаторияда емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеті бар. Жаңа медициналық нысан заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған.Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ауыл тұрғындарын құттықтап, медициналық нысандардың заман талабына сай салынғандығын атап өтті.«Мемлекет тарапынан ауылдық аймақтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан белгісіз адамның пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті растады.«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған анықталды.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Магнолия,
12 февраля 2025
в 12:48
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 36-бабының 1 тармағына сәйкес, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады. Өз кезегінде, Салық кодексінің 36-бабының 5-тармағында Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсететіні көзделген. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, сәйкестендіру нөмірі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау кезінде қолданылатынын атап өту керек. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасында Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынғаны көзделген. Қазақстан Республикасы заңнамаларының жоғарыдағы нормаларын ескеріп және шет ел азаматының сәйкестендіру нөмірінің жоғын назарға алып, шет ел азаматы үшін уәкілетті тұлғаның мемлекеттік бажды төлеуі мүмкін емес.
Arna Press,
07 февраля 2025
в 21:08
Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығы фтор-18 изотопына негізделген жаңа 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратын шығарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі медициналық орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.18F-PSMA-1007 — радиофармпрепараты сырқаттың денесіне енгізілгеннен кейін простата тіндерінде жиналады.
Arna Press,
23 января 2025
в 18:38
Абай облысы Полиция департаментінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша мамандандырылған бөлім ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл бөлім тек жаңа құрылым ғана емес, бұл – зардап шеккендерге жедел көмек көрсету, тиімді алдын алу шараларын қабылдау және азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасаудың кепілі.
Arna Press,
10 января 2025
в 15:38
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Arna Press,
09 января 2025
в 20:28
14 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатқа көзін емдеткен. Алайда көптеген адам бұл мүмкіндікті білмейтін көрінеді. Себебі өтініш берушілердің саны тым аз, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv сілтеме жасап.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында төлемдердің қайда жұмсалғаны және қанша адам өтініш бергені жайлы толық ақпарат жарияланды.
Arna Press,
06 января 2025
в 12:28
112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан әйелді тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай Абай облысы Жарма ауданының шаруа қожалықтарының бірінде 1978 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет болған.Ауа-райының нашарлауына байланысты жолды қар басып, жүру қиынға соққандықтан, Семей қаласының жедел құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты.Шақыру орнына аман-есен жеткен құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, оны Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне табыстады.Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Arna Press,
05 января 2025
в 16:48
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Семейде адамдармен суға кеткен көліктің іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп жетті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.«Сағат 09:00-де іздеу тобы қайтыс болған бір адамның денесін тауып, судан алып шықты.
Arna Press,
05 января 2025
в 13:48
Әскери борышын өтеу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті әрі ел тыныштығы мен болашағын қорғаудағы маңызды қадам. Әскер қатарына қосылу – бұл тек қызмет емес, патриоттық сезімді көрсетіп, ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінудің жарқын үлгісі. Осы бағытта еліміздегі жинақтау пункттері маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Күзгі әскерге шақыру: Абай облысындағы жинақтау пункті.
Arna Press,
23 декабря 2024
в 05:48
Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде қала мектептерінің бірінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұндай оқиғаның орын алғаны жайлы, әлеуметтік желілерде ұстаздың достары мен таныстары хабарлады.Жергілікті атқарушы органдар бұл жағдай бойынша әзірге ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.
Arna Press,
20 декабря 2024
в 19:18
Семейде дипломды сату желеуімен алаяқтық әрекет анықталды.49 жастағы жергілікті тұрғын сенімге кіру арқылы 28 жастағы әйелге медициналық колледж дипломын «сатамын» деп уәде еткен. Өзінің бұл өтірігі үшін ол 500 000 теңге алып, оны тез арада жұмсап тастаған.«Жәбірленуші ақшасыз және құжатсыз қалды, ал қаскүнемге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Arna Press,
17 декабря 2024
в 20:08
Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
11 декабря 2024
в 16:58
Бүгін Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 17:38
Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы орын алды. Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.